Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы




Презентация қосу
Зейін
Орындаған: Избасрқызы
Айда Топ:ФиАС 227
Зейін — адамның психикалық әрекетінің
белгілі бір нәрсеге бағытталып
шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің
алатын орны зор. Әсіресе, таным
процесінде, білім алу ісінде маңызы
ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы,
есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы
орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін
қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан
іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына
байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас
ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне,
мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына,
темпераментіне, мінез бітіміне байланысты
болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс
физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 –
1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге
болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің
көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға
күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше
қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы
қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып
отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан
бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір
нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды
байқамайтын болады.
С. Л. Рубинштейннің пікірінше,
зейінде сананың затпен байланысы
көрініс табады. 3ейін мен объект
өзара әсерде болады. Бір жағынан,
зейін затқа немесе объектіге
бағытталады, екінші жағынан,
объект зейінді өзіне аудартады.
3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі
субъектіге, яғни адамға ғана
байланысты емес, сондай-ақ зейінді
тудырған объектінің қасиеттері мен
сапаларына да байланысты. 3ейіннің
оянуы— бағдарлық-зерттеудің
бастамасы.
В. И. Страховтың
тұжырымдауынша, шынайы
зейін мен шынайы зейін емеспен
қатар, адамда зейінді болып
көріну және зейінді емес болып
көріну деген қасиеттер кездеседі.
Оны ол зейіннің сыртқы
формасы мен оның шынайы
күйінің кейде сәйкес келмеуімен
түсіндіреді.
П. Я. Гальпериннің тұжырымы
бойынша: 3ейін— бағдарлық-
зерттеулік іс-әрекеттің негізгі
шарты. Өзінің қызметі жағынан,
зейін өзі бағытталған
феноменнің мазмұнын
қадағалау болып табылады.
Зейінде қадағалау белгілі бір
белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге
асады
Л. C. Выготский бойынша, ырықты
зейін ұғымдардың, түсініктердің
дамуына байланысты, яғни берілген
жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін
түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне
білуге байланысты. Адамның
психикалық ұйымдасуының
құрылымына сүйене отырып,
зейінді:
1.процесс (немесе психикалық
процестің жағы: сенсорлық және т.
б.) ретінде;
2.күй (зейіннің шоғырланған күйі)
ретінде;
3.тұлғалық қасиет (зейінділік)
ретінде анықтауға болады.
Зейінің функциялары:
қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық
процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;
ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде
сұрыпталуын қамтамасыз етеді;
белсенділіктің бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын
қамтамасыз етеді.
Зейінділік зейін қасиеттерінің:
оның көлемі мен бір нәрсеге
берілуінің, тұрақтылығы мен
бөлінуінің күшті дамуымен
байланысты. Бұл қасиеттерге ие
адам бір затқа зейінін оңай
жұмылдырады, оның ырықсыз
зейіні жақсы дамыған болып
келеді. Тіпті жұмысқа ықыласы
аумаған күннің өзінде де зейінді
адам ырықсыз зейінін тез
жұмылдырады, өзін қиын және
ықыласы аумаған істерге де тез
көндіре алады.
Назарларыңызға рахме

Ұқсас жұмыстар
Ырықты зейін
Жалпы психология
Ырықты зейін ерекшелігі
ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Зейін туралы ұғым
Ырықсыз зейін Зейіннің бөлінуі
Ішкіні бейнелеу
Түйсік негізгі заңдылықтары
Зейін дегеніміз
Зейін түрлері
Пәндер