Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
Презентация қосу
Жоспары:
Кіріспе. Жүре пайда болған жүрек ақаулары.
Негізгі бөлім
А.Митральды қақпақшаның жетіспеушілігі.
В.Митральды тарылу.
С.Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі.
Д.Қолқа сағасының тарылуы.
Е.Үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жүре пайда болған жүрек ақаулары:
• Жүре пайда болған жүрек ақаулары балалардың өмір сүру барысында дамиды. Ол әртүрлі
инфекциялардан, вирустардан, бактериялардан, кейбіреуінің этиологиясы белгісіз болады.
Балалардың жүре пайда болған ақауларының көпшілігі ревматикалық қызбаның әсерінен
туындайды.
Ревматизм-дәнекер тінінің, оның ішінде жүрек, қантамырлар және буындарды зақымдайтын
инфекциялық аллергиялық ауру. Дер кезінде емдемесе әртүрлі жүректік ақауларға соқтырады. Оларға
митральды қақпақшаның тарылуы, митральдық тарылу, қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі, қолқа
сағасының тарылуы және үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі жатады.
Митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі эндокардиттің, оның қайталауының салдарынан
дамитын митральды қақпақшаның ақауы немесе мүкістігі. Гемодинамикалық тұрғыдан қарағанда
қосжармалы қақпақшаның систола кезінде сол қарыншадағы аортаға кететін қанның біразын кері
қарай, сол жүрекшеге қайта жіберіп қоюы. Қақпақшаның жарамсыздығы әуелгі уақытта жүректің
артық жұмысымен компенсацияланыпжүреді, бірақ жүрек күші азайғанда кіші қанайналыс
шеңберіне, әсіресе өкпеге ауыртпалық көбейіп, жалпы қанайналыс бұзылады.
Митральды
қақпақшаның
жетіспеушілігі.
Клиникасы:
Жүрек ұшында жақсы естілетін үрлеген, систолалық шу, I тон
дыбысының әлсіреуі, жүрек көлемінің солға және жоғары
қарай кеңеюі. Систолалық шу I тонмен тығыз байланысып
шығады, систоланы түгелге д не түгел қамтиды, ол қолтық
астында және арқа тұсында да естіледі. Ауруды жатқызып не
тұрғызып тыңдағанда шу күші бірдей естіледі, дене қимылы
көбейгенде үдей түседі.
Ақауды қақпақшаның морфологиялық өзгерістеріне қарай 3
дәрежеге бөледі. 2-3 дәрежелі митральды қақпақшаның
жетіспеушілігінде жүрек жұмысының нашарлауы, митральдық
регургитация артуы мен қанайналыстың бұзылуына сай ауру
балада ентігу, жөтел пайда болады, бірте-бірте жүректің оң
жағынада ауыртпалық түседі.
Аспаптық зерттеудегі өзгерістері:
ЭКГ-да сол қарынша мен жүрекшенің гипертрофиясы байқалады.
Рентгенде митральдық конфигурация-жүрек көлемінің сол
жаққа үлкейгені, жүрек белінің толысқаны көрінеді.
ЭхоКГ-да митральдық қақпақша тұсындағы қанның
турбуленттік ағысы, қақпақшаның регургитациясы айқын
болады.
Митральдық
тарылу
Ревматизмдегі эндокардиттің екінші салдары- сол жақ
атриовентрикулярлық тесіктің тарылуы. Митральдық стеноз жеке
түрде сирек кездеседі, көбінесе ол митральды қақпақшаның
жеткіліксіздігімен қатар дамиды және осындай жағдайларда стеноз
басым ба, әлде жеткіліксіздік басым ба, олардың сатысы қандай деген
сұрақты шешудің ем жолындағы маңызы аз емес.
Гемодинамиканың бұзылысы сол жүрекшеде қанның іркілуі мен оның
мөлшеріне байланысты. Сол жүрекшедегі қанның қысымы
жоғарылайды, жүрекше миокардында гипертрофия дамиды. Осыған
байланысты өкпе веналары мен капиллярларында ретроградтық
іркіліс, яғни веналық посткапиллярлық өкпе гиперт ензиясы шығады.
Өкпе тамырларының компенсациялық тарылуы пайда болады, оның
өзі өкпе артериясындағы қысымның жоғарлауына, одан әрі жүректің
оң жақ бөлігінің дилятациясына және жұмысының жетіспеушілігіне
әкеледі, осы жағдайда прекапиллярлық өкпе гипертензиясы пайда
болады.
Клиникасы:
Митральдық стеноздың тек өзіне тән дыбыс белгілері бар:
тарсылды бірінші тон, гүрілдеген пресистолалық діріл.
Ентігу, жүректің тулап соғуы, жөтел, кейінірек қан түкіру
шығады. Осындай балаларда цианозға байланысты беттің
қызылшырайлануы, еріннің көкшілденуі білінеді. Дене
өсуі мен дамуы баяулайды.
Қолқа қақпақшасының
жетіспеушілігі
Көбінесе ревматизмге байланысты шығатын ақау,
алайда басқа себептерден де өріс алуы мүмкін.
Гемодинамикалық бұзылыс қолқа қақпақшалары
жабылмайтындықтан диастола кезінде қанның сол
қарыншаға кері қайтуымен сипатталады. Осыған
байланысты онда гипертрофия орын алады. Шет
жақтағы тіндерге артериялық қан аз барады.
Гипертрофияланған миокардқа коронарлық
тамырлар арқылы қан жетуі азаяды.
Клиникасы:
Төстің сол жақ қырында анық естілетін және 2
тонмен тікелей байланысты құйылған су дыбысы
тәрізді протодиастолалық шу. Кейін қақпақшалар
жетіспеушілігі үдегенде жүректің шаншып ауруы,
ентігу шығады. Баланың түрі бозарып, өсу
процесі кемиді. Осы кезде каротидтер биі,
систолалық қан қысымы жоғарылап, Мюсси,
Ландольфи симптомдары пайда болады.
Қолқа сағасының тарылуы
Көбінесе қолқа қақпақшаларының
жетіспеушілігінен кейін қосылатын
ревматикалық ақау.
Гемодинамикалық тұрғыда систола кезінде қан
қолқаға толық кете алмайды да, сол қарынша
миокардында гипертрофия орын алады.
Сонымен қатар, коронарлық қантамырларға қан
әдеттегіден аз болады.
Клиникасы:
Төстің сол жақ қырында, қабырға аралығында естілетін
үрлеген систолалық шу. Осы шу ұйқы артериясына қарай
жақсы тарайды.
Ауру балада жүрек тұсының ауыруы, ентігу, бас ауыруы,
кейде есінен айырылу, жүректің соғуы сияқты шағымдар
болады.Пульстің әлсіздігі, жүрек көлемінің солға қарай
кеңеюі, төстің тұсында пальпациялық систолалық діріл
байқалады.
Үшжармалы қақпақшаның
жеткіліксіздігі
Клиникасы:
Корвалло-Риверо систолалық шуы естілуімен белгілі. Бұл
шудың төссүйектің төменгі тұсында немесе төс сабының
үстінде, тынысты шығарғанда анық естілетін, көбінесе
оңға қарай тарайтын белгілері бар. Бауырдың үлкеюі,
асцит, аяқтағы ісіктің болуы ақаудың сатысына
байланысты.
Трикуспидалдық қақпақшаның жетіспеушілігі
ревматизмнің толассыз қайталайтын ағымында
кедеседі және ол көбінесе митральдық, қолқа
қақпақшаларының ақауларынан соң пайда болады.
Гемодинамикалық бұзылыс қанның оң жүрекшеге
қайта баруымен байланысты, сөйтіп, жоғары және
төменгі қуыс веналарда қанның көп жиналуы және
іркілуі байқалады. Осыған сай бауыр көлемінің
үлкеюі, жүректің оң жақ бөлігіне ауыртпалықтың
көп түсуі айқын көрінеді.
Емі:
Терапевтік әдістерден көмек азаяды,
сондықтан операция жасау керек болады;
хирургиялық көмек қақпақшаның ақауы
бар жеріне жамау салу немесе оның
орнына жасанды қақпақша орнату.
Пайдаланған әдебиеттер:
Хабижанов Б.Х., Хамзин С.Х.
“Педиатрия“.
Дадамбаев Е.Д. “Емханалық
педиатрия“
Google.kz.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz