Поэзия жанрлары: түрлері мен функционалдық сипаттамасы


Slide 1

Трагедия

Трагедия -арнаулы өлшемі бар, тыңдаушыға да, айтушыға да ләззат беретін өлең түрі. Трагедияда өзгелерге үлгі-сабақ боларлық жақсылы-жаманды істер сипатталады, билеушілер марапатталады. Музыканттар әдетте трагедияны әміршілердің алдында орындайды. Әмірші дүниеден өткен жағдайда трагедияға жоқтау сарыны бар өлеңдер қосылады.

Slide 2

Дифирамб

Дифирамб - трагедиядан екі есе артық өлшемі бар өлең түрі. Дифирамбта жекелеген адамдарға емес, жалпы адам баласына ортақ абзал мінездер, ізгі істер, сондай-ақ күллі адамзатқа қайырлы істер жасаған дара тұлғалар дәріптеледі.

Slide 3

Комедия

Комедия - арнаулы өлшемі бар өлең түрі. Комедияда келеңсіз, оғаш жайттар суреттеліп, адамдардың мінез-құлық, іс-әрекетіндегі ұнамсыз көріністер шенеледі. Жекелеген тұстарда кейбір адамдар бойындағы жануарларға тән жағымсыз, жиіркенішті мінездер баса көрсетіледі.

Slide 4

Ямб

Ямб - бұл да арнаулы өлшемі бар өлең түрі. Ямбта мақал-мәтелдер секілді жақсылы-жаманды істерді сипаттайтын нақыл сөздер келтіріледі. Бұл өлең түрі соғыстар мен дау-жанжалдар кезінде, ашу-ызалы сәттерде қолданылады.

Slide 5

Драма

Драма - алдыңғы түр тәрізді поэзия жанры. Ерекшелігі сол - мұнда белгілі бір адамдарға, жеке тұлғаларға арналған ой түйіндері, нақыл сөздер қолданылады

Slide 6

Айнос

Айнос - жоғары шеберлікпен жазылған, көркем де келісті пайымдауларды қамтитын өлең түрі.

Slide 7

Диограмма

Диаграмма - тәртіпке бағынбайтын, тезге салуға көнбейтін адамдардың жанын қандай жан түршігерлік азаптар күтіп тұрғанын сипаттайтын заң шығарушылар қолданатын өлең түрі

Slide 8

Эпос және риторика

Эпос және риторика - өткен дәуірлердегі саяси және құқықтық тәртіптер суреттелетін поззия жанрлары. Өлеңнің бұл түрлерінде сонымен қатар билеушілердің өмір-салты мен іс-әрекеттері, ел басқарған кезеңі мен сол тұстағы айтулы оқиғалар баяндалады.

Slide 9

Сатира

Сатира - белгілі өлшемі бар, музыканттар ойлап тапқан өлең түрі. Олар өздерінің әндері арқылы аң кейпінде киінген адамдар мен әртүрлі жануарларды таң қалдырарлық, әдеттен тыс қимыл-қозғалыстар жасауға мәжбүр етеді.

Slide 10

Поэма

Поэма - жақсылық пен жамандықты, дұрыстық пен бұрыстықты бейнелейтін өлең түрі. Мұндай өлеңдердің әрбір түрі өзі сипаттайтын үлгілі, жарқын немесе келеңсіз, айыпты жайттарға сәйкес келеді.

Slide 11

Амфигенезис

Амфигенезис - жаратылыстану ғылымдарын сипаттау мақсатында жаратылыстанушы-ғалымдар ойлап тапқан өлең түрі. Поэзия жанрларының ішінде өлең өнерінен алшақтау жатқаны - осы түр.

Slide 12

Акустика

Акустика - шәкірттерді музыка өнеріне баулу үшін қолданылатын өлең түрі. Оның қолданылу шеңбері осымен шектеледі, ол басқа салаларда қолданылмайды .


Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары және қолданбалы салалары
Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының құрылымдық және функционалдық сипаттамасы
Сөздің функционалдық типтері мен сөз мәдениеті
Мұқағали Мақатаев: поэзия кеші, отбасы мен әдебиет өкілдерінің пікірлері
Әдебиет тектері мен жанрлары: теориялық негіздер және жіктелу
Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0 бағдарламасының сипаттамасы және функционалдық мүмкіндіктері
Фотожурналистика және ыстық нүктелер: тарихы, жанрлары мен қоғамға әсері
Ауыз әдебиетінің жанрлары мен шығармашылық сабақ жоспары
Түйсіктің түрлері мен сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz