Қарасан қоздырушысы


Slide 1

Тақырыбы: Қарасан қоздырушысы

Slide 2

Дәріс мақсаты: студенттерге қарасан қоздырушысының морфологиялық, биологиялық қасиеттері және қарасанның зертханалық балау әдістерімен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

1. Қарасан ауруына сипаттама.

2. Қарасан қоздырушысының негізгі қасиеттері:

морфологиясы;

өсінділік қасиеттері;

биохимиялық қасиеттері;

антигендік қасиеттері;

Қарасан қоздырушысының негізгі патоген факторлары және ауруының патогенезы;

қоздырғыштың төзімділігі;

антибиотиктерге төзімділігі.

2. Қарасанның бактериологиялық зерттеу әдістері.

3. Қарасанға қарсы қолданатын биопрепараттар.

Slide 3

Қарасан - жіті, жұғымтал емес, дененің етті жерлерінде басып көргенде сықырлайтын дыбыс шығатын домбыққан қабынуы пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Қарасанмен жиі ірі қара мал 3 айдан 4 жас аралығында, сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы аурады.

Slide 4

ҚАРАСАН ҚОЗДЫРУШЫСЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ Clostridium chavoei

Қарасан қоздырушысы клетка

ортасында немесе шетіне

жақын спора түзеді

Патологиялық материалдан

жасалған жағындыда қысқа, жуан,

сопақ таяқшалар табылады

Вегетативті клетка

Спора

Slide 5

Қарасан қоздырушысының қоректік орталарда өсуі

1 сурет.

Китт-Тароцци ортасында Clostridium chauvoei өсіндісі

2 сурет.

Қантты қанды агардағы Clostridium chauvoei өсіндісі (гемолиз алаңы бар домалақ жылтыр колониялар.

3 сурет.

Қантты агардағы Clostridium chauvoei өсіндісі (Гроссберг)

Slide 6

ҚАРАСАН ҚОЗДЫРУШЫСЫНЫҢ БИОХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Көрсеткіштері

C. Chavoei

Көрсеткіштері

C. Chavoei

Желатинді сұйылту

+

Лецитиназа

-

Ұйыған қан сарысуын сұйылту

-

Глюкоза

Сахароза

Лактоза

Мальтоза

Галактоза

Левулеза

Қышқыл және газ түзіп ыдыратады

Жұмыртқаның сары уызын сұйылту

-

Сүтті іріту/пептонизациялау

+/-

Индол түзу

-

Н2S түзу

±

Маннит

Салицин

Глицерин

Дульцит

инулин

Ыдыратпайды

Нитраттарды нитриттерге редуциялау

-

Каталаза түзу

-

Slide 7

Қарасан қоздырушының патогенді факторлары

Экзотоксин

Агрессин

Гемотоксикалық

компонент

Өліеттендіру

компоненті

Гемолизин ірі қара малдың және қойдың

эритроциттерін ерітеді, жылқы мен

қоянның эритроциттерін өзгертпейді.

Фагоцитоз тежеледі,

ұсақ қан тамырлары зақымданады,

гликогеннің ыдырауынан газ бөлініді.

Бұның нәтижесінде зақымданған

телім домбығады, басып көргенде

сықырлайтын дыбыс шығарады,

осы жерлері өліеттенеді.

Токсиндер мен ыдыраған ұлпаның

өнімдері қанға өтіп,

бүкіл организмді улайды.

Дененің ыстығы жоғарылайды,

жүректің, бауырдың

қызметі бұзылады,

аурудың ақыры өлімге соқтырады

Дезоксирибонуклеаза

(бета-фактор),

Гиалуронидаза

(гамма-фактор)

Оттегіне сезімтал

гемолизин

(дельта-фактор)

Гемолизин

Slide 8

Қарасан аурудағы патологиялық анатомиялық өзгерістер

Қарасанмен ауруыған ірі қара малдың патологиялық анатомиялық өзгерістері (бұлшық етінің қараюы, газ көпіршіктерінің жиналуы)

Slide 9

Қарасанның зертханалық балауы

Зерттейтін материал - экссудат сұйығы, зақымданған бұлшық ет,

бауыр, көк бауыр кесінділері, жүректегі қан

Бактериоскопиялық

зерттеу

Бактериологиялық

зерттеу

Биологиялық

зерттеу

Жағындыны микроскоптау

(Грам және Муромцев

әдістері бойынша бояу)

Жуан таяқшалар, сопақ,

жұмыртқа және ұршық тәрізді.

Спора түзеді, қауашақ түзбейді

Себінді жасау

(Китт-Тароцци, Мартен, Цейсслер

және ми қосылған орталары,

қантты-қанды агар )

Теңіз шошқасына

биосынама қою

(зардапты материалдың

экстрактісін, бөліп алған

өсіндіні бұлшық етке егу)

(Китт-Тароцци, Мартенсорпасы

лайланады, Цейсслер ортасында

түйме, жүзім жапыраға тәрізді

шоғырлар өседі,

ми қосылған орталар қараймайды)

Теңіз шошқасы

16-48 сағаттан соң өлімге

ұшырайды

(уыттылық жаңа бөлініп

алған өсінділерде

байқалады)

Slide 10

Қарасан қоздырушысымен зақымданған теңіз шошқасының патологиялық анатомиялық өзгерістері

Clostridium chauvoei өсіндісімен зарарланғаннан кейін 24 сағаттан соң өлген теңіз шошқасының өліксесі. (Бұлшық етінің қызаруы, қараюы) .

Теңіз шошқасының ішегінің газсыз атониясы


Ұқсас жұмыстар
ҚАРАСАН
ҚАРАСАН (GANGRENA EMPHYSEMATOSA ЭМФИЗЕМАТОЗНЫЙ КАРБУНКУЛ)
ҚАРАСАН АУРУЫ
ТОПАЛАҢ ОНЫ БАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Қиды залалсыздандыру туралы
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар
ІНДЕТТІ АУРУЛАРДА ҰША
Инфекциялық аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық- санитариялық сараптау және ветеринариялық-санитариялық бағасы
ШОШҚА ТІЛМЕСІНІҢ ҚОЗДЫРУШЫСЫ
Кампилобактериоздың бактериологиялық диагностикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz