Ақуыздан қышқылынан




Презентация қосу
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕДИЦИНА
АКАДЕМИЯСЫ

Биология және биохимия кафедрасы

Тақырыбы: Нуклеопротеиндер және металлопротеиндердің құрылысы
мен функциялары

Орындаған: Ақжол Б.
Тобы: В-ЖМҚБ-03-18
Қабылдаған: Асильбекова Г.К

Шымкент 2019
ЖОСПАР:
Кіріспе
Негізгі бөлім
• Нуклеопротеиндердің құрылысы
• Нуклеопротеиндердің функциясы мен
биологиялық рөлі
• Металлопротеиндердің құрылысы, функциясы
• Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
АҚУЫЗДАР
ӨМІР –
ақуыз денелердің
тіршілік ету формасы

Ф.Энгельс
НУКЛЕОПРОТЕИНДЕР

Нуклеопротеиндер – нуклеин қышқылдарының белоктармен
қосылуынан пайда болатын күрделі құрылымдар. Оның
құрамы жай белоктар мен нуклеин қышқылдарының
қалдығынан тұрады. Нуклеопротеиндердің молекулалық
массасы үлкен болып келеді. Нуклеопротеиндерге
жасушалардың хромосомалары мен рибосомалар жатады.
НУКЛЕОПРОТЕИНДЕР

Нуклеин
Ақуыздан
қышқылынан

Дезоксирибо- Рибонуклео-
нуклеопротеидтер протеидтер
НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛЫ
Бұл – қарапайым құраммен сипатталатын және
нуклеотидтерден, көмірсудан, фосфор қышқылының
қалдығынан тұратын жоғары молекулалық қосылыс.
Нуклеин қышқылдары – биополимерлер, мономері
нуклеотид (қарапайым бірлік) болып саналады.
Нуклеотид:
1) Азоттық негіздің біреуі: А– аденин, Т– тимин (ДНҚ) , У–
урацил (РНҚ) , Ц– цитозин, Г – гуанин
2) Көмірсу – пентоза: ДНҚ –да – дезоксирибоза , РНҚ –да –
рибоза
3) Фосфор қышқылының қалдығы
ДЕЗОКСИРИБОНУКЛЕОПРОТЕИДТЕР

Дезоксирибонуклеопротеидтер(ДН-протеидтер) -
ядро хромосомасының негізін құрайды. Жасушаның
ядросында, митохондрияларында кездеседі.

ДНҚ нуклеотидінің құрамы

Азоттық
негіздер:
Аденин (А) Дезокси- Фосфор
Гуанин (Г) рибоза қышқылының
Цитозин (Ц) қалдығы
Тимин (Т)
РИБОНУКЛЕОПРОТЕИДТЕР
Рибонуклеопротеидтер (РН-протеидтер) -рибосомалар
мен информосомаларды жатқызуға болады.

РНҚ нуклеотидінің құрамы

Азоттық
негіздер:
Аденин (А) Фосфор
Гуанин (Г) Рибоза қышқылының
Цитозин (Ц) қалдығы
Урацил (У):
НУКЛЕОПРОТЕИНДЕРДІҢ
ФУНКЦИЯСЫ
Нуклеопротеиндердің негізгі қызметтері:
1) Генетикалық ақпаратты сақтау және іске асыру;
2) Белоктардың синтезін қамтамасыз ету.
3) Жасушалар мен ұлпалардың барлық
ақуыздарының биосинтезіне қатысады;
4) Ақуыздардың құрылысы мен қасиеттерінің
ерекшеліктерін қамтамасыз етеді;
5)Организм көбейгенде және жасушалар бөлінгенде
тұқым қуалаушылық қасиеттерді береді.
НУКЛЕОПРОТЕИНДЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ РӨЛІ

Олар клетканың құрылымдық элементі ғана емес,
сонымен бірге тірі ағзаларда негізгі қызмет атқарады.
Нуклеопротеиндердің ақуыздық компоненттері
гистондардан, протаминдерден, қышқылдық
альбуминдер мен глобулиндерден тұрады.
Нуклеопротеиндердің құрамында көп мөлшерде фосфор
қышқылдарының қалдығы болуына байланысты, олар
әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді. Нуклеопротеиндер
суда және сілтілік ертіндіде ериді. Нуклеопротеиндердің
молекулалық салмағы миллион немесе миллиард
дальтонға дейін жетеді.
МЕТАЛЛОПРОТЕИНДЕР
Металлопротеидтер – күрделі белок, құрамына жай белок
және металл кіреді. Металдар простетикалық топтың рөлін
атқарады. Атқаратын рөліне байланысты
металлопротеидтердің арасындағы байланыстар берік және
әлсіз болады. Металлопротеидтердің құрамында кіретін
металл топтарына байланысты: құрамында темірі бар
металлопротеидтер, құрамында мыс атомы бар
металлопротеидтер, мырыш атомдары бар
металлопротеидтер және т.б. болып жіктеледі. Олар негізінен
тасымалдаушы және қор жинаушы қызметтер атқарады.
Металлопротеидтер кейбір ферменттер мен витаминдердің
құрамына кіреді.
Өкілдеріне: трансферрин, ферритин, гемосидерин
жатады. Трансферин құрамында темірдің мөлшері 0,13%
3+-валентті темірі бар, тасымалдаушы қызмет атқарады.
Ферритин құрамында темірдің мөлшері 20% -ке дейін
жетеді. Ол организмде темірді бауырда және көк бауырда
қор ретінде жинайды. Гемосидериннің құрамында
темірден басқа нуклеотидтер және көмірсулар бар.
Олардың рөлі анықталмаған. Бұл белок бауыр және көк
бауырдың клеткаларында жиналады. Церрулоплазмин –
бауырда түзіледі, мысты тасымалдайды, оның қоры
ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар, бұл белок
ферменттік (ферроксидазанын) қызмет атқарады.
Құрамындағы Сu-фермент кератиндену процесіне
қатысады.
Құрамында мыс атомы бар белоктар –
карбангидраза СО2 тасымиалдайды;
карбоксипептидаза – гидролаза класына жататын,
полипептидтердің қорытылуына қатысатын белок.
ФЕРРИТИН,ТРАНСФЕРРИН
Ферритин 23% темірден және апоферритин белогынан
құралған пигмент. Ферритин ішектің шырышты
қабығында, бауырда, көкбауырда, сүйек кемігінде
табылады. Организмдегі артық темір осы ферритин
түрінде қорға айналады. Ферритин кадмий сульфаты
әсерінде кристалл түрінде тұнбаға түседі. Оны арнайы
иммуногистохимиялық жолмен де анықтауға болады.
Патологиялық жағдайларда көбейіп кеткен ферритин
қан тамырларын кеңейтіп, қан қысымының өте
төмендеп кетуіне, шок халіне себеп болады.
Гематоидин құрамындатемір болмайды. Ол ескі қан
қүйылу ошақтарының ортасында, қоңыр-сары
кристаллдар түрінде көрінеді. Гематоидин жасуша
ішінде пайда болып, жасуша тірлішігі жойылған соң
сол жерде жиналып қалады. Гематиндер қоңыр-қара
түстегі пигменттер болып, оксигемоглобиннің
гидролизі нәтижесінде пайда болады. Бұларға безгек
пигменті (гемомеланин), тұз қышқылы әсерінде
(гематиндер) және формалин әсерінде пайда болатын
пигменттер кіреді.
ГЕМОСИДЕРИН
Гемосидерин әдетге жылтыр сары түсті, қүрамында темір
бар пигмент. Перле реакциясын (калий феррицианиді мен
түз к^шіқы-лы әсерінде темір феррицианидінің пайда
болуы) қойғанда ол жа-сушаларда, тіндерде көк түсті майда
түйіршектер түрінде көрінеді. Гемосидеринді түзуші
жасушаларды сидеробластар дейді. Қальшты жагдайда
гемосидерин көкбауырда, бауырда, жілік кемігінде, лимфа
бездерінде табылады. Осы агзаларга темір трансферритин
бело-кгары арқылы жеткізіледі. Патология жагдайында
гемосидерин өте көп мөлшерде түзіліп организмде
жиналып қалады, мүны гемоси-дероз дейді.
НУКЛЕОПРОТЕИДТЕР АЛМАСУЫНЫҢ
БҰЗЫЛУЫ
НЕСЕП ҚЫШҚЫЛДЫК ДИАТЕЗ

нуклеопротеидтердің алмасуының бұзылуы
салдарынан несеп қышқылы мен оның тұздарының
қанда көбейіп мүшелер мен өрмелерде шөгуі.
Көбінесе құстарда, әсіресе тауық тектестерде,
сирегірек сүт қоректілерде кездесетін дерт. Бұл
дерт күнделікті азық тым мол, оның құрамында
нәруыз көп болған жағдайда, мысалы, рационда
көк шөппен витаминдік азық жетіспей, құс ұзақ
уақыт жануар тектес азықпен , құнарлы жеммен
азықтандырылғанда байқалады.
НЕСЕП ҚЫШҚЫЛДЫҚ ДИАТЕЗДІҢ
МИКРОСКОПИЯЛЫҚ КӨРІНІСІ
БҮЙРЕКТІҢ НЕСЕП ҚЫШҚЫЛДЫҚ
ИНФАРКТІСІ

(Латын. Infarcire-толтыру), әдетте жаңа туған төлде
кездесетін,оның бүйрегін зақымдайтын дерт. Несеп
түтікшелері ішіне,эпителийіне,мүше стромасына
несеп қышқылының тұздары шөгеді. Тіліп
қарағанда бүйректің үстіңгі қабатында тарам тарам
болып орналасқан ақшыл сары,қызғылт сары тұз
түйіршіктерін,жолақтарын көруге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ

Нуклеопротеиндердің молекулалық салмағы миллион
немесе миллиард дальтонға дейін жетеді.
Нуклеопротеиндер жасушалар мен ұлпалардың барлық
ақуыздарының биосинтезіне қатысады және ақуыздардың
құрылысы мен қасиеттерінің ерекшеліктерін қамтамасыз
етіп, организм көбейгенде және жасушалар бөлінгенде
тұқым қуалаушылық қасиеттерді береді.Ақуыз тірі
организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Олар
организмде әртүрлі маңызды қызмет атқарады: химиялық
реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін
өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Тапбергенов С.О., «Медициналық биохимия», Алматы, 2009ж.
2. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж., «Биологиялық
химия», Алматы, 2011ж.
3. Сейтембетов Т.С., және т.б. «Биохимия сұрақтары мен жауаптары»,
Алматы, 2011ж.
4. П.К.Кенжебеков, «Биологиялық химия», Шымкент, 2005ж.
5. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев,
Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-
қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN
9965-752-06-0
6. Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ
СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959,
Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т.
Дарқанбаев

Ұқсас жұмыстар
Ақуыз қасиеттері
Рибосомаларды кіші тығыз денешіктер түрінде 1955 жылы
РИККЕТСИЯ ХЛАМИДИЯ
Пептидтер
Қарын – ішек жолдарының (гастроинтестинальдық) гормондары
Вирустардың нәсілдік құрылымы.Мутация.Гендік инженерия
Жасуша туралы мәліметтер
Вирустың жіктелуі. Классификациясы
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері, көбею сатылары
АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ АЛДЫН АЛА ТАЗАРТУ
Пәндер