Модульдік оқытудың құрылымы



Дайындаған: Қуаныш Ақнұр
ПО-17-1

Модульдік оқытудың құрылымы
Кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа енгізу)
Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
Қорытынды бөлім (бақылау)

Педагогикада модульмен оқыту идеясының нeгiзiн салушы ғалым АҚШ-тағы Падуа университетінің профессоры С. Н. Постлезвейт оқушының өзіне қолайлы қарқында жұмыс жасауына, нақ өзіне сай оқу тәсілін таңдап алуына мүміндік беруге тырысты. Ең алғаш рет 1969 жылы осылай Падуа университетінде оқу үрдісіне енгізілген миникурстар, кейін АҚШ қолледждері мен университеттеріне тез тарады. Мұнда олардың бірнеше түрі пайда болды: «пакеттегі ұғым», «consent оррасу», «меңгеру пакеті» т. б.

Модульдік интерактивті оқыту технологиясының мақсаты
Тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл, т. б), ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту
Модульдік интерактивті оқыту технологиясының міндеті
Жоғарыда айтылған мақсаттарға бағытталған оқу процесін мұхият құра отырып, оқушылардың білім сапасын едеуір арттыру, білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың жүз пайызға қамтамасыз ету

«Модуль» ұғымы термин ретінде алғаш математика ғылымында пайда болды. Бұл термин латынның modulus (өлшеуіш) сөзінен шыққан. Векторға арнап бұл терминді алғаш рет 1814 жылы Швейцария математигі Жан Роберт Арган қолданған. Көшу модулін алғаш рет енгізген ағылшын математигі Роджер Коутс .

1. Барлық оқу материалын пысықтап, оны оқу бірліктеріне (тұтас тарауға немесе мазмұны бойынша жақын тақырыптар блогіне) бөлу
2. Оқытудың нақты нәтижелері тізбегін құру (яғни, әрбір оқушы нені біліп, үйренуі тиіс)
3. Модуль тақырыбын тұтас баяндаудың оңтайлы формасын ойластыру
4. Тақырыптың негізгі түйінді ұғымдарынан тірек сызба-конспект құрастыру
5. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруге тестілер - диагностикалық (тексеру) және бақылау (қорытынды) жұмыстарын әзірлеу
6. Білім, білік, дағдыларды түзетуге арналған тапсырмалар дайындау
Оқу модулін даярлау технологиясы
І кезең - мұғалімнің модульді даярлауы (кіріспе бөлім)

Оқу модулін даярлау технологиясы
ІІ кезең - мұғалімнің Сөйлеу бөлімін даярлау әрекетінің құрылымы
1. Сөйлеу бөлімінде жұмыс істеу үшін оқу материалының негізгі мазмұнын белгілеу
2. Оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз ететін және алғашында оқу материалын оқып-үйреніп, бекіту, соңынан білік пен дағдылар қалыптастыруға, алынған білімін талдап, топтауға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді формаларын таңдап алу
3. Әр түрлі күрделілік дәрежесіндегі үш деңгейлік тапсырмалар (Блум таксикоманиясында сүйене отырып) және олардың жауап үлгілерін (есептер мен мысалдың шешімін және т. б. ) дайындау
4. Әбір оқушыға немесе топқа арнап үлестірмелі материалдар бастыру (көбейту)

Қазақстанда жоғары оқу орындарында модуль арқылы оқыту мәселесін ғалымдар Г. Қ. Нұрғалиева, Р. Масырова - дидактикалық тұрғыдан, Қ. С. Мусин - салыстырмалы педагогика мәселесі қырынан, ғалым Н. Оралбаева - лингвистикалық тұрғыдан зерттеп қарастыруда. Модульмен оқытуды ғалымдар К. Сариева, М. Жанпейісова, З. Бейсенбаева практикалық тұрғыда өз тәжірибелерінде қолдануда. Аталған еңбекке әр ғалым модуль арқылы оқыту мәселесін өздерінің зерттеу объектісі тұрғысынан әр түрлі қырынан қарастырады .

Оқу модулін даярлау технологиясы
ІІІ кезең қорытынды (бақылау) бөлімі
Оқушылар білімін әділ бағалау және оларда жоғарырақ балл алу мүмкіндігі болуы үшін басқылаудың 2-3 түрін даярлау
Бақылау формалары
Модуль бойынша қорытынды баға шығару

Зерттеу жұмысының объектісі: мектептің білім беру үрдісі.
Зерттеу жұмысының пәні: модульдік оқыту технологиясы арқылы мектеп оқушыларының білім, білік, дағдыларын дамыту.
Зерттеу жұмысының мақсаты: модульдік оқыту біртұтас жүйе ретінде оқыту процесіндегі мектеп оқушылары мен мұғалімнің субъект-субъект қатынасын icкe асыру үшін жағдай жасауды ғылыми тұрғыдан негіздеу және ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибе арқылы тексеру.

Модульдің кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау формалары
1. Визуалдық лекция, мұнда тақырыптың негізгі мазмұны бейнелі түрде-сурет, сұлба, сызбалармен берілген.
2. Лекция - консультация (кеңес), оқу мазмұны оқушылардың сұранысы (сауалдары) бойынша жапсарлас пәндердің материалдарын қоса отырып беріледі.
3. Лекция - өзара сөйлесу, жалпы мазмұн лекция барысында оқушылардың өздері бірнеше сұрақтар тобына жауап таба отырып, қатынас жасауы арқылы беріледі.
4. Проблемалық лекция, мұнда бірнеше қарама-қайшы теориялық тұжырымдамалар ұсынылады.

Модульдік оқыту технологиясы - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Ал «модуль» дегеніміз - іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Модуль - оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.

Сөйлеу бөлімінің ерекшеліктері
Оқыту және оқу
Репродуктивті қайта жаңғыру
Оқытудың белсенді формалары
Дамытушы
Даярлаушы
Топтық, жеке топтық
Жұптық
Ұжымдық

Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.
Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі.
С. И. Ожеговтың пайымдауынша «Модуль дегеніміз - белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі». Ал «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі.
Яғни, модуль - тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы.
Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы.
Оқыту технологиясының біз әзірлеген нұсқасының бір ерекшелігі - оның білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін, яғни жадының алуан түрін (есту, көру, қимыл-қозғалыс және т. б. ), ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілде) дамытуға бағытталуында.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz