Мәдениет және тіл




Презентация қосу
Мәдениет және тіл

Орындаған: Худайберген Бақжан
Мәдениет
Мәдениет дегеніміз (латын тілінде cultura”-өңдеу,
тәрбилеу,білім беру,даму,сыйлау) адамдардың өмірі мен
қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен,сонымен
қатар олардың жасаған материалдық және рухани
құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының
белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі.
Мәдениет және тіл
Бірқатар зерттеушілер тіл – мәдениетті танытушы
құрал ғана емес , тілдің бойында оның ( мәдениеттің )
арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін
айқындап тұратын ұлы күш. Ұлттық мәдениеттің
тірегі тілде. Қазақ халқының этностық , ұлттық
мәдениеті, негізінен тілде көрініс тапқан. Осы орайда
тіл – ұлттық болмысымен қалыптасқан төл
мәдениетіміз сақталған негізгі көздердің бірі екенін
айтады
Мәдениет және тілді зерттегендер
Әлемнің тілдік бейнесі
тақырыбына деген
қызығушылық танытқан, осы
мәселені тереңдете
зерттеушілердің бірі – неміс
лингвисі В.Фон Гумбольдт өз
еңбегінде: түрлі тілде – ұлт үшін
ерекше пайымдау мен қабылдау
органдары болып табылады
дейді. Бұл пікірді
қостаушылардың қатарына
Е.Кассирер, Л.Вайсгербер
сияқты ғалымдарды жатқызуға
болады.
Тілдің қоғам өміріндегі маңызы
туралы ғалым К.Аханов: Адам
санасында шындық өмірдің
бейнеленуі тілсіз іске асуы
мүмкін емес. Тіл біздің
ойымызды білдіре отырып,
қоршаған шындық өмір
жайындағы білімімізді сақтап
жеткізуші болып есептеледі. Тіл
объективті дүниедегі заттар мен
құбылыстар олардың сапа,
белгілері және бір-бірімен
қарым-қатынасы туралы қандай
бір ойды болсада икемді келеді
деп жазды.
Зерттеуші Г.Сағидолла ғаламның
тілдік бейнесінде халықтың тұрмыс –
тіршілігі, салт-дәстүрі, наным – сенімі,
жөн-жосығы сияқты ұлттық – мәдени
қазыналары да, адамның күллі әлем,
дүние жайлы түсініктері және сол
әлемнен адамның өз орнын табуға
деген талпынысы да, адамдар
арасындағы қарым-қатынас та көрініс
тауып жататынын атап өткен.Осыған
сәйкес кісі есімдерінің семантикасы
адамға қатысты болғандықтан, сол кісі
есімдерін тудырған қазақ халқы
“ғаламның тілдік бейнесінде”
антропоцентрлік қасиет болмай
қоймайды.
Тілші – ғалым Ә.Қайдар: “Кез
келген тілдің қоғамда өзара
байланысты үш түрлі қызметі
бар. Оның басты қызметі –
коммуникативтік, яғни қоғам
мүшелерінің өзара қарым-
қатынас жасап, бір-бірін
түсінуі, пікір алысуы үшін
қажетті қызметі.Оның екінші
қызметі – көркем шығарма
тіліне тән.Ал тілдің үшінші бір
қызметі, ғылыми терминмен
айтқанда аккумулятивті қызметі
деп аталады.” дейді.
Л.О.Чернейконың
еңбегінде тілдің
философиялық табиғатын,
шындықты бейнелеу сапасын
абстракт атауларды
когнитивтік тұрғыдан
қарастырады. Сепир – Уорф
гипотезасының
тұжырымдары көптеген
зерттеулерге жол ашты,
нәтижесінде бірқатар
этностың мәселелер шешімін
тапты, көптеген деректер
дәлелденді, нақтыланды.
Тіл мен мәдениеттің байланысы мен ерекшеліктері

Халықтың санасындағы дүниені бағалау, қабылдау,
жалпы тіршілік әлеміне деген көзқарас ғасырлар бойы
қалыптасқан философиялық ойлау, мәнері қоршаған
әлемді қабылдау үрдісінің нәтижесі және ұлттық
құндылықтар әлемнің көрсеткіші деуге болады. Нақты бір
этикалық топтың топтың тұлғалық терең мәні бар
құндылықтар құрамына сәйкес күнделікті мінез-құлық
пен жүріс-тұрысын қалыптастыруы ұлт ментаьдылығын
көрсетеді. Бұл құндылықтар тұлғаның бойына әлеуметтік
тұрақтану үрдісінде жанұясымен, туыстарымен,
достарымен, яғни өзін қоршаған ортадағылар тарапынан
қабылданады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ш.Нағымұлы “Мәдениеттану” Фолиант баспасы,
Астана 2010ж
2.Ө.С.Төкенов “Мәдениеттану” Алматы 2005ж

Ұқсас жұмыстар
Мәдениет құрылымы және оның негізгі элементтері
Мәдениеттің белгілер жүйесінің типологиясы
Материалдық және рухани мәдениет
Мәдениеттің мәтіндік концециялары
Мәдениет семиотикасы
Мәдениетті зерттеудің семиотикалық тәсілі
МӘДЕНИЕТТІҢ ЭТНИКАЛЫҚ РӘМІЗДЕРІ
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Мәдениет семиотикасының сипаты
Орта мектептегі информатика оқулықтарына талдау
Пәндер