Құстардың көбею мүшелерінің ерекшеліктері
Презентация қосу
Ауыл шаруашылығы құсының
көбею органдарының құрылысы
Жоспары
• Құстардың көбею мүшелерінің
ерекшеліктері
• Көбею мүшелері мен жұмыртқа
қалыптасуының биологиялық мәні
Құстардың көбею мүшелерінің
ерекшеліктері
• Еркек құстардың жыныс мүшелері жұп еннен, ен қосымшасынан
және шәует жолынан тұрады. Ал, кейбір құстарда құрылысы ерекше
сыртқы жыныс мүшелері болады. Оларда қосалқы жыныс бездері
болмайды. Құрсақ ен қуысының бел аумағында орналасады.
Сондықтан еркек құстарда енқап болмайды.
• Еннің пішіні лобия немесе жұмыртқа тәріздес, бүйректің алдыңғы
жағында орналасады. Сол ен оң енге қарағанда сәл үлкендеу болып
келеді. Бір қызығы, құс енінде маусымдық өзгеріс жақсы байқалады.
Мысалы, еннің көлемі қыста кішірейіп, ал көктемге қарай үлкейіп
отырады. Ен қосымшасы онша көлемді емес. Шәует жолы ен
қосымшасынан басталады. Оның пішіні иректеліп келеді де,
клоаканың ортаңғы бөліміне ашылады.
Аталық құстардың көбею мүшесінің физиологиясы.
• Қораздың жыныс мүшесі:А-
жалпы көрінісі; Б- ен
қосалқысындағы өзекшелер
схемасы;
• 1-Оң жақ ен; 2-ен
қосалқысы аумағы; 3-шәуеттік
өзек; 4-оң жақ бүйрек; 5-зәр ағар;
6-шәуеттік өзектің етті бөлімі; 7-
белоктық бөлім; 8- шәует өзегінің
дөңгелек қыртысы; 9- лимфалық
қыртыс; 10- оң бөлуші өзек; 11- тік
ішек тесігі; 12- саңғуыр
қабырғасы; 13- ен; 14- тор; 15—
шығарушы өзек; 16- ен
қосалқысының өзегі.
• Құстардың жасына қарай жұмыртқа жолы үлкен өзгерістерге ұшырап
отырады. Негізінен сол жұмыртқа жолы жақсы дамыған. Оң
жұмыртқа жолы қалдық түрінде сақталған. Сол жұмыртқа жолы
қызметіне қарай бес бөлікке бөлінеді. Олар воронка, белок бөлігі,
мойыншық, құс жатыры және қанат.
• Воронка (құйғыш) – infundibulum - ұзындығы 4 см-дей оның құрсақ
қуысына ашылатын тесігі болады. Құйғышта ұрықтану жүреді.
Жұмыртқа жолының белок бөлігі өте ұзын, ұзындығы 36 см-ге дейін
жетеді. Мойыншықтың ұзындығы 5 см-дей. Мұнда ізбест қабығының
астындағы жұқа қабық түзіледі. Құс жатырының қабырғасында ізбест
қабық-testa түзуге керекті тұзды ерітінділер бөлетін бездер
орналасады.
• Қынаптың ұзындығы 10 см-дей болады. Ол дайын жұмыртқаның
клоакадан сыртқа шығар алдындағы уақытша орын.
Құстардың жыныс органдары
• Құстардың несебінде белокты заттың
қалдығы көп болады және сүт
қоректілердегідей мочевинадан
тұрмай, негізінен несеп
қышқылынан тұрады.
• Несебі зар шығару системасы
арқылы тез ағып өтеді. Ол несеп
қышқылының нашар еритіндігінде.
Өйткені нәтижесінде пайда болған
несеп тұздары несеп жолдарын бітеп
тастауы мүмкін. Бұл құстарда
қуықтың болмауына әкеліп соғуы
ықтимал. Құстарда зәрмен бөлінген
судың мөлшері аса көп болмайды.
Себебі, клоакадан зәрдің
құрамындағы су сүзіліп организмге
қайтады.
Көбею мүшелері
• Аталық бiр жұп жыныс бездерi бұршақ пiшiндес, екi бүйрегiнiң үстiнде тұрады.
Олардың әрқайсысынан тұқым түтiгi (семяпроводы) шығады да клоакаға енедi. Арнайы
шағылысу мүшесi болмаса да, ұрықтану аналық құстың iшiнде болады. Бұлар
шағылысқанда еркегiнiң (спермасы) тұқымы аналықсының клоакасының iшiне
құйылады.
• Аналық жыныс бездерi барлық құстарда да тек қана сол жақ аналық безiнен және сол
жақ жұмыртқа жолынан тұрады. Оң жақ аналық безi кейбiр ғана құстарда дамыған
(мысалы, күндiзгi жыртқыштарда, үкiлерде, тотыларда т.б.). Оң жақ жыныс бездерiнде
жұмыртқа жетiлгенiмен, ол сол жақ жұмыртқа жолы арқылы сыртқа шығады. Аналық
жыныс бездерiнiң бiр жағында дамымауы, ол құстардың салмағын жеңiлдету бағытында
болуы ықтимал. Жетiлген жұмыртқа клеткасы сары уызбен қоректенiп (оралып)
жұмыртқа жолының воронкасына түседi де, оның бойымен қозғалады. Жұмыртқа жолы
бiрнеше бөлiмнен тұрады: кең бөлiмi iшкi қабырғасында белокты заттар мен халазы
бөлiп шығаратын бездерi болады; ең ұзыны iшкi қабырғасында жұмыртқаның жұқа
белокты қабығы бөлiнедi; жақсы дамыған еттi қабаты жатын, онда жұмырқа қабыққа
оралады (жатын iшiнде жұмыртқа 12-20 сағат болады). Жұмыртқа жолының соңғы
бөлiмi қынап (влагалища), осы жерде дайын жұмыртқа клоакаға түседi. Жұмыртқа
клеткасының ұрықтануы жұмыртқа жолының жоғарғы бөлiгiнде өтедi.
Құстардың көбею биологиясы
1. Құстар ұрықтанған жұмыртқаларын арнаулы ұяларға салады.
2. Жұмыртқалары ата-аналарының денесінен шыққан қызудың әсерінен
дамиды. Сондықтан құстар жұмыртқасының дамуы сыртқы ортаның
температурасына байланысты емес.
3. Ата-аналары жауларынан ұяларын әр түрлі тәсілмен қорғайды.
4. Ата-аналары шыққан балапандарын бағады.
Құстардың жыныс бездерінің жетілуі түрліше: ұсақ торғай тәрізді
құстардың жыныс безі 8—12 айда, қарғалар, ұсақ шағалалар, үйректер,
ұсақ күндізгі жыртқыштар - өмірінің екінші жылында, ал ірі шағалалар,
гагарлар мен бүркіттер үшінші жылында жетіледі.
Көптеген құстардың жыныс безі жетілген кезде жыныстық диморфизмі
байқалады. Ұрғашыларына қарағанда еркектерінің дене мөлшерінде,
дауысында, пластикалық белгілерінде, түсінде ерекшелік білінеді.
Еркектері әрқашанда ұрғашыларынан ірі болады. Бірақ бұл заңдылыққа
сәйкес келмейтін қазуарлар, кивилер, тинамулар, күндізгі жыртқыштар
сияқты құстар да бар.
Жұмыртқа қалыптасуы
• Қалыптасқан жұмыртқа күрделі дене болып саналады. Әдетте нағыз жұмыртқа
деп оның ішіндегі сары уызын айтады. Жұмыртқаның басқа қосымша
бөлімдері (мысалы, белок) жұмыртқа безінде емес, жұмыртқа жолында пайда
болған қабаттары деуге болады. Құс жұмыртқасының уызы көп болады. Сары
уыз бөлімінің бет жағында протоплазма және ядродан тұратын түйір деп
аталатын заты болады, ол ұрықтанған жұмыртқада кішірек ұрық дискасына
айналады. Сары уыздың басқа бөлімі ұсақ көпіршіктерден тұрады. Егерде көз
тоқтатып қарасақ, олардың қабаттары сары немесе мөлдір түсті уыздың
кезектесуінен құралады. Жұмыртқаның қатты қабығын сындырсақ, сары уызы
дөңгелек болып түседі. Өйткені, сары уыздың сырты арнайы жұқа қабықпен
қапталып тұрады. Сары уызда балапанның организміне керекті қоректік зат
және денесін құрауға қажет заттар болады. Сары заттың ішінде май және су
көп. Дамитын ұрық, өзіне керекті суды, жұмыртқаның осы сары уызынан
алады. Оған қосымша жұмыртқаның құрамындағы май да, тотыққанда өзінен
су тамшыларын бөліп шығарады, мысалы, тауық жұмыртқасының, сары
уызының құрамында: су – 50%, май - 23 %, протеиндер - 17%, басқа заттар -
3% болады.
• Құстардың жұмыртқаларының тұрқы, реңi және қалыңдығы жағынан әртүрлi
болады. Негiзiнде жұмыртқаның көлемi құстың дене тұрқына сәйкес болады.
Жұмыртқаның қабығының қалыңдығы егер құс жерге, тастың арасына салса
қалың болады, ал жоғарғы ағаш басындағы немесе төбедегi ұяларға салса
қабығы жұқа болады. Жұмыртқаның сырты известi, қатты қапталады да, онда
пигменттi заттар болады. Жұмыртқаның түсi сол пигментке байланысты
болады. Жұмыртқа саны әр құста әр түрлi болады.
• Жыныс диморфизмi кейбiр құстардың түрлерiнде нашар бiлiнедi (жапалақтар,
шағалалар, көгершiндер т.б.), ал көпшiлiк құстардың аталықтары
аналықтарынан қанаттарының ерекше реңi, дене тұрқы, дауысы, басындағы
үкiсi, әр түрлi кекiлдерi арқылы ажыратылады. Жыныс диморфизмi
құстардың бiр ағзасында болмайды. Ондай құстарға пингвиндер, гагарлар,
сұр қарлығаштар т.б. жатады.
• Жұмыртқаның сары уызының сыртында мөлдір жартылай сұйық – белок деп
аталатын екінші жұмыртқа қабаты болады. Оның сырты екі жұқа пергаментті
қабықпен қапталған. Жұмыртқаның моқал ұшында температура өзгерген кезде
оның көлемі өзгеруіне мүмкіндік беретін айтылған екі қабаттың арасында ауа
болады.
• Жұмыртқаның сары уызына қарай қабыршақ қабығынан «белоктың» ортасында
белоктың тығыз ширатылған жіп тәрізді халаза созылып жатады. Халазалар сары
уызды шайқалудан сақтайды.
• Жұмыртқа «белогының» негізгі маңызы нағыз жұмыртқаны механикалық
әсерлерден қорғау және ұрықтың дамуы кезінде сумен қамтамасыз ету.
• Қатты қабық негізінен көмір қышқыл кальцийден (89-97 %), аздап та болса басқа
тұздар мен органикалық заттан тұрады. Қатты қабық негізінен жұмыртқаны
механикалық әсерлерден сақтайды және жұмыртқаның газ алмасуын қамтамасыз
етеді, әр түрлі бактериялардың енуіне бөгет болады. Ұрық дамыған кезде, қатты
қабықтың біразы ұрықтың қаңқасын қалыптастыруға жұмсалады. Қатты
қабықтың сыртында майда тесікшелері болады. Бұл тесікшелер жұмыртқаның
моқал жағында көбірек орналасады. Ұрықтың газ алмасуына осы тесікшелердің
маңызы үлкен. Жұмыртқаның басылуы ұзарған сайын және газ алмасуының
күшеюіне сәйкес тесікшелердің диаметрі үлкейе түседі.
Сұрақ
1. Құрсақ қайда орналасады?
2. Еннің пішіні қандай болады?
3. Құстарда қай жақ ен жетілмеген?
4. Халаза жұмысы?
5. Құстардың биологиялық көбеюі?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz