Эпостық поэмалар немесе батырлар жыры


Slide 1

Тақырыбы: Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясы” мен З. Қабдоловтың “Сөз өнері” еңбектеріндегі тек пен түр

Slide 2

Тек, түр термин ретінде

шартты,

екі мағынада қолданылады:

З. Қабдолов “Сөз өнері” еңбегіндегі тек пен түр

2. әдеби

шығарманың түрлері

әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия,

трагедия т

1. әдебиеттің тектері эпос, лирика, драма;

Slide 3

Эпос грекше epos - баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) - көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан- жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.

Осындай теориялық анықтамаға келмес бұрын профессор Л. И. Тимофеев эпосты термин ретінде екі түрге бөліп алады да, алдымен «әдеби-тарихтық мағынада эпос - халық поэмалары мен ертегілері (орыстың халық эпосы, көне дүние эпосы, т. б. ) »- дейді

Slide 4

Миф- табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын

қиял ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян. Бұл

байырғы халықтардың бәрінде бар, бірақ түпкі туған төркіні көне Греция

(Троя, Фивы циклдері), кейін римляндарға ауысқан.

Slide 5

Лирика ( Грекше Lуrа-ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) - әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне өлеңмен жазылады. Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті де, тәрбиелік күші де айрықша үлкен. Себебі бұл арада өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақын мен оқырманның көңіл күйлері бір-біріне ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді.

Slide 6

Лириканың әдемі түрлерінің бірі - сонет (итальянша sonetto; sonar - сылдырау, сыңғырау) арнаулы өлшеммен, әртүрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең. XIII ғасырда Сицилияда туған Данте, Петрарка көп жазған, кейін Батыс Европаның басқа елдеріне кең тараған, классикалық үлгілерін Шекспир жасаған.

Slide 7

Драма (грекше drama - қимыл, әрекет) - әдебиеттің үшіншиі тегі, шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдына қолма-қол көрсететін күрделі жанр - «әдебиеттің ең қиын түрі» (Горький) . Белинскийдің байыптауына бақсақ, эпос пен лирика «ақиқат әлемінің екі қиыры» болса, драма - сол екі қиырдың қосындысынан туған «үшінші, тірі, өз алдына бөлек», аралық әлем - «поэзияның жоғарғы тегі, өнердің биік өрі». Драматургия мәселесін қозғағандардың барлығы бәрінен бұрын, оның қиындығын айтады. Мұнда үлкен себеп бар, өзге жанрлардай емес, драматургияда шарттылық көп. Драматургиялық шығармаға көлем жағынан шек қойылады. Қандай пьеса болсын жетпіс-сексен беттен аспауы шарт.

Slide 8

Эпос пен лирика сияқты, драманың да бірнеше жанрлық түрлері бар. Соның бірі - трагедия(грекше tragoidia-текенің әні) - құдіретті күш иесі, ғаламат қайсар, ақиық ер де өр тұлғалардың жаратылыстағы, жалпы өмір-тіршіліктегі адам жеңіп болмас асыңқы, асқақ кедергілермен кескілесіне, оның жан дүниесіндегі терең тебіреністерге, өзімен-өзінің іштей арпалыстарына құрылған күрделі сахналық шығарма.

Slide 9

Драматургияның бір түрі - комедия(грекше komadia- күлкілі қызық, ән) - өмірдегі келеңсіз, керексіз құбылысты, адам бойындағы қасиетсіздікті, оспадарлықты, мінездегі мінді сықақпен сынап, келекеге айналдыратын күлдіргі пьеса. Комедия, трагедияға керісінше, «өмірдің биік поэзиялық сәттерін» суреттемейді, қарапайым «күнделік прозасын, +-5ұсақ-түйегін, кездейсоқ жайттарын» (Белинский) суреттейді

Slide 10

Қ. Жұмалиев “Әдебиет теориясындағы” тек пен түр

Эпос (грекше- epos- сөз, әңгіме) . Эпос- көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі. Әдебиеттің басқа жанрларына (тектеріне) қарағанда эпос жанрынажататын көркем шығармаларда оқиға, адамдардың араларындағы қарым-қатынастар біртіндеп дамиды. Қандай өмірқұбылысын суреттесе де, әр жағдайдағы адамдардың арасындағы тартысты баяндаса да, не олардың мінез-құлық, іс-әрекеттерін сипаттаса да, жазушы өзінің оларға қалай қарайтынын аңғартпайды. Тек көруші, бақылаушы, біреулерден естіп, сол естігенін, объективтік қалыпта суреттеп айтып беруші дәрежесінен аспайды. Міне, осы әдіс негізінде берік сақталып жазылған көркем шығармалар, мейлі өлеңмен, мейлі қара сөзбен жазылсын, эпостық жанрға жатады.

Slide 11

Эпостық поэмалар немесе батырлар жыры.

Slide 12 Slide 13

Поэма(грекше - poiёma- туынды) . Поэма- эпостық жанрдың бір


Ұқсас жұмыстар
Лиро - эпостық
”Қыз Жібек” жыры бойынша бекіту сабағы
Қазақ ауыз әдебиетінің этнопедагогикалық мәні
ТАСҚА ЖАЗЫЛҒАН ДАСТАНДАР - ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырындағы кейіпкерлерге мінездеме беру
Батырлар жыры
Қазақ халқының рухани мәдениеті
Хайуанаттар ертегілері
ЕДІГЕ БАТЫР ЖЫРЫ
Қарақалпақ әдебиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz