Малды тасымалдауға арналған көлік түрлері


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы:Мал шаруашылығы өнімдері және малды тасымалдау гигиенасы

Орындаған: Жұмахан А. М

Тобы: ТЖ-703

Тексерген: Күзеубаева А. С

2019

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Малды тасымалдаудағы жалпы гигиеналық талаптар

2. 2 Малды тасымалдауға арналған көлік түрлері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

КІРІСПЕ

Малды шаруашылық жағдайында әртүрлі себептермен тасымалдауға тура келеді. Тасымалдау кезінде санитариялық -гигиеналық талаптарды қатаң сақтаудың арқасында малды ауыртпау, таратпау жолдарын қарастырамыз.

Slide 4

Малды тасымалдаудағы жалпы гигиеналық талаптар

Малды тасымалдағандағы ең жауапты мәселе-оны апаратын жеріне дейін ешқандай шығынсыз және тез апару, ал тасымалдау кезінде малдың денсаулығын қадағалап отыру, оның салмағын және өнімділігін төмендетпеу, мал терісіне, аяғына зақым келтірмеу болып табылады. Барлық тасымалданатын малды (көрмеге, ипподромға, басқа шаруашылыққа) ай бұрын клиникалық тексеруден өткізеді: оларға клиникалық зерттеу жүргізеді және санитариялық жұмыстар ұйымдастырылады.

Slide 5

Малды алып баратын адамға мемлекеттік малдәрігерлік мекемеден малдәрігерлік куәлік беріледі және тағы басқа қажетті құжаттар (тауарлы-көліктік қағаз, жол жорналы ) беріледі. Бұл құжатта мал қайдан жіберілді, қайда апарылады, олардың саны індет ауруынан аман екендігі көрсетіледі.

Slide 6

Тасымалдауға іріктеп алынған малды

жасына

жынысына

қоңдылығына

салмағына

Slide 7

Мал тиеудің алдында мал дәрігері көлікті дайындау кезінде оны бірнеше рет тексереді, малды тиеу орнын көреді және басқадай дайындық жұмыстарын ұйымдастырады. Барлық вагондарды, кемені, автомашинаны тексеріп, олардың ішінде өткір ұшты және қатты заттардың болмауына көңіл бөледі, көліктің еденін, қабырғасын, есік терезесін, желдеткіштерін тексеріп көреді. Барлық өткір заттарды, шығып тұратын шегелерді, т. б. оқыс жатқан, малға зақым келтіретін нәрселерді тазалап алып тастайды. Вагонның, кеменің, машинаның қорабын жуып, дезенфекция жүргізеді. Осы барлық дайындық жұмыс бітіп, көліктің дұрыс екенін тексеріп болған соң, осы көлікке малды тиеуге болады деп мал дәрігері рұқсат береді.

Slide 8

Мал тасымалдауға арналған көлік түрлері

Темір жол көлігі

Автомобиль көлігі

Әуе жол көлігі

Су көлігі

Slide 9

ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІ

Жануарларды темір жолмен тасу арнайы вагондарда немесе мал тасымалдау үшін жабдықталған жабық вагондарда жүргізіледі. Темір жол вагоны міндетті түрде есік торымен, мал азығына арналған орын, мал байлайтын тығырық, шам және жеңіл баспалдақ құралдарымен жабдықталады.

Slide 10

Төрт осьті вагонға мына төмендегідей мал басын тиеуге болады: ірі-қара 16-24; әр жастағы жас мал 24-28; бұзау 36-50; жылқы 14-тен көп емес; шошқа салмағы 80-100 44-50; қой және ешкі 80-100 бас болуы тиіс. Асыл тұқымды және жоғары өнімді мал санын малдәрігерлік қадағалаушылар және мал тиеушілер шешеді

Slide 11

Су көлігі

Су көлігі арқылы малдың барлық түрін тасымалдауға болады. Малды топтау, оларға ветеринариялық-санитариялық жұмыс жүргізу, малдәрігерлік құжаттарды толтыру малды темір жол көлігімен тасымалдағанмен бірдей.

Мал мен құсты өзен және көлде өзі жүретін немесе сүйреп жүргізетін кемелер немесе жүк-адам таситын пароход арқылы тасымалдайды

Slide 12

Жануарларды тасымалдауға арналған су көліктері төмендегі талаптарға сай болуы керек:

Әрбір жаңа малдың мұқият дезинфекциядан өтуіне дейін.

Сиырлар мен бұқалардың қозғалатын арнайы жабдықталған палубалары немесе арқандары бар. 2-2, 5 шаршы метр қаптамалардың өлшемі ұсынылуы керек. ені 1, 9 м биіктікте, сондай-ақ ішетін адамдар, жемдер, су, жем, төсек-орын, жинау жабдығы.

Әрбір 20 сиырдың 1 нұсқаулығы болуы керек. Жолда ауру немесе мал жоғалған жағдайда, қызмет көрсетуші персонал оқиға туралы кеме капитанына дереу хабарлауы керек. Осындай жағдайларда кеме курсын ветеринарлық қадағалау бар ең жақын портқа ауыстырады.

Slide 13

Кемеде ауырған малды бөлек ұстайды, ал шығын болған малдың өлексесін арнайы жабдықталған орынға салады, оны өзенге, көлге, арнаға басқа су қоймасына тастауға болмайды. Мал астындағы қиды тәулігіне бір рет жинайды, оны кеме капитанының көрсетуімен белгілі бір орынға орналастырады. Малды түсіріп болған соң, кемені тазалайды, жуады және дезенфекциялайды.

Slide 14

Автомобиль көлігі

Бұл көлікпен мал мен құстың барлық түрін 400-500км қашыққа тасымалдауға болады. Ол үшін арнайы мал таситын машинаны немесе басқадай жүк таситын түрлерін қолдануға болады. Мал таситын жартылай тіркемелі машина қорабын ағаштан немесе басқадай жүк таситын түрлерін қолдануға болады. Мал таситын жартылай тіркемелі машина қорабын ағаштан немесе темірден жасайды, қорап төрт бөлікке бөлінеді, оның үш есігі болады. Ал жай машинаның қорабына қосымша ағаштан қорап жасалады, ал күннің ыстық кезінде машина төбесін жауып көлеңкелейді.

Slide 15 Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды тасымалдау ерекшеліктері
ЖАНУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУҒА ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫ
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік бақылау жүргізу
Жүк тасымалдайтын
Басқару жүйесін жетілдіру және нарықтық экономика жағдайындағы көлік жүйесін мемлекеттік реттеу
Етті қайта өңдеуші кәсіпотындағы ветеринариялық менеджмент
Көлік құралдары және қозғалыс қауіпсіздігі
Қауіп жүк тасымалдауға қойылатын талаптар
Жүктерді қадағалауды автоматтандыру құралдары
МЕМЛЕКЕТТІК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz