Ерліктің өшпес ізін қалдырған қазақстандық



Ер есімі
ел есінде


1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді. Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты.
1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мың офицер даярлап шығарды. Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады, жұмысшы күші, шикізат, станок жабдықтары сондай кәсіпорындардың пайдасына қайта бөлінді. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Басқалармен қатар Брест қорғанын шекарашылар К. Әбдірахманов В. Лобанов, атқыш К. Иманқұлов, пулеметші Е. Качанов, минометші В. Фурсов, зеңбірекші Ғ. Жұматов және басқа қазақстандықтар қорғады. Қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса мен Севастополь үшін шайқасты. КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды, ол бұқаралық сипат алуы, ұйымшылдығы, өз жоспарларын Кеңес Армиясы қолбасшылығының міндеттеріне бағындырып отырулары арқасында стратегиялық маңыз алды. Оған қазақстандықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Беларуссияда 3000-дай қазақстандық болды. 300-дей қазақстандық қарсыласу қозғалысына қатысты.

Қазақстандық саяси қызметкерлер Г. Акмолинский, Т. Жангельдин, Ж. Саин, Б. Оразбаев және басқалар партизандар мен тұрғын халық арасында үлкен жұмыс жүргізді. Г. Ахмедияров, Қ. Қайсенов, Н. А. Морозов, С. А. Олексенко, С. О. Төлешев, В. И. Шаруда партизан отрядтары мен құрамаларының командирлері болды. Партизандар командирлері А. С. Егоровқа, Н. В. Зебницкийге және Ф. Ф. Озмительтге (өлгеннен кейін) Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97 қазақ. Қазақстандықтардың ішінен бірінші болып, 1941 жылы 22 шілдеде Кеңес Одағының батыры атағы 19-танк дивизиясының командирі генерал-майор К. А. Семенченкоға берілді, ең соңында мұндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Б. Момышұлына берілді, ол 1941 жылы Мәскеу түбіндегі ұрыстарда өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады.

Т. Жангельдин
Ж. Саин
Қ. Қайсенов
Н. А. Морозов
А. С. Егоров
Н. В. Зебнецкий
Ф. Ф. Озмительт

Ерекше ерлік көрсеткен төрт жауынгер: ұшқыш-штурмовиктер Т. Я. Бигелдинов, Л. И. Беда, И. Ф. Павлов және ұшқыш-истребитель С. Д, Луганский Кеңес Одағының батыры атағын екі реттен алды.


Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982) - жазушы, даңқты жауынгер, гвардия полковнигі, панфиловшы, Кеңес Одағының Батыры (1990), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1995) . Мектепті бітірген соң соғысқа дейін мұғалім, ауатком хатшысы, милиция бастығы болып қызмет істеген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-шы атқыштар (8-гвар-диялық) дивизиясы құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі болады. Соғыстың соңғы жылдарында осы гвардиялық дивизияны басқарады. 1950 жылы Кеңес Əскері Бас штабының жанындағы Жоғары əскери академияны бітіріп, əскери академияда сабақ береді жəне тұрақты əскери қызмет атқарады. 1956 жылы демалысқа шығып, өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол еңбектерін қазақ, орыс тілдерінде жазған. Оның «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя», «Төлеген Тоқтаров», «Соғыс психологиясы», «Офицер жазбалары», т. б. туындылары бар. Шығармалары бірнеше рет шет тілдеріне аударылды. Бауыржан Момышұлының есімі ауылдарға, көшелерге, Республикалық əскери балалар мектебіне, т. б. берілген.

Талғат Бигелдинов - Ұлы Отан соғысында екі мəрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық ұшқыштардың бірі. Ол 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысы Ақкөл ауданы Майбалық ауылында дүниеге келеді. Соғыс басталғаннан кейін Саратов, Чкалов қалаларындағы ұшқыштар мектептерінде оқиды. 1943 жылдың ақпанынан майданға жіберіліп, сол жылғы 7 наурызда «Ил-2» шабуылшы ұшағымен жаудың «Мессершмит-109» жойғыш ұшағын атып түсірді. Бұл ерлігі бұрын-соңды кездеспеген оқиға ретінде əлемдік авиация тарихына енді. Соғыс кезінде ол 305 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып шығып, жаудың жүздеген танктерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. Əуе шайқастарында фашистердің 7 ұшағын атып түсірді. Соғыстан кейін əскери-əуе күштерінде қызмет істеді. Бигелдинов «305 рейдов», «Ил-ы атакуют», «Аспандағы айқас» атты естелік кітаптар жазды.

Ерліктің өшпес ізін қалдырған қазақстандық Кеңес Одағы батырларының бірі- Қабылов Төлен. Ол 1917 жылы Алматы облысы Шелек (қазіргі Еңбекшіқазақ) ауданында дүниеге келген. 1942 жылы Қызыл Əскер қатарына шақырылып, Сталинград шайқасына, Дон, Қырым, Украина, Белорусь, Литва жерлерін азат ету ұрыстарына қатысқан. «Қызыл Жұлдыз», 3-дəрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған. 1945 жылы 10 сəуірде Кенигсберг қаласы түбінде Төлен басқарған бөлімше жау танкілеріне қарсы шайқасты. Осы ұрыста Төлен гранатаны кеудесіне қысқан бойы жау танкісінің астына жата қалып, өзімен бірге танкіні жарып жібереді. Осындай ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Молдағұлова Əлия Нұрмұхамедқызы (1924 - 1944) - қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры. Əлия 1924 жылы 20 сəуір күні Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Əубəкір Молдағұловтың қолында тəрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. 1941 жылы Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген. 1942 жылы өз еркімен Қызыл Əскер қатарына алынып, мергендер мектебін үздік бітіріп шығады. 1943 жылдың тамызынан 2-ші Прибалтика майданында 26-шы атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, асқан мергендігімен көзге түседі. Ефрейтор Молдағұлова Новосокольники темір жол бекетінің маңында болған ұрыста жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза табады. Санкт-Петербург, Мəскеу қалаларындағы жəне көптеген облыстардағы ондаған мектептер, көшелер Молдағұлованың есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында жəне туған ауылында ескерткіш орнатылған. Ақтөбе қаласында Молдағұлованың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді. Мəскеудің №891 орта мектебі жанында мұражайы бар.

Тоқтаров Төлеген (1920 - 1942) - Кеңес Одағының Батыры. Ол 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін Лениногор полиметалл комбинатында жұмыс істейді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Төлеген Тоқтаров 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы қатарында болды. 1942 жылы 9 ақпанда Бородино үшін болған ұрыста асқан ерлікпен қаза тапты. Тоқтаров туралы композиторлар Р. Елебаев «Жас қазақ» əнін, А. Жұбанов пен Л. Хамиди «Төлеген Тоқтаров» операсын жазды. Лениногор қаласында оған ескерткіш орнатылды. Алматы, Өскемен қалаларында Төлегеннің есімімен аталған көшелер бар.

Сұлтан Баймағамбетов 1920 жылы Қостанай облысы Əулиекөл ауданы Қояндыағаш ауылында туылған. 1940 жылы əскер қатарына алынып, 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына аттанды. Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілерь бөлімшесінде қызмет етті. Ленинград (қазіргі Санкт- Петербург) түбіндегі ұрыстарда 50-ден астам дұшпанның көзін жойды. Өзі де 4 рет жараланған. 1943 жылы 25 шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып тұншықтырып, ерлікпен қаза тапты. 1944 жылы 21 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының шешімімен Сұлтан Баймағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Доспанова Хиуаз Қайырқызы (1922 - 2008) - қазақтан шыққан алғашқы ұшқыш жауынгер қыз. 1922 жылы Атырау облысына қарасты (бұрынғы Гурьев облысы) Құрманғазы ауданындағы Зормата ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Хиуаз мектепте оқып жүргенінде ұшқыш куəлігін алады. 1940жылы мектепті алтын медальмен бітіріп, Мəскеудегі дəрігерлік институтқа түседі.
Бірінші курсын бітіргеннен кейін өз еркімен майданға кетеді.
Ол əскери ұшақты меңгеруді, жау тылында түнде шабуылға
шығуды, əскери операцияларды қалай бастап, қалай аяқтауды Саратовтағы əскери ұшқыштар
училищесінде оқып үйренеді, өзінің ұстазы саналатын атақты Марина Михайловна
Раскованың мол тəжірибесімен машықтанады. Соғыс жылдары əйгілі 588-ші түнгі бомбалаушы
полкінің құрамында соғысқан. Осы полктің əйел ұшқыштарының батырлығы үшін немістер оларға “Түнгі мыстандар” деген ат қойған.
Хиуаз Наталья Меклина, Раиса Аронова, Александра Хорошилова, Евгения Жигуленко атты əріптестерімен бірге жауынгерлік тапсырмамен 300-ден астам рет аспанға көтеріліп, жаудың төбесіне жасын ойнатқан. Ерлігі үшін Хиуаз Доспанова Қызыл Жұлдыз, Отан соғысының 2 дəрежесі, Қызыл Жалау ордендері жəне көптеген медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін Хиуаз Доспанова қоғамдық, партиялық органдарда қызмет жасады. Жеңістің 60 жылдығында Қазақстан Президентінің Қаулысымен оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Даңқты жерлесіміздің орыс тілінде «Под командованием Расковой», қазақ тілінде «Халқым үшін» деген өзінің жазған кітаптары жарық көрген.

Мəметова Мəншүк (шын есімі - Мəнсия) Жиенғалиқызы (1922 - 1943) - қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры. Мəншүк 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында туылған. Ата-анасынан ерте айырылған Мəншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ə. Мəметовтың тəрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрді. 1942 жылы тамызда Қызыл Əскер қатарына алынып, 21-ші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мəншүк Мəметова ұрыстарда өзінің асқан мергендігімен жəне табанды батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мəметова ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. Туған жерінде оған ескеркіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т. б. қалаларда Мəншүк Мəметованың атында көшелер бар.

Рақымжан Қошқарбаев - Берлинде Рейхстаг қабырғасына алғашқылардың бірі болып жеңіс туын тіккен қаһарман қазақ жауынгері. 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында туылған. 1942 жылы Қызыл Əскер қатарына шақырылып, Фрунзе (қазіргі Бішкек) жаяу əскер училищесін бітірді. 1944 жылдың қазан айынан ол 1-Белорусь майданында взвод командирі болды. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылдың сəуірінен Берлинге шабуыл жасаған кеңес əскерлерінің алдыңғы сапында болып, Рейхстагты алу ұрысында асқан ерлік көрсетті. 30 сəуірде ол жауынгер Г. Булатовпен бірге Рейхстагқа бірінші болып жетіп, оның қабырғасына жалау қадады. Соғыстан кейін елімізге оралып түрлі қызметтер атқарды. «Қызыл Ту», 1-дəрежелі «Отан соғысы» ордендерімен жəне медальдармен марапатталды.

Павлов Иван Фомич 1922 жылы Қостанай облысының Меңдіқара ауданында дүниеге келген. 1942 жылы Чкалов атындағы əскери-əуе ұшқыштары мектебін, 1949 жылы М. В. Фрунзе атындағы Əскери академияны бітірді. 1942 жылдың желтоқсан айынан Ұлы Отан соғысына аттанды. Жауынгерлік ұшу сапарына 200-ден астам рет шығып, өзі жаудың 3 ұшағын қиратты. 1944 жəне 1945 жылдары екі рет Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Соғыстан кейін авиация полкін басқарды. Павлов 1950 жылы қызмет барысында қаза тапты. 2 рет «Ленин» орденімен, т. б. көптеген ордендермен жəне медальдармен марапатталды. Қостанай қаласының орталық алаңына Павловтың қола мүсіні орнатылған.

Луганский Сергей Данилович (1918 - 1977) - Кеңес Одағының Батыры атағын екі мəрте алған қазақстандық ұшқыш. 1918 жылы 10 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Орынбордағы ұшқыштар мектебінде, Мəскеудегі əскери-əуе академиясында білім алған. 1939 - 40 жылдар аралығында кеңес-фин соғысына қатысқан. ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде Луганский ұшу сапарына 390 рет шығып, жаудың 37 ұшағын атып түсірді. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО Қарулы Күштерінің Əскери- əуе күштері саласында əр түрлі жоғарғы басшылық қызметтерде болды.

Өшпес ерлік жасап, Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтардың бірі - əскери ұшқыш Нұркен Əбдіров. Ол 1919 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туылған. 1942 жылы шабуылдаушы ұшқыш Нұркен Əбдіров майданға жіберіледі.
Алғашқы əуе шайқасына 23 қазанда қатысып, екі айға жетер-жетпес уақыт ішінде 16 рет əскери-əуе жорығына араласты, жаудың 12 танкісін, 28 автомашинасын жəне т. б. техникаларын, 50-ге тарта солдаты мен офицерін жойды. 1942 жылы 19 желтоқсанда Ростов облысы Боков ауданындағы Коньков хуторына шоғырланған жаутанкілері мен автомашиналарына жасалған шабуылға қатысты. Шабуыл кезінде Нұркен Əбдіровтің ұшағы отқа оранды. Осыдан кейін ол ұшағын бұрып əкеліп, жау танкілерінің шоғырына соғады. Нұркен Əбдіровке əскери міндетін атқару кезінде көрсеткен мұндай өшпес ерлігі үшін 1943 жылы 31 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


*Соғыс басталмас бұрын әскерге 178 000 қазақстандық жас аттанды (оның 40 6000-і қазақ), соғыс басталған соң 1 366 000 адам майданға алынды, 790 356 адам еңбек әскеріне тартылды. Отанды қорғауға 5183 қыз қатысты.
*Ұрыстың алғашқы сағаттары мен бірінші күндерінде-ақ Қазақстан аумағында әскери бөлмідерді құру басталды. 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, 2 артиллериялық дивизион, 4 минометтік, 3 әуелік полк, 14 бөлім батальоны. 3 кавалериялық дивизия мен 2 атқыштар бригадасы қазақ
ұлтынан құралды.
*Өнеркәсіптік жұмыстарға 670 000 адам тартылды.
*Жазаланған, көшірілген адамдар саны Қазақстанда 1, 5 миллионға жетті.
*Фашистердің алғашқы шапқыншылығы аңызға айналған Брест қамалынан
басталды. Онда 505-ке жуық қазақ болған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz