Арақ өндірісінің технологиялық сызбанұсқасы
Презентация қосу
Арақ өндірісінің
технологиялық
сызбанұсқасы
Орындаған: МПБҒ-21 магистранты
Аллабергенов А.Б.
Тексерген: т.ғ.к., аға оқытушы
Жазықбаева Г.М.
ЖОСПАР
1.Спирт өндірісі
2.Арақ туралы түсінік
3. Арақ технологиясы
4. Арақ су қоспасын дайындау.
5. Арақ өндіру технологиясы
6. Шикізатқа, негізгі және көмекші материалдарға сипаттама
7. Бидайға сипаттама
8. Өндірістің технологиялық сызба нұсқасы.
9. Қорытынды
10. Әдебиеттер тізімі:
Арақ – ректификатталған этил спиртінің сумен қосындысынан
тұратын күшті масайтқыш (алькогольді) ішімдік. Арақ қарабидайдан,
бидайдан, арпадан, т.б. жасалады. Құрамындағы спирт мөлшері 40, 50,
56%.
Алматы Ликер-Арақ Зауыты, - Алматы қаласындағы спиртті
ішімдіктер мен сусындар шығаратын кәсіпорын. Ол 1959 жылы шарап
зауыты мен кондитер фабрикасының ликер-арақ цехы негізінде
құрылған. Мұнда арақтың, ликердің (шырын қосылған спиртті
ішімдік), жеміс шараптарының, спиртті тұнбалардың, шырынды
сусындардың т.б. бірнеше түрлері шығарылады. Жылына
шығарылатын өнім түрлерінің саны 32-ден 40-қа дейін жетеді.
Кәсіпорын 1976 жылы Қазақ бальзамын, 1980 жылы «Алтынсу» ащы
тұнбасын, 1981 жылы «Таулық» тәтті тұнбасын өндіруді игерді. Бұлар
жергілікті дәрілік шөптер мен өсімдік тамырларынан, әртүрлі
жемістерден дайындалады. Кәсіпорын 1997 жылы «Алматы ликер-арақ
зауыты» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
Спирт өндірісі - тамақ өнеркәсібінің дәнді дақылдардан ішімдік (этил) спиртін
дайындайтын саласы. Этил спирті, негізінен, тамақ өнеркәсібінде, медицинада және
радиоэлетроникада қолданылады. Спирт өндіру үшін дәнді дақылдар, картоп және
қант өнімдері пайдаланылады. Дән тазаланып, ұнтақталып арнаулы қазандарда
сумен қосылып қайнатылады. Осыдан пайда болған қою массаға ашытқы
ферменттері қосылып ашытылады. Крахмал ашып спиртке айналады. Ашытылған
масса (брага) сүзіліп, сүзінді айыру аппаратына жіберіледі.
Арақ туралы түсінік
Арақ - ректификатталған этил спиртінің сумен қосындысынан тұратын күшті масайтқыш ішімдік. Арақ
қара бидайдан, бидайдан, арпадан, т. жасалады. Құрамындағы спирт мөлшері 40, 50, 56%.
Алкогольдер - органикалық қосылыстар немесе бір атомды спиртте. Олардың молекуласында
қаныққан кеміртек атомының бір гидроксил тобы (ОН) болады. Алкогольдердің ең маңыздылары метиль
спирті (метанол, аға спирті), химиялық формуласы - СН3ОН әлсіз иісті түссіз сұйықтық, сумен жақсы
араласады, формальдегид, күрделі эфирлер, түсті еріткіштер алынатын: шикізат, жүйке және тамыр
жүйелеріне әсер ететін күшті у; этил спирті (этанол, шарап спирті) - С 2Н5ОН өзіндік иісі, күйдіргі дәмі бар
түссіз сұйықтық, сумен жақсы араласады; тағамдық шикізатты (крахмал, қант, шырындар т.б.) ашыту
есімдік текті заттарды гидролиздеу және синтездеу жолдарымен алынады ректификаттау арқылы
тазаланады, синтетикалық каучук, этилді эфир т.б. ал үшін, еріткіш ретінде, спиртгі ішімдіктер өндіруде
колданылады; бути спирттері - С4Н9ОН өзіндік спирт иісі бар түссіз сұйықтық, 4 изомері белгілі
изомерлері суда нашар ериді, күрделі эфирлер мен жуғыш заттарды синтезде үшін, техникада еріткіш
ретінде қолданылады. «Алкоголь» үғымы ауызекі сөзде арақ - шарап т.б. спиртті ішімдіктердің
жалпылама атауын білдіреді.
Арақ технологиясы
Суды дайындау.
Арақ дайындауда қолданылатын шикізаттардың бірі - су.
Су ас су талаптарына сай болу керек және бөтен иіс
болмауы керек,түссіз болу керек.
Арақтың құрамында судың мөлшері 60% болады. Бұнда
судың тұздылығы мен қаттылығы есепке алынады.
Жалпы судын қаттылығы 1мг экв/л болуы керек. Бұл
жағдайда жұмсартылмаған су және 0,36 мг экв/л
жұмсартылған су қолданылады. Судың қаттылығы
жоғарылаған сайын араққа жағымсыз дәм береді,
сонымен қатар кальций, магний тұздары, судағы
ертінділер арақ түбіне шөгіп оның түсін өзгертеді. Суды
жұмсарту мақсатында әктелген соды пайдаланылады.
Арақ су қоспасын дайындау.
Арақ су қоспасын периодты және үзіліссіз әдіспен жасайды. Периодты әдіске герметикалық түрде
жабылатын ыдыс өзіне керекті су мен спирттің мөлшерін жинақтап апады. Қоспаны механикалық
мешалкамен мұқият араластырудан кейін реттеліп алынған қоспаны тексеріп қажетті жағдайда
спирт немесе су қажет мөлшерде қосады. Арақтың әр түрлілігіне байланысты оған түрлі дәм, иіс, түс
бергіш заттар қосылады.
Активтендірілген көміp спирт қоспасын эфир қоспасынан және альдегидтерден, қышқылдардан
тазалайды. Арақ өндірісінде көмір ең негізгі қолданылатын шикізат. Көмірдің сапасы белсенділігіне
байланысты. Соңғы судың тазалануы үздіксіз кварц құмының көмегімен жүзеге асады және бұл құм
түссіз, мөлдір, кристаллы түс алуға әсер етеді. Құмнан жасалған фильтрлі цилиндрлік құрылымнан
тұрады, олар бидайдың әр түрлерін жинайды, жоғарғы жағына 350 мм биіктікте, мөлшері 1,0-1,5 мм
бидай, ортасында 200 м биіктікте 1,2-2,0 мм және төменгі жағында 50 мм бидай көлемдері сияқты.
Содан кейін фильтрлік сұйыктық жоғарыдан төменге қарай беріледі. Тоқтаусыз сорттауда спирт су
қоспасын 2-3% спиртті құбырға жібереді, ол жерде жұмсартылған су нормаға сай болады.
Шикізатқа, негізгі және көмекші материалдарға сипаттама
Картоптың культурасы және сорты.Картоп Solanum, тұқымдасына
жатады.Бұл – оңтүстік Америка өлкесінде болатын көп жыл өмір сүретін
гүл өсімдігі болып табылады, ал культурада – бір жыл жасайды. Картоп
түйнегінің химиялық құрамы сортына қарай өзгереді.
Құрғақ құрамы 25% орташа химиялық құрамы (%): су-75; крахмал-20,45;
қант-0,3;азоттық зат(N×6,25)-2,0;май-0,15; клечатка-1,0; күл-1,1 тең
болады.
Картоп – алқа тұқымдасына жататын шөптес өсімдіктердің бір туысы.
Картоптың жер бетіндегі сабағы -3 қырлы; жапырағы тақ қауырсынды,
гүлінің түсі әр қилы; ақ, көгілдір, күлгін қызыл, желектері мен аталығы – 5;
жемісі жидек, оның ішінде сарғыш түсті көптеген тұқымы болады.
Бидайға сипаттама. Арақ өндірісінде дәнді –дақылдардың ішінен бидайды таңдап аламыз.
Дәнді –дақылдардың сапасы олардың жалпы және технологиялық маңызды көрсеткішерімен
бағаланады.
Қара бидайдың (Secale L)мынадай белгілері болады. Гүлі – масақ. Масақ сабағы қысқа
бөліктерден тұрады. Әр бөлікке бір – бірден масақшалары орналасады. Масақ – екі масақша
жабынынан және 2-3 гүлдерден тұрады. Масақ жабындары гүлдердікінен қысқалау болады
және үшкірлеу болып, қысқа қырлы болып келеді. Гүлі екі жабыннан (генгуй) тұрады. Сыртқы
жабыны үшкірлеу болып сабаққа жалғасады, ол жерде 3-4 жіпшелер болады. Ішкі гүл жабыны
екі қырлы және жоғары жақтары шашыраңқы болады.
Спирт алу
Өндірістің технологиялық сызба нұсқас
Бидайды қабылдау
Ұнтақтау
Қоспа дайындау
T=40°C
Қайнату
Т=125°С
Ұстау
Т=125:105°С
Ыдырау және суыту
Суыту және қанттандыру
Т=59-60°С
Қорытынды
Шикізаттың тағамдық түрінен өндірілген этил спиртін жекелеп алғанда бидайдан алынған
спирт минерал – арақ, шарап жасауды, медицинада және формацияда қолданылады.
Жылуды төмендетудің негізгі шаралары оны көп рет қолдану болып табылады.Химикаттар
шығынының белгіленген нормаларын сақтау және қатаң ұстап тұру, ашытқылар шығынына
айтарлық, жай әсерін тигізеді, яғни өзіндік құнын да әсер етеді деген сөз интенсивті масса алмасу
аппараттау өнімділігінің жоғарлауымен төмендетуге болады.
Шикізаттың тағамдық түрінен өндірілген этил спиртін, жекелеп алғанда бидпйдан алған спирт,
өндірістерде, сауыл-шаруашылықтарында кең қолданылады. Атап айтсақ ликер-арақ, шарап
жасауда, медицинанда, формацептикада, парфюмерияда кеңінен қолданылады.Жоғары сапалы
спирт алу үшін аппараттар, қондырғылар тиімді жұмыс істеп және химикаттар мен шикізаттың
нормативтерге сәйкес өңделіп, олар қатаң түрде қадағаланып отыруы тиіс.
Этил спиртін өсімдік шикізаттарының көміртектерінен (бидай, картоп, қантты қызылша) және
мелассадан (қант өндірісінің қалдығы), сонымен қатар ағаштың өңделген қалдықтарынан алады.
Бұған қоса этил спиртін синтетикалық жолмен де алуға болады.
Әдебиеттер тізімі:
1.Аяпов К. Жеміс және жидек шаруашылығы.- Алматы: Қайнар,1993.-288.
2.Достар арағы аспандауда // Егемен Қазақстан.- 2010.-15.- қазан.
3.Құлдыбаев М. Ауыл шаруашылығы микробиологиясы.- Алматы: Білім,1994.-
286.
4.Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет.-Алматы: Мектеп, 2002.-254.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz