1916 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТ - АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
ТАҚЫРЫБЫ: 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
ОРЫНДАҒАН: Избасарқызы А.
Алматы 2018

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің пайда болуы
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс - 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т. б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.

Көтерілістің негізгі себептері:
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша қара жұмысқа 19 -дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын.
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты) ; 2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты.

Революцияшыл-демократияшыл топ өкілдері: Ә. Жангелдин, А. Иманов, Т. Бокин, С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, С. Меңдешов, Б. Алманов, Б. Әшекеев, Ж. Мәмбетов қара жұмысқа алудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.

Либералдық-демократиялық зиялылар: Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов патша үкіметімен келісімпаздық бағыт ұстанды.

1913 жылдың өзінде А. Байтұрсынұлы: “Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды” деп жазды.
М. Дулатұлы: “Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды” деп жазды.
1916 жылғы қазандағы үндеу хатында: “Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар”, -деп жазған болатын.

Жетісудағы көтеріліс:
1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды. Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды: 1. Қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды. Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті. 2. Қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып - жаныштады. 3. Көтеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды. Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен Ыстықкөлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады. Жаркент уезінде көтерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новокиев көтерілісшілері мен подполковник Базилевичтің жазалау отрядының арасында күші тең емес шайқастар болды. Революцияның ірі ошағы-Қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды. Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді. Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.

1916 жылғы 23 тамызда генерал-губернатор А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар:
Болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары
Полициялық шенділер
Имамдар, молдалар
Несие мекемелеріндегі есепшілер
Жоғары лауазымды жергілікті бұратаналар
Дворяндар

Көтеріліске қатысушы революцияшыл-демократияшыл зиялылар өкілдері:
Жетісуда:Т. Рысқұлов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ұ. Саурықов, Ж. Мәмбетов, А. Қосақов
Торғайда:Ә. Жангелдин, А. Иманов
Орал облысы мен Бөкей ордасында:С. Меңдешов пен Ә. Әйтиев
Маңғыстауда:Ж, Мыңбаев

1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды

Шерубай-Нұра болысында:Н. Қияшев Қарашақ болысында:О. Шоңов Верный уезінде:Б. Әшекеев

Түркістан өлкесінде 347 адам атылды, 168 адам жер аударылды. Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың 238 мыңнан астам халқы Қытайға ауып кетуге мәжбүр болды.

Торғайдағы көтеріліс:
Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Торғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халы
1916 жылы 22 қазанда Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А. Д. Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. қ батыры Амангелді Иманов басшылық етті.
Салдары: -3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді. -161-і каторгаға айналды. -Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.

1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz