Ежелгі Мысыр мәдениеті мен өнері: кескіндеме, сәулет, қолөнер және жазу


Slide 1

Ежелгі Мысыр мәдениеті

Slide 2

Мысыр мәдениеті мен өнерінің бізге жеткен алғашқы белгілері, шамамен, б. з. д. IV мыңжылдықтарда пайда болған.

Slide 3

Мысыр мәдениеті

Сызу мен сурет салуға бейімі бар адамдар өз заманындағы қоғамдық құрылысты, соғыс қимылдарын, патша жорықтарын қайрак тастарға бейнелеп түсіріп отырды. Бір жағынан, тарихи жылнамалық белгі болып табылатын, екіншіден, өнердің озық ескерткіші саналатын бедерлеме суреті бар тақта тастың бірі - Нармер тақтасы.

Slide 4

Рамзес фараоны

Бұл өнер ескерткіші сол дәуірде болған белгілі тарихи кезеңді ашып көрсетеді. Тақтада Солтүстік патшалығын тізе бүктірген Нармер патшаның әскери жорығы, жеңісі айшықты бейнелермен шебер берілген. Тақтадағы мүсіншінің құрылымдық шешімі, тақта бетіндегі ұтымды бейнелік тәсіл көрген адамды бірден баурап алады. Бұл тарихи өнер көзі - Ежелгі Мысыр өнерінің ең бір айтулы ескерткіші болып табылады.

Slide 5

Пирамидалар

Гизадағы Хеопс пирамидасы. Б. з. б 2560 жылы салынған. Әлемдегі ең ежелгі пирамидалардың бірі

Осыдан кейінгі кезеңдерде де Мысыр патшалығы нығайып, перғауындар билігі арта түсті.

Slide 6

Пирамиданың аумағы мен зәулім кұрылысына тең келер тас құрылыс бүкіл әлемде жоқтың қасы. Оның биіктігі 147 метрге жетсе, ал қырларының ұзындығы 235 метрге жетеді. Ғаламат тас кесектерден әдемілеп өрілген сәулет ескерткіші бес мың жыл бойы әлі мызғымай сол күйі сақталғаны мәлім. Осындай алып кұрылысты басқарған сәулетші X е м и у н еңбегі орасан зор болды. Мысыр елі кейінгі ғасырларда да дүниежүзілік мәдениет пән өнерге өлмес мұра қалдырды.

Slide 7

Қарнақ ғибадатханасы

Оны сол кездегі ел басқарған ұлы перғауын III Аменхотеп салдырды. Патша сәулетшілерден бұл ғибадатхананың ешбір құрылысқа теңдеусіз ерекше болуын талап етті. Шынында да, ғибадатхана бұрын-сонды жер бетінде болмаған ауқымды құрылыс болды. Амон - Күн Құдайына арнап тұрғызылған храм - бірнеше ғасырлар бойы салынды.

Slide 8

Ежелгі Египет суреттерінен қолөнердің барлық түрінің дамығанын көреміз. Олар өзінің қолынан жасап шығарған затына қарай бөлінген. Мысалы: мыс қорытушылар, тоқымашылар, балташылар, тері илеушілер, кеме жасаушылар, құмырашылар жəне зеогерлер.

Мемлекет күшейіп, нығайған сайын қолөнершілерді қанау да күшейген. Олардың көпшілігі перғауындар мен бекзадалврдың шеберханаларында жұмыс жасаған. Көбінесе əскерге қажетті қару-жарақтар əзірленген. Қолөнершілер күндіз де, түнде де, жұмыс істеді. Олардың жұмыстарын бақылаушылар үнемі қадағалап отырған.

Slide 9

Ежелгі Мысыр жазуы

б. з. 5 ғасырында қолданыстан шыққан өлі тіл.

Мысыр тілі ежелгі (б. з. б. 30 - 22 ғасырлар), орта (б. з. б. 22 - 16 ғасырлар), жаңа (б. з. б. 16 - 8 ғасырлар) және демотика тілі (б. з. б. 8 ғасыр. - б. з. 5 ғасыр. ) деп бөлінеді. Семит-хамит тіл шоғырының египет бұтағына жататын мысыр тілі копт тілімен (қ. Мысыр жазуы) қатар 5 ғасырға дейін өмір сүрді. 5 ғасырдан бастап копт тілінің үстемдік алуына байланысты қолданыстан шығып қалды. Шампольон жасаған ежелгі Мысыр тілінің грамматикасы бойынша сөйлем баяндауышының қай сөз табынан жасалғанына байланысты етістікті немесе есімді сөйлем болып бөлінед

Slide 10

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Рим мәдениеті: сәулет, бейнелеу өнері, театр және музыка тарихы мен ықпалы
Византия өнері: сәулет, кескіндеме және Ресей мәдениетіне әсері
Ежелгі Мысыр: тарихи қалыптасуы, экономикасы және мәдениеті
Ежелгі Қазақстанның сәулет өнері және тарихи кесенелер
Ежелгі Рим мәдениеті: тарихы, өнері және құқықтық мұрасы
Ежелгі Египет мәдениеті: діни нанымдар, жерлеу ғұрпы мен сәулет мұралары
ХІІІ-ХV ғғ. бірінші жартысындағы Қазақстан қалаларының мәдениеті: Отырар, сәулет, қолөнер мен ғұламалар
Бейнелеу өнерінің түрлері: кескіндеме, графика, мүсін, сәулет, дизайн және сәндік қолданбалы өнер
Ежелгі Грекия мәдениеті: тарихы, өнері және мифологиялық мұрасы
Ежелгі Иран сәулет өнері: сарай дәстүрлері және Исфаһан, Рази, Хорасан және Әзери стильдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz