Шәкәрім сонда


Slide 1

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Slide 2

Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Slide 3

Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.

Slide 4

Шәкәрімнің өзге елдер әдебиетінің үлгілі шығармаларын қазақшаға аударуы. Шәкәрім Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарын, Пушкин мен Л. Н. Толстойды қастерледі. Әйгілі «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының Физули жырлаған нұсқасын қазақша жырлап берді. Хафиздің бірқатар өлеңдерін, Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын, Толстойдың алты әңгімесін, американ жазушысы Гарриэт Бичер Стоудың «Том ағайдың балағаны» атты романын аударды.

Slide 5

Негізгі 20 дерек:

1. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

2. Кейбір деректерде Шәкәрімнің шын есімі «Шаһкәрім» деп беріледі.

3. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін сабақ пен тәлім алады.

4. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.

5. Жеті жасында әкесі Құдайберді қайтыс болып, жетім қалады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «Қажы марқұм мені «жетім» деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап Абайдың тікелей тәрбиесінде болып, өлең сөзге бейімділігін танытады.

Slide 6

6. 20 жасында елінде болыс болады. 1881 жылы Абайдың ақылымен болыстықты Оспанға өткізеді.

7. 1905 жылы Шәкәрім Меккеге қажылық сапар шекті.

Меккеге аттану үшін төлқұжатқа түскен фотосы

Slide 7

8. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Сол сапарда жинаған мағлұматтар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ хандар шежіресі» кітабын жазады. 9. 1909-1910 жылдары ақын елден жырақтап, оңаша елсізге кетіп, оқу, ойлау, жазумен болған. Ол елсіздегі қорада жалғыз жатады. Бар шаруасын өзі істейді.

Slide 8

Шәкәрімнің Саят қорасының қалдығы. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы.

3 қазан 2011 жыл

Slide 9

10. Домбыра тартып, гармоньда ойнаған. Ән айтып, саятшылық құрған, сурет салып, өмірін ғылымнан өзге осындай өнер түрлеріне арнаған.

Бүркітін қолына қондырған Шәкәрім. 1927 жыл

Slide 10

11. Өзі ән айтумен қатар 14 жасынан бастап ән шығара бастады, түрлі аспаптарда ойнауы былай тұрсын, ағаштан ойып мандалин, қобыз сынды аспаптарды жасады, қолданбалы өнермен шұғылданып, тіпті киім тікті.

12. 73 жасында ақын жазалаушылар атқан оққа ұшырайды. Бұл сұмдық уақиға 1931 жылы 2 қазан күні болған. Шәкәрімнің денесі жапандағы құр құдықта көмусіз отыз жылдай жатады. Кейін ғана, жазалаушы отрядтан аман қалған Ахат деген ұлы, Шәкәрімнің денесін арулап, дұғасын оқып, жерлейді деген дерек бар.

Slide 11

Шәкәрімнің сүйегі 30 жыл жатқан құдыққа қойылған құлпытас. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы.

3 қазан 2011 жыл.

Slide 12

13. «Халық жауы» ретінде айыпталып, бірнеше жыл бойы шығармаларын оқуға тиым салынады. Тек 1988 жылы ғана ақын есімі толық ақталды.

14. Тап сол жылы-ақ (1988 ж. ) қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерткіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды.

Slide 13

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбедіұлы (1858-1931)
Шәкәрімнің әкесі
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛ
Адамзаттың жаһандық мәселелерінің рухани адамгершілік сипаты
Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы
Өлшеу қателерінің теориясы
Адамның жақсы істері
Адамның діни сеніміне құрмет
Адамгершілік бастау неде
Құрылма қатаңдығын анықтайтын факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz