Жылқы тұмауы: этиологиясы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары


Slide 1

Жылқы тұмауының қоздырушысы

Slide 2

Жылқы тұмауы-(Grippus eguorum) тыныс ағзаларының зақымдануымен және дененің оқтын-оқтын қызынуымен ерекшеленетін, жіті өтетін, аса жұғымтал ауру.

Slide 3

Этиология. Қоздырушысы ортамиксовирустар туыстастығының инфлуэнцавирус тұқымдастығына жатады. Вириондардың фрагменттерге бөлініп липопротеин қабығымен оралған екі спиральді РНҚ-дан тұрады. Электрондық микроскопта дөңгелек немесе жіпше тәрізді бөлшек түрінде көрінеді. Жеке вирионы жеті құрылымдық бөліктердентұрады, оның үшеуі белок (нуклеокапсид белогі, гемагглютинин және нейраминидаза) . Олар серологиялық реакцияларда ажыратылады.

Slide 4

Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда тұмаумен жылқы жасына, жынысына қарамай ауырады. Сүйтсе де құлын бұл ауруға осал келеді. Жұмыртұяқтылардан жылқыдан басқа есек ауырады, ал басқа жануарлар ауырмайды. Шошқа мен сиырға тек қана қолдан жұқтыруға болады. Адамның қанында жылқы тұмауының антиденелерінің табылуы және де жылқылардың ауруы тұмау эпидемиясы кезінде немесе одан кейін байқалуы адам мен жылқы тұмауының арасындағы байланыстың қосымша дәлелі ретінде қарастыруға болады.

Slide 5

Ауру қоздырушысының бастауы- тұмауға шалдыққан жылқы. Вирус ауру мал мен сау малды бірге ұстағанда ауаның тамшы тозаңы арқылы беріледі, ал жанасу, жем-су арқылы жұғудың маңызы анша емес. Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 1-3 күн, кейде 5-7 күнге созылады. Ауырған жылқы алғашында пысқырынып, күйзеліп, көзі мен танауының кілегейлі қабықтарын қан кернеп, жұтқыншақ сөл түйіндері ұлғайып, жөтеледі. Денесінің ыстығы көтеріліп 40-41С -қа жетіп, 3 күндей сақталады. Әдетте дененің ыстығы екі рет көтеріледі. Дененің ыстығының қайтпай тұрып алуы негізінен тұмаудың асқынып, оған бактериялық инфекцияның қабаттасуынан болады. Ыстық көтерілген сәтте құрғақ жөтел пайда болады, жылқы жүрген шақта жөтел ұлғая түседі. Ауырған мал жүдеп, жемшөпке қарамайды. Тамырдың соғуы минутына 65-75 болады. Көзі қызарып, жас ағып қабақтары ісініп, жарықтан жасқанады.

Slide 6

Тұмаудың клиникалық белгілері малдың күтіміне, иммунитеттің деңгейіне, қоздырушының биологиялық қасиеттеріне байланысты әртүрлі байқалады. Ауа райы суық, ылғалды болса ауру шиелінісіп, бактериялық инфекциялармен асқынады. Вирустың бірнеше штамы қоздырған ауру жеңіл, ал екінші штамы кезінде зілді өтеді. Жеңіл өткенде негізінен ларинготрахеит, бронхит, ал зілді өткенде пневмония байқалады.

Slide 7

Дауалау және күресу шаралары. Сау шаруашылыққа тұмауды әкелмеу үшін сырттан келген жылқыны 30 күн бойы сақтық карантинде ұстайды. Малдың күтіміне үнемі мұқият көңіл бөлу қажет. Жылқы қораны үнемі таза ұстап, уақтылы дезинфекциялап тұру керек. Тұмау шығу қаупі байқалғанда жылқыларды жаппай бұл ауруға қарсы егеді. Тұмау байқалған шаруашылықта карантин енгізіліп, аурудың тарап кетпеуіне бағытталған шаралар жүргізіледі. Сау емес шаруашылықтан мал алуға және мал әкелуге тиым салынады. Ауру жылқыларды жедел оқшаулап, емдейді. Басқа жануарларды қатаң бақылап, олардың мінуі мен жегілуіне шектеу қойылады. Қораны әрбір 10 күн сайын мұқият тазалап, дезинфекциялайды. Карантинді ең соңғы ауырған жылқы жазылғаннан кейіе, қораға қортынды дезинфекция жасап барып алады.


Ұқсас жұмыстар
Құтыру ауруы: этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Бақайқұрт: этиологиясы, клиникалық белгілері және емдеу-алдын алу шаралары
Құс ларинготрахеиті: этиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу шаралары
Құс тұмауы: қоздырғышы, клиникалық-патологиялық ерекшеліктері және алдын алу мен бақылау шаралары
Пастереллездің этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу мен жою шаралары
Қарасан (Gangrena emphysematosa): этиологиясы, эпизоотологиясы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Шошқа тілмесі (Erysipelothrix insidiosa): этиологиясы, клиникалық белгілері, емдеу және алдын алу шаралары
Сіреспе: анықтамасы, этиологиясы, клиникалық көріністері және алдын алу шаралары
Жылқы мен торайлардың стронгилоидозы: қоздырғышы, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу
Қойлардағы бұлшық ет ценурозы: этиологиясы, эпизоотологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz