ШЫҒЫС СУБКОНТИНЕНТ


Slide 1

Шығыс субконтинент: Льянос- ОРИНОКО, ГВИАНА ТАУЛЫ ҚЫРАТЫ МЕН ГВИАНА ОЙПАТЫ ЖӘНЕ АМАЗОНИЯ АЙМАҚТАРЫНА ФИЗГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН СИПАТТАМА

Slide 2

Льянос-Ориноко

Ориноко өзенінің сол жақ жағалауымен Анд тауы аралығындағы жазықты территория Гвиан таулы үстірті мен Гаувьяре өзенінің аралығын Льянос-Ориноко деп атайды. Льяностың субэкваторлық ендіктерінде орналасуы жаздың ылғалды экваторлық ауасынан қысқы құрғақ тропигіне ауысуымен, саванналы өсімдіктер түрі және ферралитті қызыл топырақтардың басымдықтарымен сипатталады. Льянос-Оринокоға жер бедерінің жазықты болып келуі тән. Дегенмен де, жер бедерінің сипаты әртүрлі, солардың ішінде Аласа және Биік Льянос көзге түседі. Аласа Льяносты - биіктігі 40-70м аралығындағы Мета мен Апура өзендер жайылымы, Ориноко өзенінің енді арнасы, Ориноконың сол жақ жағалауындағы ойпат және Ориноконың жағалық ойпаттары мен атырауынан тұратын тегіс аллювиалды жазықтар құрайды.

Slide 3

Льянос-Ориноко оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 1400км-ге созылып жатыр. Аймақ климатының басты ерекшелігі жауын шашынның маусымдылығы болып саналады. Жаңбырлы кезең шамамен алғанда сәуірден қазанға дейін, құрғақ кезең қарашадан наурызға дейін созылады. Оңтүстік аудандарға қарағанда солтүстік шығыс пассат анағұрлы бұрын келетін солтүстікте қуаңшылық кезең ұзағырақ болады, жаңбырлы маусым жазғы үш айға ғана созылады. Оңтүстікке қарай жауын шашынның экваторлық режиміне ауысқанда жаңбырлы кезеңнің ұзақтығы бірте бірте артады. Жылдық жауын шашын мөлшері солтүстікте 800мм, оңтүстікте 1000мм-ге дейін, ал жылдық температура жыл бойы С-дан төмен түспейді.

Slide 4

Венесуэла мени Колумбия жергілікті халқы ылғалды астрономиялық жазды - қыс деп, ал құрғақ қыс кезін- жаз деп атайды. Жаңбырлы маусымда өзендер кемерінен аса суға толады да, тасиды. Төменірек болатын батыс бөлігінде - Аласа Льяностарда- бұл жағдай көптеген км-ге созылып кететін тұтас су айдындары пайда болады. Су қайтқаннан кейін кең көлемді батпақтар пайда болады. Олар тропиктік безгек тарататын жәндіктердің таралу ошақтарына айналады. Жаңбырлы кезде өсімдік қаулап өседі- астық тұқымдастар жайқалып өсіп, ағаштар мен бұталар жапырағын жамылады.

Slide 5

Ориноко жазығы қазірші кезге дейін нашар игерілген, халық сирек қоныстанған. Тек аздаған жерде жүгері, маниок, мақта, банан өсірілетін өңделген алаптар бар. Мал шаруашылығы өркендеген, бірақ жайылым ретінде мал жаюға жарамды жерлердің шағын бөлігі ғана пайдаланылады.

Тқменгі Ориноко аңғарында, өндіруші өнеркәсіп дамыған Венесуэланың территориясында, залық едәуір тығыз, ол жерде жаңа қалалар мен поселкалар пайда болуда, қңделетін жердің көлемі ұлғаюда, савананы асфальттанған жолдар кесіп өтеді.

Slide 6

Жануарлар түрі алуан түрлі және жақсы сақталған. Аймақта жыртқыщтар - пума мен ягуар тіршілік етеді. Өзен бойындағы батпақты тоғайларда тапир, саваннаның ашық жерлерінде құмырсқа жегіштер мен сауыттылар тіршілік етеді.

Slide 7

Гвиан таулы үстірті және Гвиан таулы ойпаты

Гвиана-Оңтүстік Американың солтүстік-шығысындағы таулы үстірт. Ориноко, Амазонка ойпаттары, Анд таулары және Атлант мұхиты аралығында орналасқан. Атлант мұхиты жағалауынан және Ориноко жазықтығынан Гвиан таулы үстіртіне қарай біртіндеп жоғарылай бастайды. Биіктеу массивтер шыңдарында ормандар мүлдем жоқ, оларды құрайтын жыныстар сұр, қызыл түстерге боялған және беткейлерді жауып тұрған жасыл желек арасында көзге түседі. Қызыл шың Рорайма бұрыннан үнді тайпаларында қасиетті саналып және осыған байланысты аңыз әңгімелер көп.

Slide 8

Тау үстіртінен ағатын өзендер жиналып үлкен су құламаларын түзеді. Әсіресе ең үлкен құламалар Карони өзені арқылы өтеді. Карони өзенінің бойында қазіргі таңда су электр станциялары салынған. Гвиана жазықтығында әлемдегі ең ірі сарқырама Анхель (1054м), Потаро өзенінде Кайетеур сарқырамасы орналасқан. Анхель сарқырамасына қарағанда аласа, бірақ Ниагара сарқырамасынан бірнеше есе артық.

Slide 9

Климаты көбіне ыстық, субэкваторлық. Айлық орташа температурасы +220С-тан +280С-қа дейін. Тауларға көтерілген сайын төмендейді, бірақ жылдық ырғағы тұрақты сақталып қалады.

Ландшафт аймағында басты ерекшелік жауын-шашынға байланысты. Солтүстік-шығыста, Атлант маңындағы ойпатта жауын-шашын жыл бойы түседі. Тек күзде ғана аз жауады, өйткені бұл кезде экватор муссоны мен солтүстік-шығыс пассаттың ауысуы болады. Оңтүстік-шығыста аз уақыт құрғақшылық Оңтүстік жарты шардың қыс айларына дәлме-дәл келеді. Үстірттің ішкі бөлігінде, соның ішінде батысында және оңтүстік-батысында құрғақшылық солтүстік жарты шардың қысына, жауын-шашын сәуірден қыркүйекке дейін түсуі дәлме-дәл келеді.

Климаты

Slide 10

Өсімдік жамылғысының түрлік құрамы мен құрылымы жауын-шашын мөлшеріне және теңіз деңгейінен биіктігіне бағынышты қалыптасады. Атлант мұхиты жағалауын бойлап мангра тоғайлары тараған, олар мұхиттан алыстаған сайын ылғалды тропиктік ормандарға ауысады.

Гвиан үстіртінің ормандарының орталық бөлігінде осы уақытқа дейін “орман негрлері” деп аталатын тайпа өмір сүреді. Олар жер өңдеумен айналысқан қашқын құлдардың ұрпақтары. Кейбір үнді тайпалары әлі күнге дейін сыртқы әлеммен қарым-қатынас жасамайды

Өсімдік жамылғысы

Slide 11

Гвиана таулы қырат аймағы, әсіресе, оның ішкі бөліктері әлі де болса аз зерттелген және оны елсіз деуге болады. Елді мекендер мен плантациялар негізінен жағалық аудандарда шоғырланған. Көптеген елді мекендер аймақта қоры мол боксит, марганец рудасы өндірілетін жерлерде, алмас пен алтын кен орындарының маңында пайда болған.

Slide 12

АМАЗОНИЯ

Амазонияның шекарасын Бразилия мен Гвиана таулы қыраттарының беткейлері және Анд тауының шығыс етегі белгілеп тұрады. Солтүстікте табиғат жағдайына қарай оған Ориноко ойпатының оңтүстік шеті мен Пардаос аласа тау сілемдерін жатқызуға болады.

Slide 13

Амазонка ұзақ уақыт бойы шөккен алап, соған орай оның бүкіл территориясында дерлік биіктік шамалы және жер бедері бірыңғай тегіс болып келеді. Тіпті, Анд тауының етегі маңында да оның жер бетінің биіктігі теңіз деңгейінен 100м-ден аспайды. Тек оңтүстік-батыста ғана Анды жағынан терең өзен аңғарларымен тілімденген, құм тасты үстірттер, ал солтүстік- батыста тектоника жағынан Гвиана таулы қыратына ұқсастау Падаос таулы сілемі (900м) бой түзеп тұрады.

Slide 14

Шығыста платформаның ежелгі негізі көтеріңкі және жер бетіне біршама таяу жатыр. Бұл жергілікті жердің теңіз деңгейінен жаппай 200-250 метрге көтерілуіне және өзен аңғарларының терең тілімденуіне әкеліп соғады. Амазонканың сағалық бөлігінде оның аңғары кеңейіп, ішінара су басқан кең байтақ атырауға айналады. Амазонияның орта және батыс бөліктеріне экваторлық климат тән. Онда ақпаннан маусымға және қазаннан қаңтарға дейінгі жаңбыр өте мол жауатын екі кезеңнен тұрады. Бүкіл Амазонияға маусымдық айырмашылығы шамалы, жоғары және бірқалыпты температура тән.

Slide 15

Амазония

Батыс Амазония

Шығыс Амазония

Slide 16

Амазония - ылғалды экваторлық климат жағдайында қалыптасқан, қызыл сары ферралитті топырақты, бірыңғай гилей жамылғысынан тұратын ауқымды тегіс жазық. Бразилияда бұл өңірді «сельва» деп атайды. Алайда, экваторлық ландшафт түрлері тек Батыс Амазонияға тән. Ал, Шығыс Амазония өтпелі субэкваторлық ландшафттарға жатады.

Батыс Амазонияда жыл бойы экваторлық ауа массалары басым болады. жылдық жауын-шашын мөлшері 3000-3500мм-ге дейін (кейде 6000мм) жауын-шашын түседі. Өзен жүйелерінің жиі, су деңгейінің мол болуы мен ауқымды ормандар буланушылықты арттырады.

Ойпаттың батыс бөлігінд, шамамен Мадейраның Амазонкаға құйар сағасына дейін өзен аңғарлары жер бетін онша көп тілімдемеген. Өзен бойындағы аллювий үйінділердің қалың қабаттары жыл сайынғы су жайылу кезінде үнемі өсіп отырады.

Slide 17

Шығыс Амазония Батыс Амазониямен бір ендікте орналасып, жылдық температурасы да ұқсас келеді. Ал, жер бедері бірыңғай тегіс бола тұра, құрғақ мезгілде жауын-шашынның мөлшері мен өзендердің қоректену режимі тұрақты емес. Шығыс Амазония енсіз тектоникалық қазаншұңқыр бойында жатыр. Оңтүстік-шығыс пассат желі Шығыс Амазонияның барлық бөлігіне шілдеден қазанға дейінгі аралықта қуаңшылық тудырады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2000-2100мм болса да, осы кезеңдегі мөлшері небары 130-175мм болады.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Тұқыммен көбейтіліуі
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІ
Батыс пен Шығыс өркениеті
ЖЫЛЫ ШЫҒЫС ТҮРКІ БАТЫС ТҮРКІ
Касса операцияларының есебі
БҰҰ-ның Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы қызметі
Ұйғыр мемлекеті
Ежелгі Шығыс Еуропа платформасының негізгі сипаты
ШҚО кластері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz