Ішкі аурулар негіздері


Slide 1

Орындаған:Төреғалиева А. Ж. Тексерген:Агзамова Р. Т.

Группа: 407 А

Ақтөбе 2019 жыл

Білім алушының өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Кафедра:№ 1 Ішкі аурулар

Дисциплина: Ішкі аурулар негіздері

Тақырыбы:Өт шығару жолдарының дискинезиясы

Slide 2

Жоспар.

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.

Өт шығару жолдарының дискинезиясы(этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникасы, диагностика, емі. )

ІІІ. Қорытынды.

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Өт жолдарының дискинезиясы.

ӨТ ЖОЛДАРЫНЫҢ ДИСКИНЕЗИЯСЫ - өт қабшығының және өт жолдарының қалыпты моторлы-эвакуаторлы функциясының бұзылуы, ол нерв-гормональдік факторлармен шақырылған өт бөлу бұзылысына әкеледі. Алайда, ұзақ уақыт тіндік-органикалық бұзылу белгілері (қабыну, тас түзілу және т. б. ) болмайды. Бауырдан тыс өт жолдарнында екі сфинктер бар - өт қабының мойнында орналасқан Люткенс сфинктері және он екі елі ішектің үлкен емізікшесі аймағындағы бауырлық-ұйқы бездік ампулалы Одди сфинктері. Люткенс сфинктері өт қабында қысым жоғарылағанда ашылады, Одди сфинктері - жалпы өт жолдарындағы қысым жоғарылағанда ашылады. Екі сфинктерде бір уақытта, синхронды функцияланады.

Slide 4

Өт шығару жолдарының дискинезиясы кезінде - бауырдан өт қабына немесе түтіктер бойынша өт ағысының бұзылысы. Аурудың ерекшелігі- бауыр мен өт қабындағы патологиялық өзгерістердің болмауы.

Тексеру кезінде өт қабының екі түрлі қызметінің бұзылысы анықталады - оның тым тез немесе тым баяу жиырылуы. Әйелдерге қарағанда ерлерде 10рет жиі кездеседі.

Өт қабының жиырылу деңгейіне байланысты дискенезия түрі анықталады:

Гипермоторлы - ағзаның жиырылуы жиі және тез. Бұл жағдай жас адамдарда жиі кездеседі.

Гипомоторлы - жиырылу түрі баяу, ағзаның белсенділігі төмен. Статистика бойынша бұл жағдай 40тан асқан адамдарда, невроз немесе психозы бар науқастарда жиі кездеседі.

Slide 5

Этиологиясы мен патогенезі.

Өт айдау жүйесінің жұмысы нервтік-гуморальдік регуляция арқылы жүзеге асады. Кезбе нервінің сабағының тітіркенуі өт қабшығының, өт жолдарының тонусын жоғарылатады, ал, Люткенс пен Одди сфинктерінің тонусын төмендетеді. Симпатикалық жүйенің тітіркенуі қарама қарсы эффект береді. Патологиялық жағдайда интерорецепторлар жұмысының өзгеруі кезінде сфинктерлер мен протоктарда ассинхронды жұмыс байқалады. Мысалы, өт айдау жолдарының тонусының және Одди сфинктерінің тонусының жоғарылауы болады. Бұл өттің 12 елі ішекке кері айдалуына бөгет жасайды, ал ол өз алдына өт жолдарының (өт жолдарының гипермоторлы дискинезиясы) қысымының күрт көтерілуіне әкеледі. Бұл өт қабшығының қабыну белгілерінсіз оң жақ қабырға асты аймағының айқын ауру сезіміне әкеледі. Гипермоторлы дискинезия иннервацияның бұзылуының басқа да түрлерінде дамуы мүмкін, ол: өт қабшығы жиырылғанда Люткенс сфинктері ашылады, ал Одди сфинктері жабық күйінде қала береді. Бұл да өт айдау жүйесіндегі қысымның жоғарылауы мен ауру сезімнің дамуымен жүреді. Иннервацияның бұзылуы мен бірге гипомоторлы дискинезия дамуы мүмкін. Ол, егер өт айдау жүйесінің тонусының ұзақ төмендеуі кезінде Одди сфинктері ашық қалғанда дамиды. Гипомоторлы дискинезия ішек ішіндегі заттарды өт жолдарына түсуіне әкеледі, және он екі елі ішекте инфекция болған жағдайда өт жолдары және бауырдың жоғары өрлеме жолымен қабынуына әкеледі.

Slide 6

Даму механизміне байланысты патология 2 түрлі болады:

Біріншілік дискинезия - туа пайда болған өт жолдарының аномалиясымен байланысты.

Екіншілік дискинезия - асқазан-ішек жолдарының немесе басқа ағзалардағы өзгерістерге байланысты өмір сүру барысында пайда болатын патология.

Slide 7

Жіктелуі.

гиперкинетикалық (гиертониялық) түрі

аралас түрі.

гипокинетикалық (гипотониялық) түрі

1

2

3

3

Slide 8

Клиникасы:

-Оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, түріне байланысты әр түрлі болады:

Өт қабының жиырылғыштығының жоғарылауы кезінде - жедел, ұстама тәрізді, жауырын және оң жақ иыққа иррадиациялы ауырсыну. Ауыр физикалық жүктемеден соң немесе майлы тағамнан соң пайда болады.

Өт қабы жиырылғыштығының төмендеуі кезінде аурсыну - тұйық, қақсамалы, үнемі, науқастар оң жақ қабырға астындағы жыртылғандай ауырсыну сезімін айтады.

Slide 9

Клиникасы:

ӨЖД мен ауыратын науқастардың көпшілігіне ауру және өмір анамнезінде басынан өткерген күйзелісті жағдайлар, эмоционалды қысым, етеккір функциясының өзгеруінің болуы тән. Функционалды асқазан және ішек диспепсиясы белгілері айқын, алайда өт қабшығындағы палпаторлы симптомдар жиі теріс болады. ӨЖД гипокинетикалық түрі - Одди сфинктері мен өт қабшығының тегіс бұлшықеттерінің гипотониясы мен Одди сфинктерінің сыртқы бөлігін түзетін бұлшықет қабаттарының спазмы салдарынан өттің он екі елі ішекке эвакуациясының тоқтап қалуымен сипатталады. Ол өт қабшығының толуына әкеледі. Дискинезияның бұл түріне оң жақ қабырға асты аймағының керу сезімді ауруы. Диспепсиялық көріністер байқалады (кекіру, жүрек айну, тәбеттің төмендеуі, кейде құсу болады) . Ішектің моторлы дискинезиясына байланысты жиі үлкен дәреттің бұзылуы байқалады (іш қату, іш қату мен іш өтудің бірге болуы) . Іш қуысын пальпациялағанда оң жақ қабырға асты аймағының жиі өт қабшығы проекциясында ауру сезімі анықталады. Кейде бауырдың кішкене үлкеюі мен өт қабшығының ауру сезімі байқалады. Мерфи, Кер, Ортнер симптомары әлсіз оң болады.

Slide 10

ӨЖД гипокинетикалық түрлеріне тән: Стимулятор енгізгеннен кейінгі ауру сезімнің басылуы мен жойылуы, қабшықтық рефлекстің босаңсуы, көп мөлшерде қара-қоныр түсті (тұрып қалған) өттің аз бөлінуі; - «В» фазасының ұзаруы мен өт қабшығының ұлғаюы ( өт қабшығының гипотониясына тән) ; - «жабық Одди сфинктері» (Одди сфинктерінің гипотониясына тән) фазасының қысқаруы; Бағалы ақпаратты холецистография да береді. Осылай, гиперкинетикалық түрде өт қабшығының босауы жеделдетіледі, қабшықтың өзі созылған және жақсы контрастанады. Гипокинетикалық түрінде өт қабшығы созылған және ұлғайған, оның босаңсуы жедел баяулаған немесе қайта енгізілген қабшық рефлексінің стимуляторынан кейін де келмейді. Холецистографияда өт қабшығының гипотониясы бар науқастарда өт қабшығы босаңсуы баяулаған және көлемі ұлғайған. Дискинезияның гиперкинетикалық түрінде өт қабшығының босаңсуы баялауы мүмкін (сфинктер спазмы) немесе қысқаруы мүмкін (өт қабшығы, өт жолдары бұлшықетінің гиперкинезі) . УДЗ өт қабшығының моторлы функциясының әр түрлі бұзылыстарын анықтайды.

Slide 11

ӨТЖ гиперкинетикалық түрі - Одди және Люткенс сфинктерлері бұлшықеттерінің спазмымен, өт қабшығының гипертонусымен сипатталады. Оң жақ қабырға астындағы ауру сезім жиі невті-психикалық зорығулардан кейін, емдәм және ауыр физикалық күштеме бұзылыстарынан кейін дамиды. Ауру сезімі ұзаққа созылмайды (бірнеше минуттан 1 сағатта дейін), бірақ интенсивтілігі айқын болуы мүмкін. Ауру сезімі спазмолитикалық заттардан тез басылады немесе өздігінен кетеді. Ауру сезімі приступтарының арасында науқасташағымдары болмауы мүмкін, алайда олар оң жақ қабырға асты аймағында кернеу, ауырлық сезімі, диспепсиялық өзгерістерге шағымданады. Науқастарда іш қатуға бейім болады, кейде іш қату іш өтумен кезектеседі. Кейде өт коликасы сияқты өтетін аурырсыну приступы кезінде бауырдың біршама ұлғайуы байқалады, Шоффердің холедо-панкреатикалық аймағында (кіндіктен оңға қарай) пальпация кезінде ауру сезімі тән. әлсіз оң қабшықтық симптомдар анықталады. Бес фракциялы дуоденальды зондтауды жүргізу арқылы өт жолдарының дискинезиясының түрін және деңгейін анықтауға болады. ӨЖД гиперкинетикалық түрлеріне тән: 1 фаза ұзақтығының жоғарылауы (өт өзегінің гипертониясы) ; Одди сфинктерінің жабық уақытының ұзаруы (сфинктергипертониясы) ; қабшықтағы өттің қалыпты көлемінің сақталуымен В-фазасының ұзақтығының қысқаруы (өт қабшығының гиперкинезиясы) ; өттің В попциясының ұзақ үзілісті бөлінуі (өт қабшығының гипертониясы) ; қабшық рефлексіне стимулятор енгізгеннен кейін ауру сезім дамуы, өттің В, С порцияларының көлемінің төмендеуі мен өт бөлу уақытының қысқаруы мүмкін.

Slide 12

Өттік колика - әрқашан жедел, кенеттен, интенсивті түрде пайда болады және жүрек қағуымен жүреді. Ауырсыну өте қатты болғандықтан, науқас қорқыныш және өлім қаупін сезінеді.

Холестатикалық синдром(өт жолдары және бауыр патологиясы) :

-сарғаю

-бауыр ұлғаюы

-нәжіс түсінің өзгерістері

-зәр түсінің өзгерістері

тері қабатының қышуы

Асқазан-ішек жолы жүйесінің бұзылысы:

-іштің кебуі

-тәбеттің төмендеуі

-жүрек айну, құсу

-ауыздан сасық иістің шығуы

-ауыздағы ащы дәм

-ауыз қуысының құрғақтығы

Невроз:

-күйгелектік және ұйқысыздық

-терлегіштік

-созылмалы шаршау синдромы

-бас ауруы

Slide 13

Диагностика:

-Науқасты сұрастыру

-Анамнез жинау

-Физикалық қарау

-Лабораторлы зерттеу

-УДЗ (аш қарынға, кейін майлы тағамнан соң 40мин кейін)

-Дуоденальды зондтау (өт үлгісін тексеру)

-ФЭГДС ()

-Пероральды холецистография

-Эндоскопиялық ретроградты

-Гепатобилиарлы сцинтиграфия

Slide 14

Емі:


Ұқсас жұмыстар
Эпзоотологиялық анализ негіздері.Жұқпалы ауруларының эволюциясы және жіктелуі
Экогенетика және фармакогентика негіздері
МЕДИЦИНАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
Ашқарынға гликемияның бұзылуы
Сүлікпен емдеу
Әр түрлі аурулардың ішкі көрінісі және оның құрылымы мен деңгейлері
Ауруханаішілік инфекция, жіктелуі
Өсімдіктер селекциясы
Буын ауруларына мейірбикелік күтім
Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz