КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕРІ



Оңтүстік американың табиғат зоналары мен климаттық белдеулері

Оңтүстік Американың тіршілік дүниесі өздерің танысқан солтүстік жарты шар материктерінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл оның, табиғатының ұзақ уақыт дара дамуымен байланысты. Солтүстік Америкаға материкгің оған құрлық арқылы жалғасқан солтүсгік бөлігінің табиғаты ғана ұқсайды. Оңтүстік Америкада географиялық орны мен климаттық жағдайларына сәйкес ормандар кең таралған.

оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады:
ылғалды экваторлық ормандар (гилея)
ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар
жалпақ жапырақты ормандар
субтропиктік дала (пампа) зонасы
саванналар мен сирек ормандар
субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар
шөлейт
Шөл зонасы

ылғалды экваторлық ормандар (гилея)
Экватордың екі жағын Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары алып жатыр. Олар түр құрамы онша өзгермей - ақ солтүстік пен оңтүстікке қарай ауыспалы ылғалды ормандарға ұласады. Ауданы мен тіршілік дүниесінің алуан түрлілігі жағынан жер шарында Амазония ормандарының теңдесі жоқ. Мұндағы қызыл сары ферралитті топырақтарда тек қана ағаштардың 2 мыңнан астам түрі өседі. Сондықтан бұл аймақты ғаламшардың «өкпесі» деп те атайды. Ал жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын бұл қалың орманды «сельвас» дейді. Орман іші өте ыстық әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді.

Сельвастағы ағаштардың биіктігі 80 м - ге дейін жетеді, олар лианалармен тығыз шырмалған, агаш тәрізді папоротниктер мен орхидеялар да көп. Жарықты жапырағымен ұстап қалуына байланысты орман арасында жетіспегендіктен, шептесін өсімдіктер өспейді. Мұндағы ағаштардың аса бағалы түрлеріне табиғи каучук алынатын гевея, ең жеңіл бальс ағашы, дәрілік шикізат беретін хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы және т. б. жатады.

Жануарлар дүниесі
Жануарлар дүниесі шағын денелі бақырауық және ілмек құйрық маймылдар мен жалкау андардан, тапир мен опоссумнан, құмырсқа жегіш пен қан сорғыш жарқанаттардан, пекари шошкасы мен капибарадан (өңірі су шошқасы) және т. б. тұрады, ал жыртқыштардан ягуар, пума кездеседі. Ормандарда қауырсындары алуан түске құбылатын тоты кұстар мен тукандар, гаоциндер, әлемдегі ең кішкентай колибри құстары мекендейді. Бақалар мен бауырымен жорғалаушылардың да тіршілігі ағаш басында өтеді. Ұзындығы 12 м - ге жететін әлемдегі ең үлкен жылан анаконда да кездеседі. Жәндіктер өте көп, олардың денелері үлкен және түрлі түсті. Кейбір жәндіктердің денесі жарқырауық болады.

Ауыспалы ылғалды ормандар
Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шығыс жағалауында да таралған. Бұл ормандардың ерекшелігі, мұнда қылқан жапырақты араукария ағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің нәтижесінде жойылу алдында тұр.

Саванналар мен сирек ормандар
Ориноко саваннасы льянос және Бразилия саваннасы кампос деп ажыратылады. Топырақ жамылғысы ферралитті қызыл топырақтан қызыл қоңыр топыраққа ауысады. Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады: құрғақ кезенде шөптер құрғап, ағаштар жапырағын түсіреді, ал жаздың басында жаңбырдан соң шөптер шапшаң қаулап өсіп, ағаштардың жапырағы қалпына келеді.

Солтүстік жарты шар саваннасы льяноста пальмалар мен акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған. Олар өзен аңғарларында орман белдеулеріне ауысады. Ал оңтүстік жарты шар саваннасының ағаштары аз, көбінесе тікенекті кактус, мимоза, сүттіген бұталары өседі. Әр жерде бөтелке тәріздес, діңіне су жиналатын бөтелке ағаштары кездеседі. Бразилия таулы үстірті кактус өсімдігінің шыққан жері болып табылады. Әсіресе алуан түрлі ағаш тәріздес кактустар өсетін Мексика таулы қыратын «кактустың екінші отаны» деп атайды. Бразилия таулы үстіртінің қуандау жерінде тікенекті бұталардың ерекше түрі өседі. Олардың арасында бұтағы өте қатты, қабығынан тері илеуге қажетті шикізат алынатын кебрачо ағашы өседі.

Жануарлар дүниесі
Жануарлар дүниесінен пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрлері, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы кездеседі. Топырағы құнарлы болғандықтан, саванна мен сирек орман зонасы какао мен Африкадан әкелініп жерсіндірілген кофе ағашы өсірілетін плантацияларға айналдырылған.

Субтропиктік дала зонасы
Субтропиктік дала зонасы Ла - Плата жазығын алып жатыр. Құнарлы шымды қызғылт топырақта таралған бұл зонаны жергілікті халық пампа деп атайды. Ол «жазық дала» деген ұғымды білдіреді. Жазы ыстық, қыста оңтүстік ауа температурасын төмендететін желдер соғып тұрады. Зона бойынша жылдық жауын - шашынның мөлшері әркелкі таралады. Жаңбыр жыл бойы жауатын шығыс бөлікте биік әрі бітік астық тұқымдас пампа шөбі, қоңырбас өседі. Ойпаттар мен өзен жағаларында қамысты батпақтар кездеседі.

Батыс пен оңтүстікке қарай жауын - шашындарының азаюына байланысты өсімдігі тапшылау қуаң далаға ауысады. Жануарлардан кішігірім пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер өте көп. Құнарлы қызғылт қара топырақ алып жатқан Пампа жері түгелге жуық жыртылып, материктегі аса ірі егіншілік жақсы дамыған ауданына айналған. Ал құрғақ далалар жайылым ретінде пайдаланылады. Табиғи өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қорықтарда ғана сақталып қалған.

шөлейт зонасы
Шөлейт зонасы материктің қиыр оңтүстігіндегі Патагония жерін қамтиды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында шөлейттің сұр және қоңыр топырақтары таралған. Мұнда сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар алмасып отырады. Кейбір бөліктерінде аласа және қатты жатаған жастық тәріздес өсімдіктер тығыз өсіп, киіздей тұтасқан жамылғы құрайды. Климатының қолайсыздығына байланысты нашар игерілген бұл зонада жануарлар дүниесі біршама жақсы сақталған. Сауыттылардың бірнеше түрі, кемірушілермен қатар пампа бұғысы мен пампа мысығы, магеллан түлкісі және ірі құстар мекендейді. Ірі жануарлардан гуанако ламасы мен пума кездеседі.

Материктің Тынық мұхит жағалауындағы жіңішке алқапта экватор маңында ылгалды мәңгі жасыл ормандар зонасы орналасса, экватордан 30°о. е. дейінгі аралықта тропиктік шөл зонасы, субтропиктік жағалық бөлікті қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы, ал қоңыржай белдеуге сәйкес келетін жағалық бөлікті оңтүстік жалпақ жапырақты ормандар зонасы алып жатыр. Осы табиғат зоналарының барлығы Анд тау жүйесінің өздері сәйкес келетін бөліктеріндегі биіктік белдеулеріне бастама болады

Климат қалыпиастырушы факторлар
Географиялық орнына сәйкес, Оңтүстік Америка күн сәулесін өте мол алады. Бірақ ылғалдың көп болуы материкті шамадан тыс қызып кетуден сақтайды. Материк солтүстік субэкваторлық белдеуден оңтүстік қоңыржай белдеуге дейін созылып жатыр. Климаттың қалыптасуына географиялық ендікпен қатар, батыстағы биік Анд тау жүйесінің тигізетін әсері мол. Сондықтан әрбір климаттық белдеу биік таулық және жазықтық климаттарға ажыратылады.

Материк климатына қоршап жатқан мұхит айдындары үстінде қалыптасатын экваторлық, тропиктік, қоңыржай ауа массалары басым ықпал етеді. Сондықтан Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды материк болып табылады. Әсіресе Атлант мұхитының әсері күшті. Мұндағы жылы ағыстар ауаны ылғалға қанықтырады да, материкітң шығысытағы жазық бөлігі ылғалды ауа массаларының құрлықта кеңінен таралуына қолайлы жағдай жасайды. Керісінше батыста Тынық мұхиттан соғатын ылғалды ауа массаларының жолын Анд таулары бөгейді. Тынық мұхит жағалауының өзінде жауын-шашынның түсуі ағыстардың бағыттарына байланысты: жылы ағыстар әсер ететін солтүстік-батыста және жағалауларға бағытталған батыс тасымалының ықпалындағы қиыр оңтүстік-батыста жылына 3000 мм-ден артық ылғал түседі.

Климаттық белдеулері
Экваторлық климаттық белдеу
Субэкваторлық климаттық белдеу
Тропиктік климаттық белдеу
Субтропиктік климаттық белдеу
Қоңыржай
Биік таулы

ЭКВАТОРЛЫҚ КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУ
Амазонка ойпатының едәуір жері мен Тынық мұхитының экватор сызығынан солтүстікке қарай жатқан жағалық бөлігін алып жатыр. Жыл бойы ауа температурасы +250С-тан төмен түспейді, жауын-шашын мөлшері Амазонкада 1500-мм-ден 3000 мм-ге дейін, ал Тынық мұхит жағалауында 3000 мм-ден артық түседі. Жауын-шашын жыл бойы мол, әсіресе көктем мен күздегі күн мен түннің теңелуі кезінде айрықша көбейеді.

Субэкваторлық белеу
Материктегі екі субэкваторлық климаттық белдеу бар, олар Амазонканың шығысында бір-бірімен түйіседі. Бұл белдеулер жазда ылғалды экваторлық, ал қыста құрғақ тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Мұндай климатты ауыспалы ылғалды климат деп атайды. ауаның орташа температурасы құрғақ кезеңнің соңына қарай +280С-қа дейінжоғарылайды, қыс айларының өзінде орташа температура +200С-тан төмен түспейді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2000-мм-ден 1000 мм-ге дейін кемиді. Ал Бразилия таулы үстіртінің солтүстік-шығысындағы жылы ағыстар екіге айырылатын жағалау бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ге дейін күрт азаяды.

Тропиктік климаттық белдеу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz