Тәуелсіздіктің мағынасы зор, тамыры терең ұғым


Slide 1

«Тәуелсіздік тұтқасы

бізге аманат»

Slide 2

Тәрбие сағатының мақсаты:

Тәуелсіздік тарихы туралы ақпараттар жинақтап, зерттеу, талдау жасау.

Ой - өрісін кеңейту, ұлттық сана - сезімді қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Өз тарихын, елін, тілін, дінін сақтауға, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу, өз елінің патриоты болу.

Slide 3

Тәуелсіз ел болу дегеніміз - кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт- дәстүріңді, әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін- еркін сөйлеуі деп білемін. Тәуелсіздіктің мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарды құрбандыққа шала отырып, қол жеткізеді. Қазақстан тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін көру үшін тарихқа көз жүгіртейік.

Slide 4

1986 ж. Желтоқсанда отты оқиға болды. Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мұхаметжанова, Е. Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.

Slide 5

АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ

Slide 6

Бұрқ етті қазақ баласы,

Кеудеде өршіп наласы.

Алаңға қарай ағылды,

Таусылып барлық шарасы.

Slide 7

Қайрат

Рысқұлбеков

Slide 8

Сабира

Мухамеджанова

Бұлдыр-бұлдыр, бұлдыр күн.

Қан жылатқан құрғыр күн.

Медет болған алладан,

Тұнжыраған тұлдыр күн.

Алаштан озған жүйрігім,

Алтын діңгек қазығым.

Аққудай аппақ нәзігім,

Сәбира апат болған күн.

Slide 9

Ләззат

Асанқызы

Бота көзің боталап

Қиянаттан қаталап

Дәл он алты жасыңда

Жан адам жоқ қасыңда,

Қыршыныңнан қиылдың.

Қара жерге бұйырдың,

Алқара көк аспаның,

Аяласын, Ләззат.

Шейіт болған жас жаның,

Тыным алсын, Ләззат.

Slide 10

Ел басына күн туса,

Қараша үйде түңіліктей,

Желпілдеген Ерболым.

Сұраймын деп еркіндік,

Тас емхана, тас үйде,

Селкілдеген Ерболым.

Қанішердің қолында,

Қансыраған Ерболым.

Өтерінде алладан,

Жан сұраған Ерболым.

Ербол

Сыпатаев

Slide 11

Сол жақтан санағанда 2 қатарда жетінші тұрған Сәбира 1 сынып оқушысы

Slide 12

Сәбираның 8 сыныпты үздік бітірген аттестаты

Slide 13

Сәбира оқыған педагогикалық училище

Slide 14

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Рысқұлбековтың анасына халық қаһарманы белгісін тапсыруда

Slide 15

Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке орнатылған ескерткіш. Семей.

Slide 16

1991ж. 1 желтоқсанда тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті.

1991 ж 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы жарияланды. Бұл еліміздің ешкімге тәуелсіз, дербес мемлекет екендігін дүние жүзіне әйгілі еткен аса қасиетті құжат.

Slide 17

Тәуелсіздік шежіресі.

1991ж. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды.

1992ж. Мемлекеттік Рәміздер бекітілді. Қазан айында тұңғыш ғарышкер Т. Әубакіров ғарышқа самғады.

1993ж. Тұңғыш Конституция қабылданды. 15 қарашада төл теңге дүниеге келді.

1994ж. Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда ұшқыш Т. Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.

1995ж. 30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды.

Slide 18

Алматыдағы Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіш

Slide 19

Ерлікке тағзым

Slide 20

Тәуелсіздік

монументі

Slide 21

1996 ж. Мемлекеттің әнұраны, елтаңбасы, туы қабылданды

Slide 22

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны-

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің-Қазақстаным.

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Slide 23 Slide 24

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24. 1. 1996) белгiленген.

Slide 25

Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков

Slide 26

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы

Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24. 1. 1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi - шаңырақ. Ол - гербтiң жүрегi. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.

Slide 27

Шота Уәлиханов

Жандарбек Мәлібеков

Slide 28

Біз кімбіз ?

Тәуелсіз елдің жастары

Ел қорғаушы

Өз Отанымыздың патриоты

Заңдарын қорғайтын ұландар

Өз жолын анықтай алатын азамат

Адамның қадір - қасиетін құрметтеушіміз

Әлемдік өркениетттердің тоғысқан жерінде өмір сүрген әулеттердің ұрпақтарымыз

Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор жастармыз

Біз бақытты, Интернет жүйесіне қол жеткізген білімге құштар жастармыз

Slide 29

“Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып- көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!”

Н. Ә. Назарбаев

Slide 30

Бұл бүгін қазағымның бас қаласы.

Елордам халқым үшін ерен бөлек-

Тәуелсіз елдің Астанасы!

Slide 31

Барыс бейнесі

Қаланың кіре берісінде биік тұғырда орнатылған, барыстар қаланың қақпасын ашып, оны қорғап және тез арада жаумен шайқасуға дайын тұрғандай.

Жағалауға көз шалып тұрған ‘’Барыс’’ бейнесін жасау идеясы шығыс экзотикалық раритеттерінің батыс трактовкасын еске түсіреді.

Ескерткіш авторы: Т. Досмағамбетов.

Slide 32

Ақ Орда

Ақ Орда соңғы дамыған құрылыс әдісімен салынған жаңа резиденция. Президенттің жаңа резиденциясы-Есілдің сол жағалауындағы басты офистік ғимарат-административтік шаршы метрді құрап, қазақстандық мәрмәр және гранитті пайдаланып салынған. Ғимараттың ең биік шыңы, қыранның бейнесін көрсеткендей 80 метрді құрайды.

Жаңа адиминстративтік ғимараттың тұрғызылуына үш жыл уақыт кетті. Ғимараттың құрлылысы 2001 жылдың қыркүйек айынан басталды. Арнайы ашылу саланаты 24. 12. 2004 жылы болды. Бұл ерекше ақтастан соғылған сарай бейбітшілік пен мемлекеттің қуатты бейнесінің символын береді.

Slide 33
Ұқсас жұмыстар
Мәдени - тарихы мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңызы
Тәуелсіздік шежіресі
Көрісу күні - жаңару мен жақсылықтың бастауы
Мәдениет морфологиясы
Әлеуметтанулық теория
Ежелгі үнді философиясы
Азаматтық,
Азаматтық, Қазақстандық елжандылық, этносарлық келісім туралы ұғым
Азаматтық,елжандылық,этносарал ық келісім туралы ұғым
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz