Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Алматының батыр қала екенін түсіндіру


Slide 1

Тақырыбы: Соғыс жылдарындағы Алиаты

Тақырыбы: Соғыс жылдарындағы Алматы

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Алматының батыр қала екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену, шығармашылық жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге үйрету, Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Slide 3 Slide 4

.

Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 6 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі - 20%, әйелдер - 58%, жасөспірімдер - 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны әйелдер, қариялар және балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. 1943 жылы Алматы қаласында С. Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып, бұл кездесуден кейін Алматы жастары 400 мың ақша жинап, батырға жаңа ұшақ сыйлады. Сондай-ақ, соғыс жылдары жинаған қаржыға И. Павловқа, Н. Добровольскийге, Р. Бекетовке арнайы ұшақтар, Кеңес Одағының батыры Қ. Сыпатав атындағы су асты қайығы жасалынды. Республика тұрғындары өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4, 7 млн. сом ақша беріп, 20-дан астам құрамалар мен әскер бөлімдерін шефке алып жауынгерлерге 2 млн. астам жылы киім, 1600 мың сомның сыйлығын жөнелтті.

Slide 8 Slide 9

.

Сонымен бірге Қазақстанға 20-дан аса театрлар мен музыкалық мекемелер, өнер қайраткерлері көшірілді. 1941-1945 жылдары Алматының біріккен орталық киностудиясында кеңес киноматографиясының алтын қорына енген фильмдер түсірілді. Олар: “Секретарь райкома”, “Они защищает Родину”, “Воздушный извозчик”, “Два бойца”, “Фронт”, “Жди меня”, “Парень из нашего городка” т. б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге тарта кино қызметкерлері мен әртістер еңбектенді. Мысалға, С. Эйзенштейн, Ф. Эрмлер, Г. Рошаль, Э. Тиссе, Н. Черкасов, Г. Александров, С. Васильев, И. Пырьев, Л. Орлова, Н. Крючков, В, Марецкая және т. б. Орталық киностудия қызметкерлерімен бірігіп, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, А. Тәжібаевтің қатысуымен “8 - ші гвардиялық”, “Абай өлеңдері”, “Жауынгер ұлы”, “Саған, майдан” фильмдері түсірілді.

Slide 10 Slide 11

.

Соғыс жылдарында 240 өндірістік нысан тұрғызылып, пайдаланымға енгізілді. ҚЖХК-ның Алматыдағы электротехникалық зауыты іске қосылды, ол шағын теміржол шеберханаларының және Харьков қаласынан көшіріліп әкелінген байланыс зауытының құрал-жабдықтарының негізінде пайда болды. Сол жылдары ол жол көлігіне арналған байланыс аппараттарының кейбір күрделі түрлерін шығару жөнінен еліміздегі жалғыз зауыт болды. Сол кездері Алматыда, сондай-ақ ҚЖХК-ның ірі вагон жөндеу зауыты салынды.

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Соғыс жылдарында Қазақстанда аса ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. Елімізге 220-дан аса мекемелер, комбинаттар, цехтар мен артельдер көшіп келіп жұмыс жасауда. Тек Алматы қаласында ғана 40-қа жуық зауыт, фабрика, цехтар орналастырылды. Олардың арасында С. М. Киров атындағы Алматы ауыр машина жасау зауыты, Карочаров механикалық зауыты, Харьков электротехникалық зауыты, Луганский паравоз жасау зауыты, кондитер фабрикасы, шұға, тоқыма және т. б. мекемелер болды.

.

Slide 15 Slide 16

Бұл мекемелер өте қысқа мерзімде іске қосылып отырды. Теңіз миналары, торпедолар, снарядтар, авиабомбалар, ұшақтарға арналған пулеметтер, радиостансалар, шинельдер, ішкиім, тон, етіктер, азық-түлік және майданға қажетті басқа да өнімдерді Алматының жұмысшылары дайындап, жіберді. Жұмысшылар мен қызметкерлер 12 сағаттан астам жұмыс жасап норманы 2-3 есе артық орындап отырды.

.

Slide 17

1941 жылы Алматыда аурухана, мектеп, жоғары оқу орындары мен демалыс үйлеріне орналасқан эвакогоспитальдер жүйесі пайда болды. Қалада 11 эвакогоспиталь жұмыс жасады. Сонымен бірге соғыс жылдары Алматы мемлекеттік шет тілдер инститы және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ашылды.

.

Slide 18

.


Ұқсас жұмыстар
Ұлы Отан соғысының басталуы
Кеңес Одағының батыры
Тест тапсырмалары (ҰБТ)
Кеңес армияы
Қала көліктері
Бала Бауыржаннан батыр Бауыржанға дейін
Отан соғысы
Қазақтың батыр қыздары
Соғыс жылдарындағы Қазақстандықтардың қажырлы еңбегі janibek history Қазақстан тарихы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz