МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ


Slide 1

МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ОТАНДЫҚ ПРОФЕССОРЫ А. А. ЕРМЕКОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

Дайындаған: ПО-17-1 тобының студенті Қуаныш Ақнұр Асқарқызы

Slide 2

Әлімхан Әбеуұлы Ермеков

Slide 3

Ә. Ермеков Томскінің технологиялық институтын бітіріп жоғары білім алған және жоғары математикадан алғашқы оқулықтың авторы болған қазақтың бірінші математигі еді. Әлімхан Әбеуұлы Ермеков Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Бөріктас елді мекенінде 1891 жылы дүниеге келген.

Ол 1920 жылы Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы В. И. Лениннің қабылдауында болып, кеңейтілген мәжілісте - Қырғыз (Қазақ) өлкесіндегі жағдай, әсіресе, шекара мәселесі туралы мазмұнды баяндама жасаған. Ә. Ермеков өз баяндамасында патшалық билік кезінде жергілікті халық - қазақтардың ең шұрайлы деген жерлерінен айрылғанын, әсіресе Столыпин реформасы кезінде орасан зор зорлық-зомбылықты бастан кешкенін нақты деректермен мәлімдеп береді.

Slide 4

1920 жылдың 26 тамызында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Социалистік Республикасын құру туралы декрет қабылданады, 12 қазанда Орынборда Бүкілқазақстандық кеңестердің бірінші съезі өтеді де, 1921 жылдың сәуірінде партияның Орталық Комитеті мен РСФСР Халық Комиссарлары кеңесінің жоғарыда аттары аталған жерлерді (Коростылев даласын, Семей, Ақмола облыстарын және Каспий жағалауындағы өңірді) Қазақстан құрамына беру туралы қаулысы шығады

Slide 5

Университетте оқып жүргенде-ақ озық ойлы, орыстың белгілі саяхатшысы, Шоқын Уәлихановтың досы Г. Н. Потанинмен, орыс жазушылары В. Я. Шишковпен, В. М. Бахметьевпен, революционер Бауэрмен таныс болды. Олар Әлімханның саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Алашорда басшылары Әлихан Бөкейханов, Халел Ғаббасовтармен пікірлес болды. Қазақ республикасын құру мен оның территориялық шекарасын белгілеуде зор еңбек сіңірген қоғам қайраткері ғана емес, жастарға білім беруге жан-тәнімен берілген ұлағатты ұстаз. 1921 жылы Ермеков туған жері Қарқаралыға келіп екі басқышты мектеп ашады. Қарқаралы - Ұлытау, Баян өлкесінің жастарына өнер-білім алуға ұйытқы болады. Қызыларай өңірінде бастауышмектептер ашты. Бұдан кейін әртүрлі жауапты қызметтерде болады. 1926 жылы Ташкентте тұңғыш қазақ педагогика институты ашылғанда, оған Ә. Ермеков алдырылып, математикадан сабақ бергізген институт ректоры Т. Жүргеновпен дос болады. Олар институтты Алматыға ауыстырады. Ол Қазақ Мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Бұдан кейін де бірнеше оқу орнының ашылуына себін тигізіп, онда математикадан сабақтар береді. 1935 жылы Қызылордадан көлемі 10 баспа табақ “Ұлы математика курсын” бастырып шығарды.

Slide 6 Slide 7

Марат Ескендірұлы, ғалым, мұрағаттанушы:

- Әлімхан Ермеков туралы кезінде «Қазақ» газеті «Технологический институтқа асқан зеректер ғана түседі. Әлімхан білімді, шешен, өткір, халыққа қызмет етуді өзіне парыз санаған жігерлі азамат» деп үкілі үмітпен зор баға берген еді. Ол осы сынға әбден лайықты болды, 1920 жылы 17 тамызда В. И. Лениннің төрағалығымен өткен Халық Комиссарлары Кеңесі мәжілісінде Қазақ автономиясы туралы баяндама жасады, нәтижесінде республикамыздың шекаралық тұтастығын қорғап, отаршыларға тойтарыс бере отырып қалпына келтіріп, заңды құжатпен бекіттірді. Ә. Ермеков сонымен бірге, ұланғайыр жеріміз бен еліміздің ертеңгі иесі білімді жастар екенін түсініп, терең күрес жүргізді, барша ғылымның патшасы саналған математиканы халқымызға жақындатты, сол арқылы ұлттық ой-сананы жаңа кезеңге көтеріп тастады.

Slide 8 Slide 9

Ибатолла Арыстан, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, профессор:

- Математика - қиын пән. Құпиясы терең. Ал Әлімхан ағаның түсіндіруі арқылы оған ынтамыз аса оянды. Бұл ілімнің тарихы, тіпті кейбір теоремалардың қалай пайда болғандығына дейін айтып, сабақтарды қызғылықты ете түсетін. Біз ол кісінің халқының болашағы үшін күресте ауыр жолдан өткенін, ұлттық математиканың негізін қалаушы екенін көп жылдардан соң барып білдік. Қуғын-сүргін зардабымен арпалыса жүріп “Ұлы математика курсы” оқулық кітабын жазғанын тәуелсіздік таңы атқанда ғана естідік. Кітапта жоғары математика элементтері аса қарапайым, жеңіл тілмен түсіндіріледі, автор тілінің айқындығы, теориялық топшылаулары, есептердің шығарылу дәрежесі, келтірген мысалдары үйренушіні баурап алады.

Slide 10 Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ұлы математиктері
Қазақ елінің тұңғыш президенті
АРТҚА БИОЛОГИЯ
МАТЕМАТИКАНЫҢ ТУУЫ
Педагогика ғылымының тарихы
Ғылымдар тізбегі немесе Ғылымдар классификациясы, Алмагеске қосымша кітабы
Қазақстанда ғылымның қандай салалары дамығын
Қазақ Ұлттық Университетінің құрылу тарихы
Фарабидің энциклопедиясы
Математиканы оқытудың пәні. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz