Құстың интерьері және ішкі құрылысының ерекшеліктері


Slide 1

Құстың интерьері және ішкі құрылысының ерекшеліктері

Slide 2

Жоспары

Интерьердің маңызы

Құстардың биологиялық ерекшеліктерін белгілеу

Slide 3

Құс шаруашылығы - мал шаруашылығының ең тез жетілетін, әрі тиімді бір саласы. Бұл саланың өркендеуіне тиісті жағдайлар жасалса, аса қысқа уақыттың ішінде еңбекті де, азықты да, қаржыны да аз жұмсап, жұғымдылығы жоғары өнім - етті және жұмыртқаны жылдың төрт мезгілінде де көп мөлшерде өндіруге болады. Жұмыртқа әртүрлі қоректік заттарға бай келеді. Сондықтан ол жұғымдылығы да, сапасы да жоғары өнімдердің қатарына қосылады. Дені сау құстан алынған жұмыртқа өте таза болады. Сондықтан одан ауру тарамайды. Құстың жұмыртқасы мен еті диеталық тағамдарға жатқызылады. Өйткені олар адам организміне өте жақсы сіңеді. Тамаққа жұмыртқаны пайдаланғанда ол заттың дұрыс алмасуына ықпал етеді, нерв жүйесін нығайтып, организмнің әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Республика медицина ғылым академиясының тамақ институты жан басына тәулігіне орта есеппен 50 гр немесе жылына 365 жұмыртқа қажет екенін анықтап берді.

Slide 4

Құс интерьері

Құстың ас қорыту жүйесi, көбiнесе сүтқоректiлер ас қорыту аппаратын еске салады, бiрақ қатты азықты өңдеу сипаты, азықтың құс организмiне түсiп, одан әрi тiссiз ұнтақталуы, оның сөз жоқ бiрталай ерекшелiктерiн көрсетедi.

Құстың ас қорыту жүйесiндегi айтарлықтай айырмашылықтар ауыз қуысы мен қарында байқалады. Басқа ағзалар-ащы және тоқ iшек, бауыр, ұйқы безi құрылысы жағынан сүтқоректiлер ағзаларына ұқсас келедi.

Құстардың ас қорыту жүйесiн анатомиялық құрылысына қарап, ауыз жұтқыншақ, өңеш-қарын бөлiмдерiне, ащы және тоқ iшектерге бөледi.

Ауыз жұтқыншақ бөлiмiне таңдай пердесi болмайтындықтан бiр-бiрiнен бөлiнбейтiн ауыз қуысы мен жұтқыншақ кiредi. Құста ерiн, жақ, қызылиек, тiс және ауыз қуысы кiреберiсi болмайды. Жақ сүйектерi құс тұмсығына өзгертiлген.

Құстың ауыз қуысы жайпақ көп қабатты эпителиймен жабылған. Эпителий қабатының қалыңдығы, мүйiздену процесi ауыз қуысының әр бөлiгiнде өз ерекшелiгiмен сипатталады. Ауыз қуысына мына бездердің: жұтқыншақ, таңдай, жақ, жақасты (алдыңғы, артқы), тiл, тағы басқа шығарушы өзектерi ашылады. Бұл бездер құрылым негiзiнде кiлегейлi жасушалардан тұратын бездi бөлiктер жатады. Кiлегейлi бездер құрамында сiр түзiндiсiн бөлетiн соңғы бөлiмдер бары байқалмаған. Құстар сiлекей бездерiнiң құрылысы әлі толық зерделенбеген.

Slide 5 Slide 6

Ащы iшек он екi елi iшектен, оның туындылары-бауыр, ұйқы безiнен, аш және мықын iшектерiнен тұрады. Он екi елi iшек iлмешек құрады, онда ұйқы безi жатады, бұл iшек қабырғасында меншiктi бездерi болмайды. Аш iшек қазда 6-9, тауықта 10-12 iлмешектер құрады. Мықын iшек қысқа, он екi елi iшек үстiнде жатады, бүйенмен тiк iшек қосылған жерде аяқталады.

Ұйқы безi 2-3 созылған бөлiктерден тұрады. Ауыл шаруашылық құстарында бездi бөлiктердің саны бiрнеше және сүтқоректiдегiдей экзо-, эндокриндi болып жiктеледi. Басты шығарушы өзектер саны, құста түрлi: күркетауықта-екеу, тауықта-үшеу болады. Олар бөлiкаралық, кейiнгi-қоспалыққа ыдырайды. Қоспалық шығарушы өзек жайпақ бiр қабатты эпителиймен жабылған, ол түзiндi бөлiмге ауысады. Бездiң эндокриндi бөлiгi-ұйқы безi аралшықтарының кешенi. Құстарда олар тек бiр түрлi-А (қоңыр) немесе В (ақшыл) жасушалардан тұрады, сондықтан ұйқы безінде ақшыл, қоңыр аралшықтар ажыратылады. Тауықтарда бұл аралшықтар ара қатысы жыныс және жас әсерлерiнен өзгере алады. Балапандарда ақшыл аралшықтар көп болады.

Бауыр iрi екi бөлiктен тұрады. Мысыр тауығы, көгершiн, түйеқұстарда өт қабы болмайды.

Тоқ iшек қос бүйен, тiк iшектерден, құстың тiк iшегi кеңiген бөлiгiнен (клоака) тұрады. Бүйен тiк iшекке құйылғанда, кiлегейлi қабығы күштi қалыңдайды, онда лимфоидты ұлпа-бүйен бадамшалары жиналады. Тiк iшекпен бүйенде бүрлер болады. Тiк iшектiң кеңiп аяқталуын-клоака деп атайды. Онда үш камера: тiк iшекке ашылатын, нәжiс жиналуына арналған қуыс-алдыңғы-копродеум; зәрағар, шәует шығарушы жол немесе жатыр түтiгi ашылатын, зәрге арналған қуыс-ортаңғы-уродеум; фабриций қабы (лимфоэпителийлi ағза, онда лимфоциттер жетiлiп, маманданады) ашылатын соңғы қуыс-проктодеум болады. Проктодеум артқы тесiкпен бiтедi.

Slide 7 Slide 8

Өңеш-қарын бөлiмi өңештен, бөтекеден (жемсау, зоб) және қарыннан тұрады. Тауықтардың өңешi бөтекемен бөтекеалды және бөтекеден кейiнгi бөлiктерге бөлiнедi. Қаздарда жемсау (зоб) болмайды. Өңеш-қарынның орта бөлiгi ұршық тәрiздi қалыңдау болады. Өңештiң кiлегейлi қабығында кiлегейлi түтiкше бездер жатады.

Бөтеке-өңештiң кеуде қуысына кiрер алдындағы қап тәрiздi кеңейген жерi, өңеш қабырғасының туындысы болып келедi. Онда азық жиналып, бөктiрiледi, бөтеке қабырғасының алдында, бүйiрiнде жататын бездердiң кiлегейлi түзiндiлерiмен дымқылданады. Бөтеке қабырғасы өңештегiдей үш қабықтан, қабаттардан, қабаттар-белгілі ұлпалардан тұрады. Зобтың iшкерi қабырғасындағы эпителий қабаты қалың болады да, ол арқылы өндiрушi, мүйiздi қабаттар шекарасы өтедi. Кiлегейлi бездер зобтың тек алдыңғы қабырғасында жатады. Бұлшық ет тақташасы мен қабығы зобтың iшкерi бөлiгiнде өте күштi дамыған. Бөтекенiң кiлегейлi қабығында көп лимфоидты элементтер кездеседi.

Қарын екi: бездi, бұлшық еттi камералардан тұрады.

Бездi камера ас қорыту сөлiн, бұлшық ет бөлiмiнде қоректі ұнтақтайды. Бездi қарында азық-түлiк кесегi ферменттермен қанығады, онда кесектер тоқтамай, бұлшық еттi қарынға түседi. Онда химиялық және механикалық өңдеулер жүредi.

Бездi қарынның қабырғасы үш-кiлегейлi, бұлшық ет, сiр қабықтардан қалыптасқан. Кiлегейлi қабықтың эпителий қабаты бiр қабатты призма тәрiздi бездi, сондықтан қарынды жабатын эпителий-шырын өндiретiн кең бездi алаң болып келеді. Меншiктi тақташа борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады, жасушалары көп болады. Онда бiр (үйректе), көпбөлiктi (тауық, қазда) бездер орналасады. Бөлiктер арасында бөлiкаралық дәнекер ұлпалар жатады. Түтiкше бездер бiркелкi бездi жасушалардан тұрады. Электронды микроскоп бұл жасушалар тұз қышқылын және пепсиноген өндiретiнiн дәлелдедi, сондықтан оларда түйiршiктi эндоплазмалық тор жақсы дамып, көптеген iрi митохондрийлер, тағы басқа тұрақты қосындылар сақталады. Бұлшық етті тақташасы күштi дамыған, өңештің кiлегейлi қабығындағы бұлшық ет тақташасының жалғасы болып келедi. Ондағы миоциттер бездi астынан, бүйiрiнен, үстiнен қоршап жатады. Кiлегейасты негiз борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады, нашар дамыған. Бұлшық ет қабығы белгiлi екi қабаттан тұрады. Сiр қабығында өзгешелiк байқалмайды.

Slide 9

Жұтқыншақ- бұл төменгі жағы тарыла түскен қуыс түтік. Оның диаметрі 12-17 мм құстың түрі мен тұқымына байланысты. Тауық, күрке тауықтың, мысыр тауығының және тауық тектес басқа құстардың жұтқыншағында мойынның төменгі бөлігінде домалақ ішкі қуфс жесауы болады. Қаздар мен үйректерде жемасу болмайды, оның қызметін төменгі жағында жұтқыншықтың кеңеюі атқарады.

Тауықтың жемасауы эволюция процесінде азықты уақытша сақтауға арналған орган ретінде түзілген. Мұнда азық быртиып, жұмсара түседі, алмасады, азықпен бірге келетін ферменттердің арқасында шамалы бөлігі қорытылады. Жемсаудан азықтың шамалы үлесі асқазан безіне өтеді.

Асқазан безі- бұл толықша келген жұтқыншақ пен асқазан бұлшық ті аралығына орналасқан қысқа түтік. Асқазан безінің ішкі беті тұз қышқылы мен пепсин ферментінен тұратын асқазан сөлін бөліп шығаратын без түтікшелері бар сілекей қабыршығымен қалыптасады. Мұнда асқазанның бүкіл ішкі бетін жауып тұратын қою, созылмалы сілекей бөлетін басқадай бездер де болады. Асқазан бездері қысқа мойнақ арқылы бұлшық етпен жалғасады.

Асқазан бұлшық еті шымыр, тығыз келеді, ал ішкі жағы мүйіз қабыршақпен, қаптамамен жабулы. Егер асқазан бұлшық етінде қиыршық тас болмаса, онда қоректің едәуір бөлігі, әсіресе бүтін дәндер, қорытылмастан сыртқа шығарылады. Асқазан бұлшық етінде ұнтақталған азық ішекке өтеді. Ол тауықта 5-6 есе, қаздар мен үйректерде 4-3 есе өз денесінен ұзын келеді.

Slide 10

Құстардың биологиялық ерекшеліктері


Ұқсас жұмыстар
Қой жабайы тегі
ҚҰС ЕТІНІҢ ӨНІМДЕРІ
ҚҰС ТҰМАУЫ
Ішектің кілегей қабығындағы қан құйылулар
Балалардың жүрегінің және қан тамырларының құрылысының жастық ерекшеліктері
Құс шаруашылығы өнімдерін ветсансараптау
Құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Ағзаның құрылымдары
Жануарлардың Ас қорыту жүйесі
Тауық жұмыртқасының құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz