КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ


Slide 1

Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер

Slide 2

Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдылығы. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді.

Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджирлау жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады. Шет елдерде тәуекелді азайтудың кең тараған тәсілі - хеджирлау (аудармасы - жоғалтулардан сақтау) .

Slide 3

Кәсіпкерлік тәуекел - өнімдерді тауарларды, қызмет көрсетулерді өндірумен, оларды өткізумен, тауар-ақша және қаржы операцияларымен, коммерциямен байланысты кез келген қызмет түрінде пайда болатын әлеуетті мүмкін қауіптілік, ресурстарды ықтимал жоғалтулар. Ол ресурстардың күтпеген, есептелмеген шығыны ретінде немесе ресурстарды ұтымды пайдалануға есептелген нұсқамен салыстырғандағы табысты ала алмауы ретінде сипатталады.

Slide 4

Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар

өндірістік

коммерциялық

қаржылық

инвестициялық

нарықтық

Slide 5

Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т. б. себептер тікелей ықпал жасайды.

Коммерциялық тәуекел - бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Slide 6

Қаржылық тәуекел - қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т. б.

Инвестициялық тәуекел - бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.

Нарықтық тәуекел - бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

Slide 7

Кәсіпкерлік тәуекелді туындататын факторлар Кәсіпкерліктегі тәуекел бірқатар факторлардың болуымен байланысты, яғни жоғалтулардың туындау ықтималдылығын жоғарылата отырып, сол немесе өзге іс-әрекеттерді туғызатын шарттармен сипатталады. Мұндай шарттар кәсіпкердің өзінің белгілі бір іс-әрекеттері нәтижесінде кәсіпкерлік құрылымдардың ішкі қызмет сферасында, сондай-ақ бизнесті қоршаған ортаның, яғни мемлекеттік органдардың, жабдықтаушылардың, бәсекелестіктердің әрекеттерінің әсерінен туындайды.

Slide 8 Slide 9

Қаржылық тәуекелдің түрлері

Slide 10

Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау әдістері

Кәсіпорынның тәуекелдерін бағалаудың негізгі әдістері болып статистикалық әдістер есептеледі. Олардың ішіндегі перспективалы әдіс қаржылық тәуекелдерді факторлық талдау (факторлық жүйе моделін қолдану) болып табылады. Мысалы, диверсификацияланған инвестициялық тәуекелді инвестиция объектісінің даму перспективаларының бар-жоқтығы бойынша, бәсекелестік деңгейі, тапсырыстар саны, келісілген шарттар саны бойынша, ал - несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, инфляциялық күтілімдер, ел экономикасының дамуының жалпы беталыстары бойынша бағаланады.

Slide 11

Тәуекелдерді басқару әдістері

Тәуекелді басқару дегеніміз - тәуекел факторларын бейтараптандыру және талдау әдістерінің жиынтығы.

Тәуекелді басқару үрдісін 6 сатыға бөлуге болады:

Мақсатты анықтау

Тәуекелді айқындау

Тәуекелді бағалау

Тәуекелді басқару әдістерін таңдау

Таңдалған әдісті қолдану

Нәтижелерді бағалау

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер жайында
Кәсіпкерлік қызметтегі қауіптер
Тәуекелді бағалау
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ТӘУЕКЕЛ ТУРАЛЫ
Кәсіпкерлік тәуекелді талдау және басқару
Инвестициялық тәуекел
Тәуекелді басқару әдістерін таңдау
Тәуекелдерді басқару әдістері
Кәсіпкерлік тәуекелдің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz