Бауыр циррозының емі


Slide 1

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Бауыр Цирозы

Дайындаған:

Тобы:

Тексерген:

Slide 2

Бауыр циррозы (грек. kirros-лимон-сары түс+ osis) бауырда дәнекер тінінің өрбіп өсуімен, бауыр тінінің патологиялық регенерациясымен және ағза құрылысының өзгеруімен сипатталатын, бауырдың функциялық жетіспеушілігінің әр дәрежедегі белгілерімен және порталдық гипертензияның белгілерімен көрініс беретін созылмалы үдей дамитын ауру. Бауыр циррозы деген терминді 1819 ж Р. Лаэнник ұсынған.

Slide 3

Этиологиясы

1 ) Алкогольді шектен тыс қолдану. (19-95%) 2) Вирусты гепатит (10-40%) 3) Вирусты гепатит В (0, 5-1%) 4) Созылмалы активті аутоиммунды гепатит. 5) Бауырдың венозды іркілісі (жүрек жетіспеушілігі) 6) Аралас этиология (50%) ( алкоголь+вирусты гепатит, алкоголь+ жүрек жетіспеушілігі) 7) Тұқым қуалаушылық зат алмасудың бұзылысы: - темір(гемохроматоз), - мыс (гепатоцеребралды дистрофия) . 8) Гепатотропты дәрілердің және токсикалық заттардың әсері. ( цитостатиктер, туберкулезге қарсы препараттар, допегит, алтын препараттар, сынап қосылысы, қорғасын т. б 9) Бауыр ішілік обструкция (холестатикалық гепатит) және бауырдан тыс ( өт тас ауруы) өт жолы. 10) Саркоидоз.

Slide 4

Патогенезі

Гепатоциттердің зақымдалуы (цитостатиктердің тікелей әсері + аутоиммундыпроцесс) : Гипоксияға байланысты гепатоциттердің некрозы( нәтижесінде жалпы гипоксемия және бауырдың перфузиясының нашарлауы) және венозды іркіліс( орталық венозды гипертензияның бауыр венасына берілуі) . Микроциркуляцияның бұзылысы. Дәнекер тканінің түзілуі. Бауыр гемодинамикасының бұзылысы. Порталды гипертензияның дамуы.

Slide 5

Клиникалық көрінісі Астеникалық синдром (60-90%) : әлсіздік, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, либидо төмендеуі, шаршағыштық;

Диспепсиялық синдром (60-90%) : іштегі жағымсыз сезімдер, оң жақ қабырғаастының, эпигастрий аймағының ауырсынуы, іш кебуі, диарея, майлы тағамдар мен алкогольді көтере алмаушылық;

Бейспецификалық қабыну синдромы: температура көтерілуі, буындардың ауыруы, ЭТЖ жоғарылауы, гипер-гамма-глобулинемия, гипоальбуминемия.

Slide 6

Ісіну синдромы (перифериялық ісіктер-20-30% көбіне аяқтарда) .

Гиперспленизм.

Анемия (80-90%) .

Сарғаю синдромы (40-50%) .

Портальды гипертензия синдромы: гепатомегалия, спленомегалия, асцит.

Slide 7

Aсцит

Slide 8

Диагностикасы

Жалпы қан анализі

Жалпы зәр анализі

Биохимиялык қан анализі

УДЗ

ФГДС

Бауырдың пункциональдық биопсиясы

Slide 9

Бауыр циррозының емі

М едикоментозды емес ем

РЕЖИМ: науқас адамды қорғайтын болуы керек. Науқас адамға түсетін күшті азайтады. Активті цирроз бен процесстің декомпенсациясында төсек режимін белгілейді.

ДИЕТА: Певзнер бойынша №5 диета тағайындалады. Энцефалопатия көрініс бергенде, тағайындалатын белок мөлшері аммиакпен улануды тудырмау керек (тәулігіне 20-40г дейін), ас тұзын тәулігіне 6 г дейін азайтады. Асцитте тұзсыз диета беріледі.

Slide 10

Аурудың себебіне әсер ету

Вирустық циррозда жүйелі түрде созылмалы гепатитті емдеу керек.

Алкогольдік циррозда ішімдікті тию аурудың терминальдық сатысынан басқа жағдайда өте жағымды әсер береді.

Дәрілік цирроздар (допегит, метотрексат т. б) дәрі қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі 2-9 айда өз активтілігін азайтады.

Ең тиімді этиотропты ем екінші ретті билиарлық бауыр циррозында байқалады.

Slide 11

МЕДИКАМЕНТОЗДЫҚ ЕМІ


Ұқсас жұмыстар
Малдың бауырын клиникалық әдіспен зерттеу
Бауыр циррозы
Бауыр патологиясы
Бауыр циррозының клиникасы
Бауырдың потофизиологияы
Өкпенің цирротикалық туберкулезі
Бауыр және ұйқы безінің пальпациясымен және перкуссиясы
Науқас проблемалары
Паразитология және инвазиялық аурулар пәні
Арқа омыртқа өсіндісінің остеомиелиті, этиологиясы, диагностикасы, емі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz