Талшықты дақылдар


Slide 1

Талшықты дақылдар. Маңызы, топтары, өсірілетін аудандары. Мақта талшығының технологиялық қасиеттері. Биологиялық ерекшеліктері. Мақтаның прогрессивті өсіру технологиясы және шитті мақтаның жинау ерекшеліктері.

Slide 2

ЖОСПАР:

1. Талшықты дақылдар. Маңызы, топтары, өсірілетін аудандары.

2. Мақта талшығының технологиялық қасиеттері.

3. Мақтаның биологиялық ерекшеліктері.

4. Мақтаның прогрессивті өсіру технологиясы және шитті мақтаның жинау ерекшеліктері.

1-сурет. Мақта

Slide 3

1-сурет. Мақта дақылы

Slide 4

1. Талшықты дақылдар. Талшықты өсімдіктер тоқыма өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Ең көп тараған талшықты дақылдарға мақта, зығыр және сора өсімдіктері жатады. Бұл өсімдіктер тоқыма өндірісі шикізатының 95% қамтамасыз етеді.

Бұл өсімдіктердің тұқымдары құрамында тамаққа және техникалық мақсатқа пайдаланылатын майлар бар. Қазақстанда негізінен мақта өсімдігі өсіріледі.

Халық шаруашылығындағы маңызы таралуы, өнімі. Әлемде пайдаланылатын тоқыма заттары ішінде мақта талшығы бірінші орын алады. Ол тоқыма өнеркәсібіне шикізат болумен бірге автомобиль, авиа­ция өнеркәсіптерінде және т. Б. әртүрлі өндіріс салаларында кеңінен қолданылады.

Slide 5

2. Мақта талшығының технологиялық қасиеттері. Шитті мақтаның әр центнерінен (талшықты тұқымынан) 32 кг талшық, 65 кг тұқым, 1 кг қысқа талшық (линтер) алынады. Ал 1 кг мақта талшығынан 20 м іш киімдік мата немесе 14 м коленкор, 12 м шыт, 8 м ақжаймалық, 3 м киімдік мата алады.

Мақтаның ұзын талшықты сорттарынан арнайы және бағалы бәтес, маркизет, сәтеннің, бумазей маталарының жоғары сорттарын тоқиды.

Мақта талшығы жүнмен араластырылғанда жіңішке, жартылай жүнді тоқыма алуға пайдаланылады. Өте қысқа мақта талшықтарынан әсемдік және іш киімдік тканьдар, тоқыма жұмсақ сүлгілер және басқа да қажетті заттар шығарады.

Тұқым түгінен, үзілген талшықтан немесе кысқа талшықтан (линтерден) дәрігерлік мақта, жанғыш пілте, жасанды фетр, целлюлоза, коллодиум, целлофан және целлулоид, жа­санды жібек, кино-фото пленкаларын, машинаның темір бөлшектерін сырлауға арналған бояу, қағаз және басқа да заттар алуға пайдаланылады.

Slide 6

Шитті мақта өнімінің 65% алатын мақта тұқымы құрамында тамаққа, түрлі консервілер мен маргарин әзірлеуде, сонымен қатар сабын қайнату, глицерин мен спирт шығаруда, олиф алуда және т. Б. Қолданылатын 18-27% май болады.

Мақтаның 1 ц тұқымынан 17-19 кг өсімдік майын, 40-42 кг күнжара, 38-40 кг тұқым қабығын алады.

Мақта күнжарасы құрамында 40% ақуыз бар, сондықтан оны мал азығы үшін пайдаланады. Бірақ күнжарада улы зат - госсинол болады. Сол себепті күнжарасын аз мөлшерде, ірі қараға тәулігіне 2-3 кг береді, ал шошқаға беруге болмайды.

Тұқым қабығы мал азығына, қағаз жасауға, органикалық қышқылдар, целлюлоза, ксилит және т. Б. Заттар алуға қолданылады.

Мақта сабағы (гуза-пая) отын ретінде, бояйтын және басқа заттар алуға пайдаланылады. Мақта жапырағынан өндірістік әдіспен 10% шамасында лимон қышқылын алуға болады. Ауыспалы егісте отамалы дақыл есебінде дәнді және басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болғандықтан мақтаның агротехникалық маңызы зор. Сонымен қатар, мақта гүлдерінде бал шырыны бар.

Slide 7

2-сурет. Мақта талшығы

Slide 8

3. Мақтаның биологиялық ерекшеліктері. Жылуға қоятын талаптары. Мақта тұқымдары топырақ температурасы 10-12оС-қа жеткенде бөртіп, өне бастайды, бірақ өнуге оңтайлы температура - 20-25оС. 0, 5-1, 0оС үсікте мақтаның егін көгі опат болуы мүмкін. Жалпы өсіп-дамуы үшін қолайлы температура - 25оС, одан жоғары температура (26-30оС) гүлдену және қауашақ түзу кезеңдерінде қажет. 10-12оС температурада мақта талшықтары қысқа және жуан болып қалыптасады да, пісіп-жетілмейді.

Мақтаның толық пісіп-жетілуі үшін ерте пісетін сорттарына - 3000, орташа пісетіндеріне - 3400, кеш пісетіндеріне - 4000оС белсенді температура жиынтығы қажет.

Ылғалға қоятын талаптары. Мақта құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Тереңге бойлайтын кіндік тамыры топырақтың төменгі қабатындағы ылғалды тиімді пайдаланады, сондықтан жылына 350-400 мм жауын-шашын түсетін аймақтарда өсіріле береді. Транспирациялық коэффициенті 500-600.

Суармалы жағдайларда мақта жоғары өнім түзеді, ол үшін гектарына 5-8 мың м3 су қажет.

Жарыққа қоятын талаптары. Мақта жарық сүйгіш өсімдік. Шашыраңқы күн сәулесі жағдайында мақтаның пісіп-жетілу кезеңі ұзарады.

Топыраққа қоятын талаптары. Орталық Азияда және Оңтүстік Қазақстанда мақта сұр, шалғынды сұр, шалғынды батпақты топырақтарда өсіріледі. Мақта үшін жер асты сулары жақын және қышқыл топырақтар жарамсыз.

Slide 9

4. Мақтаның өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Мақта үшін ауыспалы егістегі ең қолайлы дақыл - жоңышқа. Мақта топырақтағы қоректік заттар құрамына, суға және басқа қажетті факторларға жоғары талап қояды.

Мақтаны жылма-жыл бір жерге қайталап сепсе, топырақтан қоректік заттардың көп алынуына байланысты оның құнарлылығы төмендеп, жырту қабаты шаңданып, зиянды тұздар қосындылары көбейіп және жер асты суларының көтерілуіне әкеліп соқтырады.

Жоңышқа топырақтың тұздануын бірнеше есе төмендетеді. Топырақ бетін біркелкі жабатын жоңышқа, топырақтан судың булануын азайтып, төменгі тұз қосындыларының жоғары көтерілуін тоқтатады. Үш жыл қатарынан өсірілген жоңышқа әр гектарға 18 т органикалық заттар қалдырады, топырақтың физикалық қасиеттерін жақсартып, ондағы микроорганизмдерді жандандырып, суаруға кететін су мөлшерін кемітеді.

Жоңышқаның тағы бір ерекшелігі - ол мақта танабында жиі кездесетін солдырма ауруын 3-4 есе азайтады. Мақта мен жоңышқа жоспарлы түрде ауыстырылып себілсе солдырма ауруы мүлде жойылады.

Slide 10

Мақта үшін жоңышқадан басқа қонақ жүгері, жүгері және бұршақ дақылдары - маш, ас бұршақ, майбұршақ, түйе жоңышқа алғы дақыл бола алады.

Мақта - жоңышқа ауыспалы егістіктерінде, көктемде көк балауса ретінде жиналатын немесе жасыл тыңайтқышқа жыртылатын (рапс, қыша, арпамен қосыла себілген ас бұршақ және басқалары) күздік дақылдарды пайдаланған жағдайда, суармалы мақта егісі өте тиімді. Мақта өсіретін шаруашылықтардағы ауыспалы егісте мақтаның үлесі 65-80% шамасында болады.

Орта Азияның көптеген шаруашылықтарындағы ауыспалы егістегі жоңышқа мен мақтаның ара қатынасы 3:6 және 3:7 болады, жоңышқаны бірінші жылы жүгерімен немесе судан шөбімен, сол сияқты астыққа арналған арпамен қоса себеді, ал екінші және үшінші жылдары бүркеме дақыл себілмейді. Осындай ауыспалы егістіктерде төртінші жылы мақта өсірсе жасыл тыңайтқыштар (сидераттар) немесе көптеген аймақтарда органикалық тыңайтқыштар енгізіледі.

Жаңа игеріліп жыртылған және суару жүйесі қолайсыз жерлерде ауыспалы егіс кескіні 1:3:6 ара қатынасында болғаны жөн. Бұл жағдайда бір танапта мелиорациялық жұмыстар жүргізіледі, 3 танапқа жоңышқа, 6 танапқа мақта себіледі.

Slide 11

3-сурет. Н. Ә. Назарбаев мақта егістік алқабында

Slide 12

Топырақ өңдеу. Мақтаға арналған танап топырағын өңдеу жүйесі оның ауыспалы егістегі орнына, алғы дақылына, топырақ және басқа жағдайларына байланысты. Мақта себуге арналған танапты сапалы дайындау - одан жоғары өнім алудың және жерді дұрыс пайдаланудың басты шарты.

Топырақ өңдеудің басты бөлігі - ерте әрі терең жыртылған сүдігер. Оның алдында танаптан мүмкіндігінше бұрынғы мақта қалдығы жұлып жойылады, қажетті мөлшерде тыңайтқыш сіңіріп жырту алдында суарылады, топырақтағы көп жылдық арамшөп, жоңышқа тамырлары қалдықтарын сыдыра жыртып жою және тағы басқа жұмыстар жүргізіледі.

Мақта себілетін жер көбінесе П-5-35 м, ПН-4-35 соқаларымен аудара жыртылатын болса, қазір танапты екі ярусты жырту кеңінен таралып отыр.

Екі ярусты жырту кезінде аударылған қабаттарға тыңайтқыштарды бөлектеп сіңіру қамтамасыз етіледі. Тыңайтқыштарды 0-15 және 15-30 см тереңдікке ПЯ-3-35 соқасымен, 0-20 және 20-40 см тереңдікке ПД-4-35 соқасымен сіңіреді. Жыртудың бұл әдісі - Орта Азияда кеңінен тараған, негізгі топырақ өңдеу әдісіне айналды.

Топырақтың төменгі қабатын (40-50 см) қопсыту тереңдеткіштер қолданылып жүргізіледі және керегінше қайталанып отырылады.

Slide 13

Мақта егісінен кейін қайта мақта себуге арналған танаптың өңделіп жыртылуы қараша айының екінші жартысында, желтоқсан айының басында аяқталады.

Ауыспалы егісте мақта дәнді дақылдан кейін себілетін болса, онда оларды маусым-шілде айларында жинап алып, 5-8 см-ге сыдыра жыртады да, топырақ ылғалдылығын молайтып арамшөптерді өсіру мақсатында жақсылап суарады. Сыдыра жыртылған, суарылған егістікте арамшөптердің өсіп шығуына орай танап топырағының жоғарғы қабатын тамыз-қыркүйек айларында аудара жыртады. Жыртылған жер тегістелмейді. Бірақ жауын-шашыны аз, қыста қатты жел көп тұратын жерде ғана сүдігерді тырмалау керек.

Жоңышқа өскен танапты мақтаға арнап екі ярусты соқамен 40 см терең жыртады. Келесі жылы жыртуды 8-10 см таяздатып, топырақтың құнарлы қабатына дейін келтіреді. Топырақ құрғап кеткен жағдайда танапты жырту алдында суарады.

Мақта кеш себілетін дақыл болғандықтан тұқым себер алдында топырақтың сапасына баса назар аудару керек. Танап топырағы тұқым себілгенше борпылдақ, ылғалды, арамшөппен ластанбаған, біркелкі тегістелген болуы тиіс.

Slide 14

4-сурет. Мақта дақылын өсіру кезеңі

Slide 15

Тұқымды себуге дайындау олардың жоғары сапалыларын таңдап алып, тазалығы 97-98%, өнгіштігі 87-88%-дан кем болмауын қамтамасыз етуден басталады. Мұндай жоғары сапалы тұқым мақтаның алғашқы жиналған егістіктерінен ғана алынады. Себуге арналған тұқым, шитті мақта тазарту зауытында механикалық жолмен талшықтардан (джинирлеу), жартылай тұқым түгінен (линтерлеу) және ірілігі бойынша сұрыптауда (калибровка) толықтай тұқым түгінен (делинтирлеу) тазартылады.

Бірақ тұқымды түгінен жартылай және толық тазарту кезінде тұқымның жарақаттануы мүмкін. Сондықтан тұқымды түгінен тазартудың жақсы жолы - делинтирлеу әдісі. Бұл әдісте тұқым қышқылдармен, химиялық жолмен, немесе агрохимиялық күрделі газдардан тұратын қосындылармен өңделеді. Нәтижесінде тұқым зақымдалмай, егістік сапасы жақсарып, ауруға төзімді келеді. Делинтерлеуден өткен тұқымды КСМ-1, 5 машинасынан өткізіп, ірілігіне қарай сұрыптайды.

Тамыр шірігі, гоммозға қарсы әр тонна тұқымды 10-12 кг мөлшерінде 65% фентиураммен өңдейді де, себу алдында 24-36 сағат бойы әр 1 ц тұқымға 60 л су құйып, дымқылдандырады. Ол тұқымның тез өніп, көктеп шығуын қамтамасыз етеді.

Себу мерзімі. Оңтүстік Қазақстан облысының ғалымдарының кепілдемелеріне сәйкес мақтаны себуді ауаның орташа тәуліктік температурасы 12-130С жеткенде бастаған дұрыс, оның үстіне көктемгі ауа-райы жағдайларын, топырақтағы ылғал қорын ескеру қажет. Облыстың оңтүстік аудандарында сортаң топырақтарында 18-сәуір, ал тұзданбаған топырақтарда - 20-сәуірден бастап себе беруге болады. Облыстың солтүстігінде - Арыс-Түркістан каналы аймағында және Шардара ауданында мақта тұқымын топырақ 12-140С қазғанда немесе сәуірдің үшінші онкүндігінде жүргізіледі. Одан ерте себілсе мақтаның көктеуі мен пісуі ұзарады, кеш себілсе қауашақтың ашылуы мен пісуі баяу жүріп, күзгі аязға дейін мақтаның жиналмауы да мүмкін. Алғашқы тұқым себуді жеңіл топырақты оңтүстік беткейлерде жақсы қызатын топырақта қысқа мерзімде аяқтайды.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік шаруашылығы
Ішек жұмысын реттеуге арналған рацион
Биологиялық диктант. Жануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеу
Тұқымы түкті
Орталық Американың орталығы
Селекцияның генетикалық негіздері
Көк итқонақ/ Setaria viridis
Маталардың қасиеттері мен түрлері
Қанқалық тіндер жасқа байланысты өзгерістері
Дәнді дақылдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz