Жеке тұлғаны дамыту, өзіндік тәрбие және әлеуметтендіру: педагогикалық негіздер мен факторлар


Slide 1

Тұлғаны дамыту, әлеуметтендіру және тәрбиелеу

Slide 2

Жоспар:

Педагогикадағы жеке тұлға. Оның даму мен қалыптасуы.

Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен даму үдерісі

Тұлғаны әлеуметтендіру мен жас ұрпаққа әлеуметтік тәрбие беру

Slide 3

Педагогикадағы жеке тұлға. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасуы.

Қоғам бар жерде тәрбие де болады. Тәрбие қоғам қажеттілігіне байланысты. Ол ұрпақтар арасында сабақтастық байланысты қамтамасыз етеді. Аға ұрпақ әруақытта өз білімі мен тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беріп отырады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын, жетілуін қамтамасыз ету болып табылады. Ал бұл міндеттердің табысты шешімін беру жеке адамның дамуы, өркендеуі қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай жағдаяттар ықпал, әсер білумен байланысты.

Slide 4

Жеке тұлға

Психологияда “жеке тұлға” деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: “жеке тұлға” дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

Яғни, адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді. Жеке тұлғалық сапалар өмір барысында қалыптасқандық тан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады.

Жеке тұлғаның ең басты белгісі оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы. Жеке тұлға, сондай ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез, қабілеттілік, мақсат-мүдделер) .

Slide 5

Жеке тұлға

Индивид

Даралық

Slide 6

Индивид - биологиялық тіршілік иесі, барлық адамдар тумысынан индивид болып табылады. Бұл латын сөзі қазақша «жекелік» дегенді білдіреді.

Тұлға - өзіне биологиялық және әлеуметтік қасиеттер мен сапаларды меңгерген адам.

Даралық- бір адамды басқа адамнан ерекше көрсетіп тұратын интеллектуалдық, еріктік, моральдық, әлеуметтік және тағы басқа қасиеттерінің жиынтығы.

Slide 7

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы

Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз - төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске шығарылуы) . Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр

Slide 8

2. Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен даму үдерісі

Өзіндік тəрбие - адамның өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өз ұнамды қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз тұлғалық сапаларын жоюға бағытталған саналы əрі мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері.

Өзіндік тəрбие бірліктері - өзіндік таным, өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік есеп жəне өзіндік қадағалау. Өзіндік тəрбие тəсілдері - өз өзіне бұйрық беру, өзіндік сергектік көтеру, өзіндік қолдап-қуаттау, өзіндік мадақ, өзіндік жаза.

Өзіндік тəрбиеге ынталандырушы жағдай - тек тəрбиешінің тəрбиелік іс-əрекетін ғана емес, сонымен бірге тəрбиеленушінің өз қалауы мен ынта-ықыласын қамтыған дұрыс тəрбие.

Өзіндік тəрбие элементтері мектеп жасына дейінгі балалардың өздерінде де көрініп жатады: олар əзірше өз тұлғалық қасиеттерінің мəнін жете түсіне бермеуі мүмкін, бірақ ненің жақсы, қандай өз əрекеттерінің ересектерге ұнамайтынын сезінеді.

Slide 9

Тұлғаның дамуы туралы теориялар

Биологиялық бағыт өкілдері (З. Фрейд және басқалар) тұлғаны табиғи тірі ағза деп қарастыра отырып, адамның барлық мінез-құлқын туа біткен қажеттіліктері, ұмтылулары және инстинкттері әрекетімен түсіндіреді. Бұл бағыт мәніне сәйкес, адам өзінің табиғи қажеттіліктерін баса отырып, қоғамдық талаптарға бағынуға мәжбүр болады. Өзімен күресті жасыру үшін бетперде киеді немесе табиғи қажеттіліктердің қанағаттанбауын басқа бір іс - әрекет түрімен алмастырады.

Әлеуметтік бағыт өкілдері адам биологиялық түр ретінде пайда болғанымен, өмір сүру барысында әлеуметтік топтар әсерімен біртіндеп әлеуметтік мәнге ие болады деп түсіндіреді. Тұлғаның даму деңгейі төмен болған сайын, биологиялық белгілері басым болады.

Биоәлеуметтік бағыт өкілдері психикалық үдерістерді (түйсік, қабылдау, ойлау және т. б. ) - биологиялық мәнді деп, ал тұлғаның бағыттылығы, қызығушылығы, қабілеттілігін әлеуметтік құбылыс деп қарастырады. Тұлғаны бұлай бөлу оның мінез-құлқын да, дамуын да түсіндіре алмайды.

Қазір қолданылып жүрген көзқарас бойынша, тұлға біртұтас және оның биологиялық жағы әлеуметтік жағынан ажырымайды.

Slide 10

3. Тұлғаны әлеуметтендіру мен жас ұрпаққа әлеуметтік тәрбие беру

Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процессі тек қана адамдардың алуан түрлі бірліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін азаматтың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына, т. б белсенді араласып, оларды терең игеруге, бойына сіңіруге, өңдеуге мәжбүр етеді. Осылардың негізінде тұлғаның ерекшелік қасиеттері одан әрі тереңдей түседі оның әлеуметтік тұрғыдан өзін-өзі тануы, өзінше бағалау қасиеттері қалыптасады.

Slide 11 Slide 12

Тұлғаның әлеуметтену белгілеріне: әлеуметтік бірдейлік (топтық, жалпыадамзаттық), мақсат, стереотиптер, жалпы әлемдік құндылықтар мазмұнының қалыптасуы, өмір сүру образы, тұлғаның адаптациялануы, оның нормалы әдеттегі мінездері.

Тұлғаның әлеуметтенуінің ең негізгі белгілеріне: тәуелсіздігі, сенімділігі, дербестігі, белсенділігі, комплекссіздігі, азаттық деңгейі жатады.


Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі тәрбие үдерісінің ғылыми тұғырлары мен қағидалары
Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі тәрбие үдерісінің ғылыми тұғырлары мен тұлғалық-бағдарлы тәсілдері
Тәрбие теориясы: өзіндік тәрбие, қайта тәрбиелеу және педагогикалық принциптер
Интерактивтік модульдік оқыту технологиясы: жеке тұлғаны дамыту және оқушылар шығармашылығын қалыптастыру
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы этнопедагогикалық аспектілер және мектептік тәрбие бағдарламасының әдістемесі
Тәрбие үдерісінің теориясы мен әдістемесі: мектептегі педагогикалық процесс және тұлғаны қалыптастыру
Оқушылар ұжымының жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі
Тәрбие ұғымы мен мақсаты: тарихи-теориялық және педагогикалық негіздер
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы: теориялық негіздер мен практикалық бағыттар
Психологиядағы жеке тұлғаны зерттеу әдістері мен қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz