Еңбек шартының бір тарабы - жеке адам




Презентация қосу
ТАҚЫРЫП: ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК
ҚҰҚЫҚТАРЫ.

Орындаған: Рүстемова Еркежан
Еңбек ету құқығы азаматтардың негізгі құқықтарына
жатады. Еңбек ету құқы деп еңбекке қабілеті бар
адамның өз еңбегімен өмір сүруге қажетті табыс табу
мүмкіндігін айтады.
«Республика азаматының еңбек етуге құқы бар,ол әрбір адамның дербес өндіруші
ретінде немесе еңбек шарты бойынша өз қалауына, қабілетіне және арнайы
даярлығына сәйкес еркін еңбек етуге мүмкіндік алу құқығын қамтиды...»
(Конституция, 19-бап).

Демек, азаматтар еңбек етуге құқын еңбек шартын жасау және кәсіпкерлік қызметпен
шұғылдану арқылы жүзеге асыра алады. Азаматтардың басым көпшілігі еңбек шарты
арқылы еңбек етеді. Еңбек шартының белгілері:

- еңбекші нақтылы еңбек ұжымының құрамына енеді;

- еңбек шартында көрсетілген қызметті орындайды;

- еңбек ұжымында белгіленген еңбек тәртібіне бағынады;

- еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбек ақыны алады;

- ұжымның әкімшілігі еңбекшіге жұмыс істеуге лайықты жағдай жасайды.
Еңбек шартының бір тарабы – жеке адам. Ол өзінің атынан еңбек шартын
жасайды, өзінің еңбегімен қабылдаған міндетін орындайды. Еңбек ету
қабілеті 16 жастан, ерекше жағдайда 15 жастан қалыптасады. Мектеп,
техникум оқушыларын 14 жастан жұмысқа алуға болады. Ол үшін ата-
аналарының біреуі келісімін беру керек. Оқушылар денсаулығына зиян
келтірмейтін, жеңіл жұмысты сабақтан тыс уақытта атқара алады.

Еңбек шартының екінші тарабы - әкімшілік (мемлекеттік, кооперативтік
ұйым, жеке кәсіпкер).
Еңбекке қабілеті бар азамат өз еркімен еңбек шартын жасауға
құқылы.
Мерзіміне қарай еңбек шартының бірнеше түрі бар:
мерзімі көрсетілмеген еңбек шарты, белгілі мерзімге
жасалған еңбек шарты, белгілі бір жұмысты орындауға
жасалған еңбек шарты. Мерзімі көр-сетілмеген еңбек шартын
еңбекші өз еркімен кез-келген уақытта бұзуға құқылы. Бірақ,
алдын ала өзін жұмысқа (қызметке) алған әкімшілікті ескертіп
қою керек. Әдетте кем дегенде екі ай бұрын ескерту қажет.
Өзара келісім бойынша осы уақыт өтпей-ақ еңбек шартын
бұзуға болады. Уақытша жасалған еңбек шартын мерзімі
өткенше бұзбаған жөн. Мұндай еңбек шарты бес жылға дейінгі
мерзімге жасалуы мүмкін. Ал, белгілі бір жұмыс көлемін
орындау үшін жасалған еңбек шарты ол жұмыс
орындалғаннан кейін күшін жояды.
Соңғы жылдары мерзімді еңбек шартының ерекше түрі пайда
болды. Оны контракт дейді. Еңбек шартының бұл түрі еңбеккердің
жеке басының ерекшелігін еңбек дағдысын ескереді, еңбекті
нәтижесіне қарай бағалап, түрлі көтермелеулер белгілейді, әрбір
еңбек буынының жауаптылығын арттырады.
Жасы толмағандармен еңбек шартын жасаудың ерекшеліктері бар. Олардың
жұмыс уақыты қысқартылған болады да, атқарған жұмысына еңбекақыны
үлкендермен бірдей алады т.с.с.
«Республика азаматтарының ереуіл жасауға құқы бар» (Конституция, 20 бап).

Азаматтардың тынығуға құқы бар. Тынығу уақытын еңбек заңдары жан-жақты реттейді.
Тынығу уақыты деп жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек міндеттерінен босатылып, өз
ұйғаруымен пайдаланылатын уақытты айтады. Бірнеше түрі бар:
1. Жұмыс күніндегі үзіліс. Бұл үзіліс екі сағаттан артпау керек. Ол түскі ауқаттануға беріледі.
Үзіліс жұмыс басталғаннан кейін төрт сағаттан соң беріледі. Емізулі баласы бар әйелге әрбір үш
сағатта, кемінде жарты сағаттан үзіліс беріледі. Бұл үзіліс жұмыс уақытына есептеліп, төленеді.
2. Жұмыста күнаралық үзіліс. Бұл үзіліс жұмыстан соң басталып келесі жұмыс күні
басталғанға дейін созылады.
3. Апта сайынғы үзіліссіз демалыс. Жалпыға бірдей демалыс күні – жексенбі. Бес күндік
жұмыс аптасы бар жерде қосымша демалыс – сенбі.
Апталық жұмыс уақытының ұзақтығы 42 сағаттан аспау керек. Әрине, үздіксіз өндірістің
(заводтар, фабрикалар, ауыл шаруашылығы) ерекшелігі бар.
4. Демалыс күндері еңбекшілерді жұмысқа тартуға болмайды. Тек заңда көрсетілген
жағдайларда жекелеген еңбекшілерді демалыс күні жұмысқа шақыруға болады:
1) егер әлеуметтік немесе табиғи, өндірістік апаттың алдын алу немесе салдарын жою қажет болса;
2) егер сәтсіз жағдайлардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу қажет болса;
3) кейінгі қалдыруға болмайтын жұмысты істеуге тура келсе.

Демалыс күні жұмыс істегені үшін еңбекшіге басқа күні демалыс берілуі керек.
5. Жыл сайынғы демалыстан ұзақтығығы кем дегенде 15 жұмыс күні болады. Әр салада
жұмыс істейтін еңбекшілердің жыл сайынғы демалыс күндері әр түрлі. Мысалы, мұғалімдердің
демалысы 48 жұмыс күні.

Ұқсас жұмыстар
Мердігерлік шарты
Жук тасымалдау
Әуе тасымалдауы
Сынақ мерзімі
Қызметкердің атқаратын жұмыстары, қосымша атқаратын жұмыстары
Еңбек шарты
ЕҢБЕК ШАРТЫНЫҢ ЕСЕБІНЕН ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕРДІҢ ТУЫНДАУЫ
Еңбек құқығының принциптері
Еңбек қатынастарын реттеу құжаттары: Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы Еңбек келісім шартының түрлері Лауазымдық нұсқаулық
Еңбек ұжымының келісімдері
Пәндер