Жүйелі склеродермия: жіктелуі, патогенезі, диагностикасы және емдеу принциптері


Slide 1

Марат Оспанов атындағы

Батыс Қазақстан

Мемлекеттік Медицина Университеті

Факультет: Жалпы медицина

Кафедра : № 1 Ішкі аурулар

Студенттің өзіндік жұмысы

Орындаған : Ақмұрат Н. А.

Тобы: 408 «А»

Тексерген: Дандагариева Ж. С.

Жүйелі склеродермияның дигностикасы

Slide 2

Склеродермия (sclerodermia) - терінің фиброзымен, тамырдың, тірек қимыл аппаратымен, ішкі ағзалардың зақымдануымен сипатталатын ауру. ХVІІ ғасырдың басында алғашқы рет жазылған. Бұл сырқатта негізінде тері зақымдалады, осыған байланысты ұзақ уақыт тері ауруы деп есептеліп, дерматологтар емдеген. Қазіргі кезде аурудың жайылған тері түрін, висцералды түрін және ошақты тері түрін жеке бөлген.

Slide 3

Жүйелі склеродермияның жіктемесі (Н. Г. Гусева, 1993)

Диффузды склеродермия (терінің тұтас зақымдануымен және висцеральдік зақымданулармен сипатталады - ас қорыту жолының, жүректің, өкпенің, бүйректің, т. б.

Шектелген (ошақты) склеродермия - қол ұшы, бет терісінің ошақты зақымдануы немесе СКЕЗТ-синдромның болуы. Бұл келесі сөздердің бас әріптерінен құралған ұғым: кальциноз, Рейно синдромы, эзофагит, склеродактилия, телеангиоэктазиялар. СКЕЗТ-синдромның барысы, әдетте, созылмалы және қатерсіз саналады

Тоғысу (overlap) синдромы - жүйелі склеродермиянының дәне-кер тіннің өзге жүйелі ауруларының көріністерімен қабаттасуы (дерматомиозиттің, ревматоидтык артриттің немесе жүйелі қызыл жегінің) .

Жүйелі склеродермиянының висцеральдік өзгерістері басым түрі (тері өзгерістері минимальді бола түра, жүректің, өкпенің, ас қорыту жолдарының, бүйректің басым закьімдануы) .

Ювенильдік склеродермия - көрінісінде терінің ошақты зақымдануы, жеңіл Рейно синдромы болады, бірақ буындар ауыр зақымданады (контрактураға кейде аяқ-қолдың даму кемістігіне әкелетін) . Ішкі ағзаларды зақымдау денгейі шамалы, функциялық бұзылыстардың көлемінде. Барысы созылмалы, кейбір науқастарда аурудың терілік, висцеральдік белгілері кері қайтады.

Slide 4

Этиологиясы мен патогенезі.

Сырқаттың себебі мен дамуы толық зерттелмеген. Тұқым қуалау мәнбірі, қосымша мәнбірлер әсер еткенде ерекше орында тұрады. Кейінгі уақытта вирустардың себепші ролі туралы мәлімет алынған, бірақ вирус теориясы жеткілікті дәлелденбеген. Вирустар көп уақыт бойы жасырын жағдайда болып, кейіннен әртүрлі әсер ету механизмі арқылы қозуы мүмкін. Қан айналу бұзылыстарының дамуына тамырдың ішкі қабатының иммун кешенімен зақымдалуы жатады, әрі қарай тамыр ішілік қан ұю дәрісі бұзылады. Сөйтіп, аурудың дамуына терідегі және ішкі ағзалардағы қан айналу дәрісінің бұзылуы әкеп соғады.

Slide 5 Slide 6

Диагноз қоюға науқастың шағымдары маңызды роль атқарады:

Симметриялы ұю, саусақтар ұшының шаншуы

Терінің құрғауы

Терінің гипер- депинментациясы

Жалпы әлсіздік, шаршағыштық

Салмақ жоғалту

Ентігу

Температураның жоғарылауы

Дисфагия

Төс артындағы ауырсыну

Буындардағы, сүйектердегі ауырсыну

Шаштың түсуі

Диагностикасы

Slide 7

ЖҚА (ЭТЖ жоғарылауы, эритроцитоз)

ЖЗА (гипостенурия, протеинурия)

Қанның биохимиялық анализі

Антинуклеарлы антиденелер - антиделер титрі көбейеді

Лабораториялық зерттеулер

Slide 8

Капилляроскопия

ЭКГ

Кеуде клеткасының рентгенографиясы

ЭхоКГ

КТ

Буын рентгенографиясы (артрит белгілері, остеолиз, кальцинат)

ФГДС

Инструменталды зерттеу

Slide 9 Slide 10

Дәрі - дәрмексіз ем

Психоэмоциялық жүктемелерден, салқыннан, вибрациядан аулақ болу

Темекіден бас тарту

Кофеині бар тағамдардан аулақ болу

Симпатомиметиктерді және бета адреноблокаторларды қабылдамау

Емі

Slide 11

Дәрі дәрмекті ем

Глюкокортикостероидты терапия (метилпреднизалон, преднизалон)

Базистік қабынуға қарсы препараттар (циклофосфамид, метатрексат, циклоспарин)

Антифиброзды терапия

Кальций каналдарының антогонистері (амлодипин, дилтиазем гидрохлорид, никардипин)

Простогландин аналогтары (илопрост, алпростадил)


Ұқсас жұмыстар
Жүйелі склеродермия: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емі
Жүйелі склеродермия мен дерматомиозит: клиникасы, диагностикасы және емі
Жүйелі склеродермия: этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі және емі
Гемолиттік анемия: патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері
Жүйелі қызыл жегі: клиникалық көрініс, патогенезі және емдеу
Жедел ішек өтімсіздігі: патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері
Жүрек аритмиялары: этиологиясы, патогенезі, жіктелуі мен емдеу принциптері
Жүйелі қызыл жегі, склеродермия және дерматомиозит: этиология, патогенез және клиникалық көріністер
Аффективті бұзылыстар: жіктелуі, патогенезі, клиникалық белгілері және емдеу принциптері
ЖПД тәжірибесіндегі анемиялық синдром: анықтамасы, жіктелуі, диагностикасы, емдеу және профилактика принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz