ЖЕРДІҢ РЕКУЛЬТИВАЦИЯСЫ




Презентация қосу
ЖЕРДІҢ РЕКУЛЬТИВАЦИЯСЫ.АУЫЛ
ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ
ХИМИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН
ОРТА.ҚАУІПСІЗДІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
МАТЕРИАЛДАР,ОРГАНИКАЛЫҚ
ЗАТТАРДЫҢ,МҰНАЙДЫҢ СУДЫ
ЛАСТАУЫ.

Орындаған:Ерік Мөлдір,Ізбасарқызы Айда,ФиАс-227 топ
Қабылдаған:Рысмагамбетова А.А
Жерді қайта құнарландыру, рекультивация(лат. re — қайта не
кері әсерді білдіретін қосымша және cultіvo — өңдеу) — бүлінген
жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны халық
шаруашылығына пайдалануға беру және қоршаған ортаны
жақсарту үшін жүргізілетін кешенді жұмыс. Жердің
құнарсыздануы — әр түрлі шаруашылық әрекеттерінен — жер
асты пайдалы қазбаларын өндіру, геологиялық барлау және әр
түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізуден болады. Осындай
әрекеттердің салдарынан топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты
жойылады, гидрологиялық жүйелер өзгереді,
техногендік рельеф түзіледі. Жерді қайта құнарландырудың
нәтижесінде ауыл шаруашылығына және орман
шаруашылығына қажетті жерлер жақсарып, су құбырлары іске
қосылады, дем алатын орындар мен құрылысқа қажетті аймақтар
пайда болады.
Потомак өзенінің жағалауындағы жерлді қайта құнарландыру жұмыстары,АҚШ
Жердь қайта құнарландыру үшін топырағы құнарсызданған, қоршаған
ортаны ластайтын жерлерді және ластанған су
құбырларын биологиялық, техникалық, және химиялық әдістермен
қалпына келтіреді. Жерді қайта құнарландыру 2 кезеңде жүргізіледі:
1) химиялық құнарландыру — бүлінген жерлерді халық шарушылығына
мақсатты түрде пайдалану үшін жер бетін тегістеу, құнарлы және
құнарландыруға болатын топырақ пен тау жыныстарын жиыстырып жер
бетіне төсеу, жолдар салу, әр түрлі гидротехникалық және мелиоративтік
құрылыстар салу, т.б.;
2) биологиялық құнарландыру— топырақтың құнарлы қабатын қайта
қалпына келтіретін техникалық және фитомелиоративтік жұмыстар
жүргізу, топырақтың құрылымын жақсартатын процестердің жүруін
тездету, құнарланған жерлерде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін
қалпына келтіру мен оның өнімін арттыру.
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің
ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы
халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті
шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз
етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі
үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан
және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен
қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық
және омарта шаруашылығы да кіреді.
XXғасырдың екінші жартысында ауыл шаруашылығына
пайдаланатын жерлер үздіксіз айналымға түскендіктен, сапасы
төмендей бастады. Әсіресе химияландыру науқаны күшейіп, оның
зардабы адамдар арқылы біліне бастады. Бұл экологиялық жағдайлар
дүниежүзінің көптеген мемлекетінде жаппай сипат алды. Статистика
мәліметтері бойынша жыл сайын дүниеге келген сәбилердің 11,2%-і
физикалық жағынан нашар және ақыл-есі кем туатыны анықталған.
Дүниеге келген 100 мың баланың әрбір 11-12 мыңы онкологиялық
ауруларға ұшыраған.
Ауыл шаруашылығында химияны қолдау 1960-1990-жылдары өзінің
биігіне шықты. Егер де 1960-жылдары адам басына шаққанда 5 кг
химиялық өнім келсе, ал 1990-жылдары ол 35 кг-ға жеткен. Бұл
химиялық заттарды қолданудың еселеп өскенін көрсетеді. Яғни, ауру
қарқыны 1960-жылдары 0,74%-тен 1990-жылы 30%-ке дейін өскен. 1990-
1999-жылдары ауыл шаруашылығында химияны қолдану біздің
республикамызда бәсеңдей бастады. Оның көптеген факторлары бар. Бұл
жағдай біршама экологиялық таза өнім алуға жол берген, екінші
жағынан барлық дақылдардың түрінен алынатын өнім азая бастады.
Мәселен, Қазақстанда 1990-жылы 67,2122 мың т минералды
тыңайтқыштар, оның ішінде 42,3% азот, 55,4% фосфор және 2,3%
кальцийдің үлесіне тиген. Органикалық тыңайтқыштар 22445,3 мың т
жеткен. Ал, 1999-жылдары бұл көрсеткіштер 4-5 есеге кеміген .

Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып
табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-
қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз
жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі;
өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында
орналасады; пайдалы қазбалардың ең
маңызды түрі.
Су — сутегі мен оттегінің қалыпты
жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын
қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су,
тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін
алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал
өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл
адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл
мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы
көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін
бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша
топтайды:
Биологиялық ластану: өсімдік, жануар,
микроорганизмдер және аш бейімді заттар
Химиялық ластану: уытты және су
ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер
Физикалық ластану: жылу-қызу, электр-
магнитті өріс, радиоактивті заттар
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға
алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық
қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер,
температура әр түрлі болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың
100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал
Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша
30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің
ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын
суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
өнеркәсіп орындары;
ауыл шаруашылығын химияландыру:
халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді.
Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар
(минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп
жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда
органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады.
Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын
заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық
ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид,
гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы
Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс-
жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы
бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар
пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен
микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап
шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары
азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Қазіргі кезде
ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды,
шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр.
Оның негізгі ластану көздері мыналар:
өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
химиялық заттар және тыңайтқыштар;
тұрмыстық қалдықтар;
жер асты суларымен жалғанатын
құбырлар;
ірі құрылыс учаскелері;
күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып
табылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Бақылау объектісінің өзгеруін бақылау
Жердің ішкі құрылымы
Жердің ядросы туралы түсінік
Жердің жылдық айналымы және оның географиялық салдары
ЖЕРДІҢ ПІШІНІ МЕН ӨЛШЕМДЕРІ
Градус торы
Жердің бағасы - қаржы кадастырының керекті элементі
Ғарыш геодезиядағы уақыттық сағат жүйесі
Жердің құрылысы
Шар тәрізді Жердің дәл
Пәндер