Жануарлардағы хламидиоз Chlamydia: морфологиясы, патогенезі, диагностика және иммунопрофилактика

Хламидиялар. Жануарлардың хламидиоз аурулары
Орындағандар:
Муятов Наржігіт
Даниярұлы Нұрғали
Тұрсынжан Мадина
Топ:ВМ-308
Зооантропонозды ауру. Прокариоттар эукариоттардың клеткасы ішінде паразиттік тіршілік ететін облигатты микроорганизмдер құрамына жатады. Құрамында РНҚ және ДНҚ бар. Ұсақ, грамтеріс кокктар, құрылымынында екі түрлі пішінділері бар:
1) Элементарлы денешіктер-клетка сыртындағы, жоғары инфекциялы, тасымалдау түрі. Қабықшасы үш қабатты. Көлемі 400 нм.
Морфологиялық ерекшеліктері: Электронды тығыз, майда бөлшектер; Романовский−Гимзе бойынша қызғылт түске боялады.
Жасушадан тыс көбейе алмайтын түр болып табылады.
2) Инициалды денешіктер-аз инфекциялайды, клетка ішіндегі репродуктивті түрі. Мөлшері 800-1200 нм құрайды.
Морфологиялық ерекшеліктері:
Ұяшықталған құрылымды, ірі (1200 нм) бөлшектер; Романовский−Гимзе бойынша көкшіл түске боялады.
Жасуша ішінде көбейе алатын түрге жатады: бинарлы бөлініп, цитоплазмада қосынды денешіктер түзеді.
Хламидиялар-Chlamydia
Хламидия туысы:
Төзімділігі
қоздырғышы Chlamidia psittaci- қойда, сиыр, ешкі, шошқа, жылқыда іш тастауымен және тіршілікке қабілеті жоқ төл тууымен байқалады. Ең көп экономикалық зиян қойдың іш тастауы, ол 5-60% құрайды.
Хламидиялық түсігі
Жұғу жолдары
Алиментарлы және аэрогенді жолдармен зақымдалады.
Ауру және ауырып жазылған жануарлар хламидия тасымалдаушы болады.
Өсіру
Вирус ТЭ, диплоидты және тұрақты клетка өсінділерінде хламидиялар жақсы өседі.
Зертханалық балау. Вирустың индикациясы және идентификациясы
Бәр жануарлардың хламидиялық іш тастауын серологиялық тәсілмен анықтайды. Ол үшін түсікті толығымен немесе олардың ішкі мүшелерін, шуды, өлген саулықтың жатырын, жыныс жолдарынан бөлінген сұйықтарды қошқардың қан сарысуын және ұрығын алады
Бірінші зағадаттан заттық шыныға жағынды жасап Стемп, Романовский-Гимза әдістерімен бояйды. Препаратта хламидиялардың кокк тәрізді элементарлық денешіктер шоғырланған түрлерін клетка ішінде немесе оның сыртынан табуға болады.
Екінші серологиялық зерттеулер жануарлар қан сарысуында пайда болған антиденелерді КБР, ИФР анықтауға негізделген.
Үшінші хламидияларды бөліп алу үшін тауық эмбриондарын және биосынама қою үшін зертханалық жануарларды пайдаланады. 6-7 күндік тауық эмбриондарын пайдаланады. Зағадаттың( патматериалдың) 10%-дық антибиотикпен өңделген жүзіндісін алып эмбриондардың сары уызына енгізеді. 4-12 күн өткеннен соң өлген эмбриондарды ашып, зағадат алады. Сөйтіп, ТЭ пассаж жасайды.
Зертханалық жануарлар ішінде ақ тышқан хламидиияға сезімтал.
Ретроспективтік балау
Жануарлардан, құстан жұп қан сарысуын КБР, ИФТ әдістерімен анықтайды.
Иммунитет
Толық зерттелмеген.
Арнамалы дауалау
Ірі және ұсақ мүйізді малдардың хламидиозына қарсы арналған инактивтелген эмульсин вакцинаны егу нәтижесінде, бір айдан сон егілген жануарларда 100% иммунитет қалыптасатыны белгілі болды. КБР антидене орта титрі 1:25 дәрежесін көрсетті, ал 6-7 ай өткен соң қайта зерттелген қан сарысуында 96% оң нәтижесін көрсетті, антидене орта титрі 1:29 дәрежесін көрсетті. Ауру бұзауларды емдеу үшін иммунды қан сарысуын қолданады.
Назарларыңызға рахмет!!!