Жіті нефритикалық синдром




Презентация қосу
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина
Кафедра:№1 Ішкі аурулар
Дисциплина:Ішкі аурулар негіздері
Тақырыбы:Жедел нефритикалық синдром
Орындау формасы:Зәр анализдерінің интерпретациясы(ЖҚА,Нечипоренко,Аддис-Каковский сынамалары)

Орындаған: Ақмүрат Н.А.
Тобы: 408 A
Тексерген: Дандагариева Ж.С.

Ақтөбе 2019 жыл
Жоспар:
Жіті нефритикалық синдром
Диагностикалық шаралар тізімі
Зертханалық зерттеулер
Нечипоренко бойынша зәр анализі
Аддис-Каковский әдісі
Пайдаланылған әдебиеттер
Жіті нефритикалық синдром
Жіті нефритикалық синдром - кенет пайда болатын
микроскопиялық гемату-рия, олигуриямен, жіті бүйрек
жеткіліксіздігімен көрінетін синдром, гломерулярлы сүзілудің бірден
түсуімен, сұйықтықтың шығуы тоқтап және ісінулер мен гипер-
тензияның пайда болуымен анықталады. Протеинурия тәулігіне
3г/тәулігіне төмен. Алғашқы және екіншілікті гломерулонефриттердің
үлкен әркелкі тобы - жіті ин-фекциядан кейінгі (таралған
пролиферативті ГН), мембранопролиферативті және экстракапиллярлы
ГН. Жіті инфекциядан кейінгі гломерулонефрит ағымы циклды
колайлы болжамды, басқа морфологиялық екі нұсқа ерте немесе кеш
терминальді СБЖ дамуына алып келеді.
Толық клиникалық-лабораторлық комплекспен бірге кейбір
науқастарда тек жекеленген көріністер байқалуы мүмкін. Мысалы
шамалы көз астының ісінуі және несептік синдром. Ісіну және
гипертензия айқын болмай және аурудың қысқаша көрінісі түрінде
өтуі мүмкін. Жедел нефритикалық синдромның себебі - инфекция
(жедел стрептококктан кейінгі ГН, басқа да инфекциядан кейінгі ГН).
Жүйелі аурулармен ажырата білу керек (жүйелі қызыл жегі, жүйелі
васкулиттер, Гудпасчер синдромы жәнет.б.)

Диагностикалық шаралар тізімі:

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
Жалпы қан талдау (6 көрсеткіш), гематокрит

СРА сандық әдіс
Креатинин, несепнәр, несеп қышқылын анықтау
Кокрофт-Голт формуласы бойынша шумақша сүзу жылдамдығын есептеу
Жалпы ақуызды, ақуыздық фракцияны анықтау
АЛТ, АСТ, холетеринді, билирубинді, жалпы липидтерді анықтау
Калийді, натрийді, хлоридтерді, темірді, кальцийді, магнийді, фосфорды анықтау
АСЛ-О, стрептокиназаны анықтау
Коагулограмма 1 (протромбин уақыты, фибриноген, тромбин уақыты, БІТУ)
Плазманың фибринолитикалық белсенділігі
Қышқылды-негізді жағдайды зерттеу
Вирусты гепатит А,В,С,Д маркерларын анықтау үшін ИФТ
Жатырішілік, зоонозды инфекцияларға ИФТ
ДНҚ-дағы ауто-антиденелерге, антинуклеарлы анитденелерге, антинейтрофильді цитоплазматикалық және
перинуклеарлы антиденелерге, гломерулярлы базальді мембранаға антиденелерді анықтау үшін ИФТ
С 1q, С3, С4 комплементтердің фракциясын анықтау үшін ИФТ
Жалпы несеп талдау, тәуліктік протеинурия
Несеп ақуыздарының электрофарезі(протеинурия селективтілігі)
Протеин/креатинин коэффициенті (жалпы несеп анализіндегі протеин деңгейінің креатинин деңгейіне қатынасы)
Земницкий бойынша несеп талдау
Іш қуысындағы ағзалар УДЗ
Бүйрек тамырларының допплерометриясы
.Көз түбін қарау
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
Иммунологиялық зерттеулер: ANA, ANCA, ДНҚ-ның екеулік серіппеге
антиденелер, С3, С4, С50 комплемент факторлары, криоглобулиндер,
кардиолипинге антиденелер, Стрептолизин-О-ға антиденелер, ГБМ-ға
(гломерулярлы базальді мембрана) антиденелер
Бүйрек, тері, тамақ, бұлшықет, тік ішек шырышты қабатынан биопсия
Вирусты гепатиттер А,В,С-ның маркерлерінің ИФТ
Кеуде қуысының рентгенографиясы (бір кескінде)
ЭКГ, ЭхоКГ
Қанда және несептегі Бенс-Джонс протеиндерін анықтау
HBV-ДНҚ-на және HCV-РНҚ-на ПТР
Коагулограмма 2 (ЕФМЖ, этанолды тест, тромбоциттердің антитромбин
функциясы)
А, М, G, E иммуноглобулиндерін анықтау үшін ИФТ
КТ, МРТ
Аңқадан сүртінді алу
Инфекционистің, отоларингологтың кеңесі
Несептің бактериологиялық егуі
Диагностикалық критерийлер:

Шағымдары және анамнез:
Алғашқы дамыған жедел нефритикалық синдром: жіті несептің түсінің
өзгеруінен («ет жуған шайынды»), ісінулердің пайда болуы және АҚ
көтерілуі (үштік симптомы). Симптомдар стрептококты (фарингит) немесе
басқа инфекциядан кейін 1-4 аптадан соң пайда болады. Инфекция ошағы,
жалпы аурудың жіті көріністері орын алады. Лоқсу, құсу, бас ауыру
(гипертониялық энцефалопатия, ми ісінуі). Олигурия, анурия, іштің ауыруы,
бел аймағында ауырсыну. Қызба (иммунокешенді қабынудың, ошақты немесе
жіті инфекцияның белсенділігі). Солқарыншалық жүрек жеткіліксіздігі (жиі
гиперволемиялық) - ортопноэ, тахипноэ, тахикардия.

Физикальды зерттеулер:
Перифериялық ісінулер (бетте, аяқта, денесінде), жүрек шекараларының
кеңеюі, АГ, олигоанурия.
Зертханалық зерттеулер:
Несептің түсі кофе, шай немесе «ет жуған шайынды» түстес
(гематурия);эритро-цитурия кезінде көзге көрінерлік өзгерістер
болмауы да мүмкін (зертханалық зерт-теу кезінде анықталатын
микрогематурия);аздаған протеинурия тән 1-3г/тәулігіне және
3г/тәулігінде жоғары.Несеп тұнбасын зерттегенде - өзгерген
эритроциттер, эритроцитарлы цилиндрлер анықталады. Аздаған
иммунопатологиялық процесстер көрінісі:ЭТЖ-ның 20-30
мм/сағат дейін жоғарылауы,антистрептококкты АТ титрі-нің
жоғарылауы (антистрептолизин-О, антистрептокиназа,
антигиалуронидаза),С3 компонентінен және жалпы
криоглобулин азаюынан гипокомплементемия.СКФ төмендеуі,
креатининнің қандағы шоғырлануының жоғарылауы (азотемия).
Қабы-нудың бейспецификалық көрсеткіштері:СРА
шоғырлануының, фибриноген жоға-рылап, жалпы ақуыздың,
альбуминнің төмендеуі; жеңіл анемия болуы мүмкін (гид-ремия
әсерінен).
Белсенді нефритикалақ синдромнан кейін 6-8 апта ішінде қанда С3
комплемент деңгейі төмен болған жағдайда, онда мұндай көрініс МПГН-ге
сәйкес болуы мүм-кін, нефробиоптаттың патоморфологиялық зерттеуімен
бүйрек биопсиясын жүргі-зуге көрсеткіш болып табылады, бұл нозологиялық
диагноз қоюға мүмкіндік бе-реді. Оны тек қатаң көрсеткіштер бойынша ғана
жүргізеді: созылмалы гломеруло-нефритпен салыстырмалы диагностика,
соның ішінде дәнекер тіннің жүйелі ауру-ларында да, тез дамушы
гломерулонефритпен, сонымен қатар, мыналармен бірге жүретін аурудың
атипиялық ағымында:
· бір аптадан аса оң динамикасыз
· С3 комплементінің деңгейі төмен болса
· бүйрек функциясының тоқтаусыз төмендеуі (ЖПГН)
Аспаптық зерттеулер:
Бүйрек УДЗ: шеттері жылтыр, көлемі өзгермеген немесе үлкейген
(ЖБЖ ке-зінде), эхогенділігі төмендеген
ЭКГ - АГ кезінде сол қарынша жүктемесі және ырғақ бұзылысы
мүмкін.
Бүйрек биопсиясы көрсеткіш бойынша. Биопсия нәтижесі бойынша
пациент-тердің клиникалық және лабораториялық көріністеріне
байланысты саралау.
Нефритикалық\нефротикалық синдром анықталған кезде люпус-
нефрит болу мүмкіндігі жоғары екенін есте сақтаған дұрыс.
Нечипоренко бойынша зәр анализі – зәрдің құрамын тексерудің бір тәсілі. Бұл
зерттеу жедел және созылмалы бүйректің және зәр шығару жолдарының қабыну
ауруларын анықтау үшін жүргізіледі. Анализде лейкоцит, эритроцит және
цилиндрлердің дәл мөлшері анықталады. Егер қан анализінде лейкоцит,
эритроцит деңгейі жоғарылаған болса немесе зәрде цилиндрлер анықталса
қосымша зерттеу Нечипоренко бойынша зәр анализі тағайындалады.
Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер,
цилиндрлер).
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).
Дайындаңыз: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойнынды таза, құрғак шыны банкіні, жолдаманы
жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (болімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты,
айы-күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Зэрді зерттеуге жинау тэртібі туралы науқасқа нүсқау жүргізіңіз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолгапты киіңіз.
3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін алдынан артына қараған бағытпсн жуыңыз.
4. Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде боліп шығаруы тиіс және зэр
шығаруды ұстап тұруы қажет.
5. Даярланған банкіге 50 мл мөлшеріндей зәрдіц ортаңгы бөлігі ағымы порциясын жинаңыз.
6. Жиналған зэрді зертханаға апарыңыз.
7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: тэуліктің кезкелген уақытында зэрге зерттеуді жүргізуге болады.
Нечипоренко тәсілі - бұл эдісте зэр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит жэне
цилиндр молшерлері дұрыстықпен анықталады. Бұл эдіс диагностика үшін үлкен мағына береді,
белгісіз жасырынды өтетін нефрит жэне пиелонефрит формаларын, науқастарды динамикалық
бакылау жэне жүргізілген емнің тиімділігін бағалау.
Формалды элементтердің қалыпты корсетілімдері:
- лейкоциттер - 1 мл-де 4000-ға дейін;
- эритроциттер - 1 мл-де 1000-ға дейін;
- цилиндрлер - жоқ
Аддис-Каковский әдісі:

Бұл әдістің артықшылығы: тәулік ішінде қанша эритроцит, лейкоцит
бөлінді соны білуге болады.
Қалыпты жағдайда:
Эритроциттер - 1 млн.
Лейкоциттер - 2 млн.
Гиалинді цилиндрлер - 20 мың.
Зәрді 24 сағат жинайды, сондықтан лейкоциттер бұзылып, олардың
ферменттері шығып эритроциттерді бұзуы мүмкін.
Екі тәсілде де лейкоцитурияның басым болуы пиелонефритке,
гематурияның басым болуы гломерулонефритке тән.
Пайдаланылған әдебиеттер:

В.И Маколкин, С.И Овчаренко, В.А Сулимов «Ішкі аурулар»Оқулық 6-
басылым Мәскеу «ГЭОТАР-Медиа» 2014ж
Қ.А.Жаманқұлов «Ішкі аурулар» Астана-Ақтөбе, 2010ж
Интернет желісі:http://kyzmet-gazeti.kz
Интернет желісі:
http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000198.htm
Клиникалық протокол: rcrz.kz
СӨЖ-ді бағалау критерийі
№ Орындау критериі 0-0,1 0,2-0,3 0,4-0,5
1 Рефератты
рәсімдеу
2 Рефераттың
жоспары
3 Иллюстративті
материал
4 Өзектілігі
5 Мазмұны
6 Қорытынды /
ұсыныстар
7 Әдебиеттер
8 СӨЖ кестесіне сай
тапсырылу дер
кезінде
тапсырылуы
Қорытынды

0-0,1 критерий орындалмаған
0,2-0,3 критерий ескертулермен орындалған
0,4-0,5 критерий орындалған

Ұқсас жұмыстар
Скротальды ісіну
Бүйрек шумақтарында несептің сүзілуі
Бұзаулардағы ішек инфекцияларының салыстырмалы патоморфологиясы
Жалпы доза
Гастрит жіктелуі
Симптомдар Энтеровирустық менингит Паротитті менингит Туберкулездік менингит
Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларын балау және емдеу түрлері
Миокард инфаркті
Денедегі белоктың несепке араласып сыртқа шыгуы
Терінің қышынуы
Пәндер