СӨЙЛЕУ ЖӘНЕ ОЙЛАУ


Slide 1

Қабылдау, ес, ойлау және сөйлеу

Slide 2

Қабылдау

Slide 3

Қабылдау - ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі. Ал түйсік - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі.

Бірақ, қабылдау міндетті түрде түйсіктерге негізделеді. Екеуінің де пайда болуы үшін дүниедегі заттар мен құбылыстар адамның сыртқы сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі керек.

Slide 4

Әр түрлі анализаторлардың шегінде пайда болатын байланыстар. И. М. Сеченов зат пен кеңістікті қабылдауды көру, сипап сезу, кинестезиялық, есту және т. б. түйсіктердің ассоцияциясымен түсіндірді.

Slide 5

Тұтастығы. Бейнелі түрде бөлшек пен бүтіннің ішкі органикалық өзара байланысы. Екі аспектісі: 1. Әр түрлі элементтерді біріктіру. 2. Оның құрамдас элементтерінің сапасынан құрылған бүтінннің тәуелсіздігі.

ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.

Slide 6

Құрылымдылығы қабылдаудың тұтастылығымен тығыз байланысты. Бiз белгiлi бiр обьектiнi жеке элементтермен емес, ал тұтас құрылым ретiнде қабылдаймыз.

Slide 7

Заттылығы

Объект жеке физикалық дене болып кеңістікте және уақытта жекеленуі.

Бұл қасиет фигура мен фонның өзара байланысы кезінде анық көрінеді.

Заттың қасиеті, заттылығы затпен байланыс кезінде пайда болады, ол адамға қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет.

Slide 8

Мағыналылығы. Бұл ерекшелiкте қабылдаудың түйсiктерден негiзгi айырмашылығы жақсы көрiнедi. Обьектiлердiң мазмұнын жақсылап түсiнбейiнше, оларды белгiлi тұжырымдар мен сөз арқылы атамайынша, олар толық қабылданбайды.

Slide 9

Константтылық.

Жағдайдың өзгергеніне қарамастан заттың адекватты қабылдануына мүмкіндік береді.

Біздің қабылдауымыз белгілі бір шектеуде қабылдаудың жағдайына тәуелсіз олардың көлемін, формасын, түрін заттан тыс сақтап қалады.

Slide 10

Қабылдаудағы иллюзия. Түрлi себептерге байланысты шындықтағы обьектiлердi қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан-алуан себептерге байланысты пайда болады.

Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14

Апперцепция. Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжiрибесiнiң мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейдi. Бұл адамға қабылданатын заттар немесе құбылыстар таныс болып, оның бұрыңғы тәжiрибесiнде кездескен болса, онда адам оларды дұрысырақ, тереңiрек қабылдайды.

Апперцепция тұрақты және уақытша болып екi түрге бөлiнедi. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, бiлiмi мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Апперцепция затты түрлi жағынан бағалай алу, адамның оны өзiнше талқылап, өзiнше өз көзқарасын бiлдiре алуы. әртүрлi иллюзиялардың негiзiнде адам жаңсақ пiкiрде болады. Оны уақытша апперцепция дейдi.

Slide 15 Slide 16

Қабылдаудың түрлері

Slide 17

Кеңістікті қабылдау: заттардың формасын, көлемін, тереңдігін және алыстығын, бағытын қабылдау.

Slide 18

Уақытты қабылдау: бұл құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тізбегін бейнелендіру.

Slide 19

Қозғалысты қабылдау: бұл объектінің кеңістіктегі орны мен қалпының өзгерісін бейнелеу.

Обьект қозғалысының параметрлерi: жылдамдық, үдеу және бағыт.

Адам обьекттердiң кеңiстiктегi орын ауыстыруы жөнiндегi мағлұматты екi жолмен алады: орын ауыстыру немесе қозғалысты тiкелей көру, қабылдау арқылы және белгiлi бiр уақытта басқа орында болған обьектiнiң қозғалысы арқылы

Slide 20

ЕС

Slide 21

Ес - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс

Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды

Slide 22

Ойда қалдырылатын не қайта жаңғыртылатын нәрсенің сипатына қарай ес 4-ке бөлінеді

Қозғалыс есі

Образдық ес

Логикалық ес

Эмоциялық ес

Slide 23

СөЙЛЕУ ЖӘНЕ ОЙЛАУ

Slide 24

Сөйлеу

Сөйлеу - адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына сай түрліше құрылады.

Slide 25

Сөйлеу түрлері

Ішкі сөйлеу

Сыртқы сөйлеу:

Жазбаша

Ауызша:

Монолог

Диалог

Slide 26

Ішкі сөйлеу

Ауызша да, әсіресе жазба сөздің дайындығы сөйлеудің іштей, адамның өзінен-өзі, күбірлеп айтып шығуы.

Slide 27

Сыртқы сөйлеу

Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болады. Жазбаша сөйлеуде тілдік қатынас мәтін арқылы жанама болады. Жазба сөйлеудің, ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келеді. Сөйлеудің жазба түрі жазба белгілер (таңбалар) негізінде орындалады. Қазіргі кездегі көп тілдердің дыбыстары әріптермен өрнектеледі.

Slide 28

Жазбаша - естумен қабылданатын тілдік дыбыстардың, көрумен танылатын әріптер мен адамның тілдік әрекеттерінің күрделі байланысынан құралатын процесс.

Ауызша - біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз (сөйлеу) . Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біраз шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін бірі көріп тұрады немесе дауыс жететіндей алшақтықта болуы мүмкін. Осы жағдайларға орай сөйлеудің сипаты өзгеріске түседі.


Ұқсас жұмыстар
Тіл мен ойлау
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілі
Тіл мен сөйлеу
Зейін қою
Аударманың психологиялық ерекшелігі
Кәсіби қазақ тіліндегі психолингвистиканың қысқаша тарихы
Түйсік негізгі заңдылықтары
Тілдің пайда болуы мен дамуы. Сөйлеудің даму теориялары
Таным мен қарым-қатынастың сөйлеу әрекетінің қызметі ретінде
Психолингвистика тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz