Клиникалық көріністері мен диагностика әдістері




Презентация қосу
М. ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС
ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттің өзіндік жұмысы
Дисциплина: Жұқпалы аурулар
Тақырыбы:Тақырыбы:Шистосомоз.Этиологиясы.Эпидемиологиясы.Патогенезі.
Классификациясы.Клиникасы.Диагностикасы.Екшеу диагностикасы.Емі.Алдын алуы
Орындау әдісі: презентация

Тексерген: Нургалиева М.Г
Орындаған: Тәжіғос А.Т.
Тобы: 407 Б
ЖОСПАР:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Шистосомоз:анықтамасы,эпидемиологиясы

2.2.Клиникалық көріністері мен диагностика әдістері

2.3.Шистосомоз емі,алдын алуы

ІІІ.Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І.Кіріспе

ШИСТОМОЗДАР – ТРОПИКАЛЫҚ ГЕЛЬМИНТ-
ТЕР ТОБЫНА ЖАТАДЫ, СОЗЫЛМАЛЫ
АҒЫМДЫ, ҰСАҚ ҚАН ТАМЫРЛАРЫН
ЗАҚЫМДАУМЕН, НЕ-СЕП-ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІН,
АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ МЕН БАУЫР, КЕЙДЕ
ӨКПЕНІ ЗАҚЫМДАУМЕН ЖҮРЕДІ.
Қоздырғыш aналығының көлемі (12-16)х0,17 мм.
Аталығының көлемі (10-12,0)х1,2 мм. Шистосомоның
ақырғы иесі-адам (кейде кеміргіштер, павиондар және т.б.).
Фекаль арқылы гельминттер сыртқы ортаға шы-ғады да,
аралық иесі арқылы өсуін бастайды. Олардың су
құбырында немесе арықтардағы моллюскалардың түрлері
сирек. Жоғарғы қоз-ғалғыштығының арқасында 5-15 мин
арасында суда жүрген адамның терісіне немесе шырышты
қабатына енеді. Кейін дермаға және гиподермаға өтіп
бірнеше күн сақталады. Содан соң жетіл-меген және жас
гельминттер лимфа және қан тамырлар арқылы
миграцияланып жүректің оң жақ бөлігімен өкпеге түсіп
кейін, бір ортадан соң, бауырға түседі. Бауырда жетілген
соң шис-тосомалар қан арқылы іш астарына бекіп 30-40
күннен соң жұмыртқалайды. (тәулігіне 100-300 жұмыртқа).
2.2.КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ МЕН ДИАГНОСТИКА
ӘДІСТЕРІ
Cимптомсыз өтуі мүмкін, сирек кездесетін клиникалық көрінісі анық көрінуі мүмкін,
әсіресе бірінші жұқтырған кезде ішек шистосомоздың клиникалық көрінісінде 4 фаза
бар: жедел, латентті, бітеу, (резидуальді фазасы) Бірінші симптом-дерматит болуы
мүмкін, ол церкаридің теріге енген себебінен теріде қышу пайда болады, бірақ 2-3
күннен соң жоғалып кетеді. 5-8 күннен соң ауру жедел фазаға айналады, бұл
шистосомоздың жетілген миграция кезеңінде жалпы енжарлық, әлсіздік, тәбеттің және
дене салмағының төмендеуі болады, қалтырау, бастың ауырсынуы, дене қызуының
жоғарлауы, буындарының және бұлшық еттерінің ауырсынуы байқалады, урикарлы
бөртпелер пайда болады.
Өкпенің клинико-рентгенологиясында эозинофильді
инфильтраттар болуы мүмкін. Гемограммада лейкоцитоз
және эозинофилия кейде ЭТЖ-ның жоғарлауы болады. Бұл
симптомдар бірнеше күннен 2-3 аптаға дейін созылады.
Кейін латентті фазасы бірнеше аптаны құрайды. Ішек
шистосомоздың созылмалы фазасынан кейін 6-8 аптадан
соң, жұмыртқалар қалана бастайды. Бұл кезеңнің бастапқы
симптомы ішектің зақымдануы болып табылады, өйткені
жұмыртқалардың ішек қабырғасына миграция жасау кезеңі
болады. Бұл кезеңде іштің ауырсынуы болады, нәжісі
жиілейді, тенезмдер болады. Нәжісі сұйық немесе ботқа
тәрізді және нәжіс шырыш, ірің, қан араласқан болуы
мүмкін. Ректороманоскопияда ошақты гиперемия, ісінген,
кейде полиптер болады. Кейіннен ауырсыну синдромдары
қайтады, мүмкін іштің қатуы болады, жараның
тыртықтынуы болады және фиброзды өзгерістерге
ұшырайды.
2.3.ШИСТОСОМОЗ ЕМІ,АЛДЫН АЛУЫ
Этиотропты терапияда қолданылатын нәтижелі және жақсы әсер ететін
препараттар: бильтрицид таблетка түрінде қолданылады, 20 мг/кг
тәулігіне 3 рет немесе 50 мг/кг тәулігіне 1 рет, 100 мг/нан кейін қайталап
бір рет 3 мг/кг енгізеді.
Ниридазол таблетка түрінде 10 тәулік қолданылады
Моллюскаларды жою үшін эффективті күрес
жүргізу. Бұған биологиялық тәсілдер қолданылады
(су қоймаларын, моллюскалардың табиғи
жаулармен толтыру. Мысалы: моллюскаларымен
немесе балықтармен, сонымен қатар
моллюскицидтер . Халық арасында санитарлық
ағартушылық жұмыстарын жүргізу қажет және су
қоймаларының фекальді ластану мүмкіншіліктерін
ескерту керек. Кіші су қоймаларынан әр түрлі
мақсатта суды қолданғанда сақтықпен қолдану,
эндемиялық аймақта осындай жерлерде суға түсуге
тыйым салу, нафтехинолонның көмегімен,
церкарийлердің енуінен теріні қорғау жеке
профилактикада маңызды болып табылады.
Шистосомоздардың таңдаулы химиопрофилактика
әдістері өңделіп жатыр. Міндетті түрде суды
фильтрациялау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
↑ Ю.К. Богоявленский. Биология для студентов
медицинских ВУЗов. — М: «Медицина», 1985. —
С. 448—533.
Краткая Медицинская Энциклопедия,
издательство «Советская Энциклопедия»,
издание второе, 1989, Москва
Ғаламтор желісі

Ұқсас жұмыстар
Туа біткен жүрек ақаулары
Инфекция көзі және резервуары мәдениеттің - аскаридамен төмендігі және инвазирленген қолайсыз адам жағдайдағы тұрмыс
ПОДАГРА
АИВ инфекцияның берілу жолы
Ботулизм
Ісік клеткаларын зерттеу әдістері
АИТВ таралуы АИТВ таралуы
Мұрынның қосалқы қуыстарының құрылымы және топографиясы. ЛОР ағзаларының патологиясына қосалқы қуыстарының даму ерекшеліктерінің әсері
Базальды туберкулезді менингит
Құсақішілік инфекциялар
Пәндер