Ішкі аурулар



Марат Оспанов атындағы
Батыс Қазақстан
Мемлекеттік Медицина Университеті
Факультет: Жалпы медицина
Кафедра: № 1 Ішкі аурулар
Студенттің өзіндік жұмысы
Орындаған : Тәжіғос А. Т.
Тобы: 407 Б
Тексерген: Мергалиева К. Ж.
АҚТӨБЕ 2019
ТАҚЫРЫБЫ: ӨТ ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ДИСКИНЕЗИЯСЫ

Жоспары:
1. Этиологиясы
2. Патогенезі
3. Клиникалық көрінісі
4. Диагностикасы
5. Емі

Өт шығару жолдарының дискинезиясы кезінде - бауырдан өт қабына немесе түтіктер бойынша өт ағысының бұзылысы. Аурудың ерекшелігі- бауыр мен өт қабындағы патологиялық өзгерістердің болмауы.
Тексеру кезінде өт қабының екі түрлі қызметінің бұзылысы анықталады - оның тым тез немесе тым баяу жиырылуы. Әйелдерге қарағанда ерлерде 10рет жиі кездеседі.

Өт шығару жолдарының дискинезиясы кезінде - бауырдан өт қабына немесе түтіктер бойынша өт ағысының бұзылысы. Аурудың ерекшелігі- бауыр мен өт қабындағы патологиялық өзгерістердің болмауы.
Тексеру кезінде өт қабының екі түрлі қызметінің бұзылысы анықталады - оның тым тез немесе тым баяу жиырылуы. Әйелдерге қарағанда ерлерде 10рет жиі кездеседі.
Өт қабының жиырылу деңгейіне байланысты дискенезия түрі анықталады:
Гипермоторлы - ағзаның жиырылуы жиі және тез. Бұл жағдай жас адамдарда жиі кездеседі.
Гипомоторлы - жиырылу түрі баяу, ағзаның белсенділігі төмен. Статистика бойынша бұл жағдай 40тан асқан адамдарда, невроз немесе психозы бар науқастарда жиі кездеседі.

Даму механизміне байланысты патология 2 түрлі болады:
Біріншілік дискинезия - туа пайда болған өт жолдарының аномалиясымен байланысты.
Екіншілік дискинезия - асқазан-ішек жолдарының немесе басқа ағзалардағы өзгерістерге байланысты өмір сүру барысында пайда болатын патология.

Этиологиясы:
Біріншілік түрінің себептері:
*өт қабының тарылуы
*өт қабы мен түтіктерінің екі еселенуі
*өт қабы аумағында қақпақтың болуы
Екіншілік түрінің себептері:
*гастрит
*асқазан-жара ауруы
*холецистит
*панкреатит
*дуоденит
*вирусты этиологиялы гепатит
*гипотериоз
*невроз
Салыстырмалы әсер ететін себептер:
*генетикалық тұқым қуалаушылық
*инфекциялық этиологиялы ішек аурулары
*глистты инвазия
*вегето-тамырлы дистония
*аз қозғалмалы өмір салты
*артық салмақ
*ауыр физикалық жұмыс

Клиникасы:
-Оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, түріне байланысты әр түрлі болады:
Өт қабының жиырылғыштығының жоғарылауы кезінде - жедел, ұстама тәрізді, жауырын және оң жақ иыққа иррадиациялы ауырсыну. Ауыр физикалық жүктемеден соң немесе майлы тағамнан соң пайда болады.
Өт қабы жиырылғыштығының төмендеуі кезінде аурсыну - тұйық, қақсамалы, үнемі, науқастар оң жақ қабырға астындағы жыртылғандай ауырсыну сезімін айтады.

Өттік колика - әрқашан жедел, кенеттен, интенсивті түрде пайда болады және жүрек қағуымен жүреді. Ауырсыну өте қатты болғандықтан, науқас қорқыныш және өлім қаупін сезінеді.
Холестатикалық синдром(өт жолдары және бауыр патологиясы) :
-сарғаю
-бауыр ұлғаюы
-нәжіс түсінің өзгерістері
-зәр түсінің өзгерістері
тері қабатының қышуы
Асқазан-ішек жолы жүйесінің бұзылысы:
-іштің кебуі
-тәбеттің төмендеуі
-жүрек айну, құсу
-ауыздан сасық иістің шығуы
-ауыздағы ащы дәм
-ауыз қуысының құрғақтығы
Невроз:
-күйгелектік және ұйқысыздық
-терлегіштік
-созылмалы шаршау синдромы
-бас ауруы

Диагностика:
-Науқасты сұрастыру
-Анамнез жинау
-Физикалық қарау
-Лабораторлы зерттеу
-УДЗ (аш қарынға, кейін майлы тағамнан соң 40мин кейін)
-Дуоденальды зондтау (өт үлгісін тексеру)
-ФЭГДС ()
-Пероральды холецистография
-Эндоскопиялық ретроградты
-Гепатобилиарлы сцинтиграфия

Емі:
Күн тәртібін дұрыс қарау:
-Еңбек пен демалысты дұрыс қалыптастыру
-Таза ауада жиі серуендеу
-Отырмалы жұмыс кезінде, әрбір 2 сағат жаттығу жасау
Қатаң диета:
-Майлы, қақталған, ащы тағамдарды шектеу
-Тұзды тағамдарды шектеу
-Үнемі минералды сусындарды пайдалану
-Тағамды аздаған порцияда, жиілігі күніне 6-4рет болу керек
Дәрілік препараттар:
-өт айдағыш препараттар - холеретиктер
-Ферментты препараттар
-Холеспазмолитиктер
-Өт қабына тюбаж(тазарту) -оң жақ бүйіріне жатып, өт айдағыш препараттарды қабылдау және оң жақ қабырға астына.
-Үнемі дуоденальды зондтау
-Электрофорез
-Гирудотерапия

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Лекционный материал.
2. С. И. Рябов. М. : Медицина, 1982 год.
3. Ф. И. Комаров и др. «Внутренние болезни», М. : Медицина, 1991 год.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz