МҰРЫНЖҰТҚЫНШАҚ КӨМЕЙ




Презентация қосу
ТЫНЫС АЛУ
ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАСҚА
БАЙЛАНЫСТЫ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
ЖОСПАР
Тыныс алудың маңызы
Ауа жолдары. Олардың жас өспірімдер
ағзасына тән ерекшеліктері.
Өкпе оның құрылысының атқаратын
қызметіне сәйкес ерекшеліктері.
Тыныс алудың реттелуі. Тыныс алу тоқтап
қалғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.
Оқу орындарының микроклиматына
қойылатын гигиеналық талаптар.

Тыныс алу ағзамен оны қоршап
тұрған сыртқы ортаның
арасындағы газ алмасу процесі.
Тотығу реакциясы – энергия
бөлетін негізгі биохимиялық
процесс.
Сондықтан ағзаның тіршілік
процесі ұлпалар мен жасушаларды
оттегімен толық қанағаттандыруға
байланысты болады.
Тыныс алу жүйесі

Құрамы:
I ауа өткізу жолдары (мұрын
қуысы, мұрынжұтқыншақ,
көмекей, кеңірдек, бронхтар
тармақтары)
II респираторлық бөлім
(респираторлық бронхиолалар +
альвеолярлық жолдар +
альвеолярлық қапшықтар =
ацинус).
МҰРЫН
Мұрын және мұрын қуысы – тыныс
жолдарының басталар бөлігі. Ол тербелмелі
эпителийлі сілемейлі қабықпен жабылған
және көп қан тамырлары бар. Мұрын
қуысының сілемейлі қабығында иісті
қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұшы
болады.
Мұрынжұтқыншақ – жұтқыншақтың ауа

өтетін бөлігі. Ол мұрын қуысын көмекеймен
жалғастырады.
МҰРЫНЖҰТҚЫНШАҚ
КӨМЕЙ
Көмей- іші қуыс түтік, ол мойынның
алдыңғы бөлігінде IV-VI мойын
омыртқалары дейгейінде орналасқан. Көмей
қабырғасы сіңір, буын және бұлшық
еттермен қосылған бірнеше шеміршектен
тұрады. Тағамды жұтқанда көмекейге
кіреберіс шеміршекті көмей қақпашығымен
жабылады. Ең ірі шеміршек- мойынның
алдыңғы бетіне шығып тұратын қалқанша
шеміршегі.
Көмей шеміршектері арасында екі
дыбыс сіңірлерін түзетін сілемейлі
қабаттар болады. Олардың арасындағы
кеңістік дыбыс саңылауы деп аталады.
Дауыс дыбысы тыныс шығарған кезде
дыбыс сіңірлерінің тербелісі
нәтижесінде пайда болады. Дауыс түрі
мен оның тембрі дыбыс сіңірлерінің
ұзындығына байланысты.
Көмейге ас бөлшектері немесе басқа
заттар түскенде, сондай-ақ қабыну
процестерінде адам жөтеледі де күшті
дем шығарылады. Бұл көмейдің
тазартылуына әсер етіп, тыныстың
төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың
енуіне кедергі келтіреді. Көмейдің
төменгі бөлімі VI-VII мойын
омыртқалары тұсында кеңірдекке өтеді.
КЕҢІРДЕК – TRACHEA
Кеңірдек- ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм,
өңештің алдында орналасқан түтік. Ол кеңірдек
қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін
шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады.
Кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы өңешке
жанасады да, астың өңешпен еркін жылжуына
мүмкіндік береді.
V кеуде омыртқасы деңгейінде кеңірдек негізгі екі

бронхыға бөлінеді.
Кеңірдектің екі негізгі бронхтарға ажырайтын

жерін кеңірдек бифуркациясы деп атайды.
Бронхылар оң және сол жақ өкпеге
кіреді, содан кейін өкпеде
тармақталып, бронхы ағашын түзеді.
Ең ұшындағы жіңішке бұтақшалары
бронхиола деп аталады да,
альвеолармен аяқталады.
ӨКПЕ
Өкпе- кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті
жұп мүшелер. Оң жақ өкпе бөлікаралық
жүлгелермен бөлінген үш бөліктен, ал сол жақ
өкпе екі бөліктен тұрады. Өкпенің сыртқы дөңес
бетін қабырғалар қоршайды, ал ішкі, ойыс, жүрек
жақ бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Өкпе
қаңқасы арқылы негізгі бронхылар, өкпе
артериялары, жүйкелер кіріп, веналар мен
лимфа тамырлары шығады. Өкпенің сыртқы
жұқа қабықшамен-екі жапырақшадан тұратын
өкпеқаппен (плерва) жабылған.
Тыныс алу сыртқы және ішкі
болып бөлінеді. Сыртқы немесе
өкпе арқылы тыныс алу дегеніміз
өкпе альвеоласындағы газдар мен
қанның құрамындағы газдардың
алмасуы.
Тыныс алу бұлшық еттерінің
қызметі сопақша мида орналасқан
тыныс алу орталығы арқылы
реттеліп отырады.
СӨЖ

Тыныс алу жүйесінің аурулары
және олардың алдын-алу үшін
нұсқаулық жасау.

Ұқсас жұмыстар
Бадамша бездері
Ішкі шырышты және шырыш асты қабаты
Қатерлі ісік ауруы
Дифтерия қоздырғышы
Тыныс алу мүшелері гистологиясы
Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясы Жоғарғы көмей нерв нейропатиясы Тіласты нерві нейропатиясы
Көмей қызметі
Тыныс алу аппаратының және зәр бөлу мүшелерінің жүйесі
Рактың тағы бір алғашқы белгісі - теріде немесе кеуде тұсында үлкен без пайда болып, жараға айналуы
Тыныс ағзаларының жасқа байлансты өзгерістері
Пәндер