Тәуекелді талдау


Slide 1

Коммерциялық тәуекелдерді және сақтандыруларды бақылау Сұрақтар : 1. Тәуекелдердің мазмұны мен классификациясы 2. Тәуекелді талдау әдістері 3. Тәуекелдерді басқару

Slide 2

Тәуекел тұжырымдамалары

Тәуекел қауіп-қатер ретінде, тәуекел тек қолайсыз жағдайларды тудыратын қауіп -қатерлерді алып келеді.

Тәуекел мүмкіндік ретінде, тәуекел тек жағымсыз әсерлерді ғана емес, жеңіске жетугеде мүмкіндік береді.

Тәуекел нәтиженің белгісіздігі ретінде, нәтижелер күтілетін нұсқалардан айтарлықтай ауытқуы мүмкін.

Slide 3

Тәуекел- қойылған бизнес мақсатқа жету үшін әсер ететін іс-қимылдардың белгісіздігі.

Slide 4

Тәуекелдің себебі-белгісіздік

Белгісіздік- кез-келген нәрсе туралы ақпараттың немесе анықтаманың жетіспеуі немесе жоқ болуы.

Белгісіздіктің түрлері:

Экономикалық ортаның белгісіздігі

Саяси шешім қабылдаудың белгісіздігі

Табиғи шешім нәтижелерінің белгісіздігі

. . . Вариациялық белгісіздігі

Сыртқы :макро орта, микро орта .

Slide 5

Кәсiперлiк тәуекелдiң түрлерi:

-өндiрiстiк;

-комерциялық;

-қаржылық.

Slide 6

Қаржылық тәуекел:

Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржы институттарымен байланысқа түскенде пайда болады. Қаржы тәуекелінің себебі - инфляциялық факторлар, банктың есеп төлемінің өсуі, бағалы қағаздардың құнының төмендеуі және т. б.

Кәсіпорын кредит берушілерге тәуелді, кредит шартының артуы немесе күшеюі өндірістің төмендеуі немесе тоқауына алып келеді

Slide 7

Коммерциялық тәуекел:

Коммерциялық тәуекел - кәсіпкердің өндірген немесе сатып алған тауарларды өткізу процесінде пайда болатын тәуекел. Коммерциялық тәуекелдің себебі : конъюнктурлардың немесе басқа жағдайдың өзгеруі нәтижесінде өткізім көлемінің төмендеуі, тауардың сатып алу бағасының жоғарылауы.

Себептері - тауардың өткізім көлемінің төмендеуі, бағаның өсуі, тауардың жоғалуы.

Slide 8

Барлық тәуекелдер келесідей жіктеледі:

Ішкі тәуекел-бұл тәуекелдер, кәсіпорын қызметінің талдауы мен жоспарына сәйкес қабылданған шешімдерге байланысты;

Сыртқы тәуекел-кәсіпорын қызметіне әсер етуші сыртқы макроорта мен микроорта объектілерінен туындаған қолайсыз әсерлерден болған тәуекелдер.

Динамикалық тәуекел- бұл тәуекелдер негізгі капиталдың құнының анықталмаған өзгерісіне қатысты қабылданған басқарушылық шешімдер немесе нарықтағы күтпеген өзгерістер, саяси және т. б жағдайлар.

Статистикалық тәуекел-бұл тәуекел мүлікке келтірілген зиян әсерінен болған нақты активтерден айырылып қалу қауіпі, сондай-ақ, мысалы: қызметке жарамсыз кәсіпорын кірісіне байланысты.

Slide 9

Коммерциялық тәуекелдер

Алыпсатарлық

(спекулятивті)

Таза

Қаржылық тәуекел

Несиелік тәуекел

Пайыздық тәуекел

Валюталық тәуекел

Пайданы жоғалту тәуекелі

Slide 10

Коммерциялық тәуекелдер:

Сатып алынатын және сатылатын тауарлардың бағасының өзгеруінен болатын тәуекел;

Айналым процессінен болатын тауар жоғалту тәуекелі;

Айналым шығындары жоғарылау тәуекелі;

Нарықта тауарларды сату мен сапасына байланысты тәуекелдер;

Тауарды қабылдау барысында болатын тәуекелдер;

Кәсіпорынның іскерлік қабілетінің тоқтау қауіпі;

Инфляцияға байланысты тәуекелдер;

Сатып алушының төлем қабілеттілігіне байланысты тәуекелдер;

Келісім міндеттемелерінің орындалмау тәуекелділігі;

Валюталық курстың ауытқуынан болатын тәуекелдер;

Қызметкерлердің сенімсіз болу тәуекелділігі;

Бәсекелестердің іс-әрекетіне байланысты тәуекелдер.

Slide 11

Тәуекелдікті талдау

Сапалық талдау - тәуекел факторын анықтау, тәуекелдің пайда болуына алып келген деңгейлер және жұмыстар, яғни тәуекелдің әлеуетті аумағын белгілейді және мүмкін тәуекелді теңестіреді.

Сандық талдау - тәуекелден болуы мүмкін шығындардың сандық көлемі.

Материалды жоғалтулар - бұл алдын ала ойластырылмаған қосымша шығындар немесе бұл тікелей материалдық объектілерді жоғалту.

Еңбек жоғалтулары - кездейсоқ немесе кенеттен болатын еңбек уақытын жоғалту

Қаржылық жоғалтулар - қарастырылмған ақшалар, айыпұл, қосымша салықтар т. б. әсерінен болатын тікелей ақша шығындары

Уакыт жоғалту - кәсіпкерлік қызметінің үрдісінің баяу қызмет етуіне байланысты

Арнайы жоғалтулар - адамдар денсаулығына келтірілген зақым, қоршаған ортаға және кәсіпкердің абыройына келтірілген зақым және т. б.

Slide 12

Сандық талдаудың түрлері

Статистикалық әдістің мәні берілген немесе ұқсас өндірістегі шығындар мен табыстардың статистикасы зерттеліп, сол немесе басқа экономикалық қайтарулардың көлемі белгіленіп, болашаққа дәлірек болжау құрылуында болып отыр. Варнация, дисперсия және стандарттық ауытқулардың есептеулері жүргізіледі

Slide 13

Сандық талдаудың түрлері

Эксперттік әдіс : шешімдер ағашы.

Қабылдануы мүмкін әртүрлі нұсқалардың графикалық құрылуына негізделеді. «Ағаш бұтақтары » бойынша болып жатқан оқиғаларға байланысты субъективті және объективті баға беру . «Ағаш бұтақтары »құрылуына байланысты қозғалатын болсақ ықтималдықты есептеудің арнайы методикасын қолданады ол бойынша жолдың әр нұсқасы бағаланады

Slide 14

Тәуекелді басқару кезеңдері

Тәуекелді талдау

Анықтау

Бағалау

Тәуекелге әсер ету тәсілін анықтау

Шешім қабылдау

Төмендету

Сақтау

Жіберу

Тәуекелге әсер ету

Slide 15

Тәуекелді төмендетудің негізгі әдістері

Жобаның қатысушылары арасында тәуекелді бөлу қаржылық жоспар немесе басқа келісімшарттарды жасау кезінде жүзеге асырылады

Тәуекелді бөлу сандық және сапалық деп жіктеледі


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік тәуекелді талдау және басқару
Қаржылық тәуекелдерді талдау және бағалау
Тәуекелді бағалау
НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІ КЕМІТУ ӘДІСТЕРІ
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
Кәсіпкерліктегі тәуекел менеджменттің негіздері
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ТӘУЕКЕЛ ТУРАЛЫ
Кәсіпкерлік қызметтегі қауіптер
КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
КОРПОРАТИВТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz