Инвазия көзі тек адам


Slide 1

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:Филяриатоздар. Актуальдігі. Этиологиясы. Эпидемиологиясы. Патогенезі. Классификациясы. Клиникасы. Диагностикасы. Екшеу диагностикасы. Емі. Алдын алу

Орындаған: Тәжіғос А. Т.

Тексерген: Нургалиева М. Г.

Тобы:407 Б

Ақтөбе 2019ж

Slide 2

Жоспары

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Филяриадоз. Актуальділігі. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.

2. Патогенезі. Клиникалық классификациясы. Клиникасы. Диагностикасы. Екшеу диагностикасы. Емі. Алдын алуы.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Этиологиясы.

Патшалық: Metazoa

Тип: Nemathelminthes

Класс: Nematoda

Отряд: Spirurida

Тұқымдас: Filaridae

Филяриатоз - биогельминтоздар тобындағы бірнеше нозологиялық түрді біріктіретін (вухерериоз және бругиоз, лоаоз, онхоцеркоз) қоздырғыш-ы нематода класына жататын, трансиссивтік механизммен берілетін, созылмалы дамуымен сипатта-н тропикалық ауру. «Филяриатоз» ұғымы Filariata тармағына жататын нематодалар туғызатын паразиттік ауруларды біріктіреді. Бұл аурулар кейбір тропик елдерінде кең таралған. ТМД елдерінде олар өте сирек кездеседі, ол филяриатоз таралған елдерде тұратын адамдардан ғана табылады. Адамның негізгі филяриатозы - вухерериоз (қоздырғышы -Wuchereria Banerofti, s. Filaria sanguinis hominis), бругиоз (қоздырғышы - Brugia malayi) .

Slide 4

Қоздырғыштары: Filariidae (лат. Filum-жіп) - ақ жіп тәрізді әртүрлі гельминттер, үзындығы 20-100 мм. Адамның қанында, лимфа жүйесінде ж/е ағзаға паразиттік өмір сүреді. Филлярийлердің дамуы иелерді ауыстырумен өтеді. Адам ақырғы иесі, аралық иелері - масалар, соналар, шіркейлер. Ересек филярийлер жабық жүйеде (қанда, лимфада), адам денесінің қуысында паразиттік өмір сүреді. ДДҰ-ның терминологиясы бойынша микрофилярийлердің мерзімділік ж/е мерзімділігі төмен штаммдары кездеседі. Олардың айналымында белгілі заңдылық байқалады: вухерериоз қоздырғышы-ң мерзімділік штаммы күндіз өкпенің қан тамырда болады, ал түнде шеткі тамырларға ауысады. Тынық мұхит аймағында табылған бұл гельминтоздың мерзім-і төмен штаммы шеткі қан тамырда тәулік бойы болады, ал күндіз олар біркелкі өседі.

Slide 5

Қан сорушы жәндіктер ауру адамды шаққанда, қанмен бірге микрофилярийді де жұтады. Жәндіктердің (аралық ие) асқорыту жолында личинкалар ішектің қабырғасын тесіп, дене қуысына түседі, кеуде бұлшық еттерінде ж/е мальпигий тамырларында орналасды.

Адамды шаққанда, ол қан тамырға түседі, олар арқылы ішкі ағзаларға жетіп, онда өсіп дамиды, 1-2 жылдан кейін ересек гельминттерге айналады. Осы шамада аурудың клиникалық белгілері де көріне бастайды. Ересек филярийлер адам денесінде 12-ден 17 жылға дейін микрофилярийлер - орта есеппен 12 ай шамасында, яғни бүкіл инвазиялық мерзімде паразиттік өмір сүре алады. бұл уақытта эпидемиологиялық қауіп сақталады, ал адам 17 жыл юойы инвазия көзі болып табылады.

Slide 6

Патогенез

Аурудың қоздырғышы Culex, Anopheles туысына жата¬тын және басқа кейбір қан сорғыш масалар арқылы беріледі, бұлар филярияның аралық иелері болып табылады. Паразиттер үшін ақырғы ие болып табылатын адам организмінде жыныстық жағынан жетілген филяриялар негізінен лимфа түйіндері мен тамырларында паразиттік тіршілік етіп, олардың бітелуіне немесе склероздық өзгерістерге әкеп тірейтін қабыну процесінтуғызады. Аурудың белгілері лимфа тамырларының бітелу дәрежесіне байланысты. Көбіне құрсақ кеңістігі мен жамбастың лимфа жолдары зақымданып, сыртқы жыныс мүшелері мен аяқтан шығатын лимфа ағынын бұзады да, ең соңында - элефантизмге -піл аяғындай жуандауға әкеп соқтырады. Веналары ұлғайған лимфа тамырларынан олар жарылған жағдайда түрлі қуыстар мен мүшелерге, оның ішінде қуық пен ен қабықшасына лимфа құйылуы мүмкін.

Slide 7 Slide 8

Клиникасы

Филяриатоздың жалпы белгілері әлсіздіктен, қажушылықтан, ұйқы қашудан, денетемпературасының кенет көтерілуінен тұрады, бұлар безгек ауруын дамытуы мүмкін. Аурудың жергілікті көріністері тері жамылғысының ісінуінен басталады, ол несеп жүйесінің мүшелері зақымданғанда хилурия байқалады, яғни несепте лимфа кездеседі. Кейде қан тамырлары бір мезгілде зақымданғанда хилурия гематурияға ұласады(гематохилурия) . Несеп ағынын бұзатын лимфа түйіртпектері пайда болғанда бүйрек шаншуы немесе зәр шығару кенет тоқтап қалуы мүмкін. Филяриатоз көбіне еркектің жыныс мүшелерін зақымдайды (фуникулит, эпидидимит) .

Slide 9

Диагностикасы

Филяриатоз диагностикасы несептен, қаннан, лимфа түйіндерінің пунктатасынан және басқа биологиялық сұйықтықтардан аурудың қоздырғыштарын табуға сүйенеді. Зақымданған тканьнің биопсиясы түпкілікті диагноз қоюга көмектеседі. арқасында кейде лимфаның несеп жүйесіне өткен жерін анықтай алады.

Slide 10

Емі

Филяриатоздың негізгі түрлерін (вухерериоз бен бургиозды) емдеуді аурудың қоздырғыштарын жоятын диэтилкарбамазин препа¬раттарымен жүргізеді. Лимфа қуыққа өткенде лимфа ағатын жерге күміс нитратының 1 проценттік ерітіндісін тамызу немесс электрокоа¬гуляция түрінде жергілікті емдеу жүргізеді. Операциясыз емдеуге көнбейтін, анық байқалатын хилурия кезінде қуыктың закымданған учаскесін кеседі, ал бүйректен лимфа аққанда - бүйрек тканін зақым¬данған лимфа тамырларынан операциялық жолмен бөледі немесе тіпті нефрэктомия жүргізеді. Аурудың профилактикасы инвазияны тасымалдайтын масалармен күрестен тұрады.

Slide 11

Вухерериоз

(Wuchereriosis) - лимфа жүйесін зақымдап созылмалы түрде өтетін гельминтоз.

Этиология. Wuchereriosis - жіптәрізді нематод. Еркек нематод мөлшері - 80-100х0, 24-0, 3 мм, ұрғашысының ұзындығы 40х0, 1 мм, личинка (микрофилярия) - 0, 127-0, 32х0, 007-0, 1 мм. Еркегі өте тез ұрықтанады. Вухерерийдің аралық қожайыны - маса тұқымдастары. Адамда жынысты жетілген гельминт формасы лимфа жүйесінде және тамырларында, ал личинкасы қантамырларда өсіп жетіледі.

Slide 12

Эпидемиология

Инвазия көзі тек адам. Бірақта лабораториялық зерттеулерде W. Bancrofti тайвандық маймылдар кезектік штаммен беріледі, Африканың көптеген ауылдық аймақтарында вухерериоздің ошақтары бар деген және олар жануарлар ағзасында анықталған. Вухерериоз Орталық Африка мен Батыс саванналарының ылғалды аймақтарында кеңінен тараған. Ал Оңтүстік-Шығыс Азияда вухерериоз қала тұрғындарын зақымдаған, онда Culeх pipiens таратушысы негізгі рольді атқарады. Америка аймағында вухерериоз аздап кездеседі және қала тұрғындарын зақымдайды. ДДҰ мәліметіне әлем сәйке лимфа жүйесінің филяриидозы 25 млн құрайды.

Slide 13

Клиникалық көрінісі

Тұрғылықты тұрғындарда аурудың инкубациялық кезеңі 12-18 айды құрайды. Иммундық жүйесі әлсіз адамдарда кезең 3-6 айды құрайды әсіресе жан-жақтан келген тұрғындарда. Ал инвазия ошағында клиникалық симптоматика 3-4 жастағы кезде болады. Клиникалық ағымда вухерериоз бірнеше кезеңдерден өтеді, ал патологиялық өзгерістер дәрежесіне байланысты өсіп отырады. Аурудың ерте кезеңінде ағзада: қызба, уртикарлы бөрткен, конъюнктивит, жекелеген ісінулер, лимфаденопатия, кейде спленомегалия, өкпелік синдром (пневмония, астмоидты бронхит), қанда гиперэозинофилия болады.

Slide 14

Емдеу

Спецификалық емдеу жүргізіледі. Егер бактериальды инфекция қосылып келетін болса онда антибиотиктер тағайындаған жөн. Элефантиаздың бастапқы кезеңінде кейбір терапиялық нәтиже беруі үшін глюкокортикойдты гормондар қоса беріледі.

Сондай-ақ эластикалық маталар мен бандаждар да киген дұрыс деп саналады. Зақымдалған теріні кесу мен қатар терінің пластикалық операциясы және бірден өзгерген ағзаларды ампутация жасау көрсетілген.

Slide 15

Бругиоз (Brugiosis)

Бругиоз. Лимфа жүйесінің филяриидозына жататын созылмалы гельминтоз.

Этиология. Қоздырғышы - (Brugia malayi) жіптәрізді құрт. Аталығының мөлшері - 55х0, 16 мм, ұрғашысының мөлшері - 22-23х0, 088 мм.

Эпидемиология. Бругиоз - перкутанды трансмиссивті биогельминтоз. Инвазия көзі мен аралық қожайыны адам болып саналады: Mansonia, Anopheles, Aedes масалары. Кезектік бругиоз - трансмиссивті антропоноз.

Субкезектік штаммның соңғы және инвазия көзі жабайы, үй жануарлары, иттер, мысықтар, маймылдардың кейбір түрлері осылайша адамдар да зақымдалады. Тасымалдаушы Mansonia, Anopheles, тұқымдасының масалары. Субпериодтық бругиоз - табиғи-ошақты инвазиялық зооноз.

Slide 16

Клиникалық көрінісі

Тұрғылықты тұрғындарда аурудың инкубациялық кезеңі 12-18 айды құрайды. Иммундық жүйесі әлсіз адамдарда кезең 3-6 айды құрайды әсіресе жан-жақтан келген тұрғындарда. Ал инвазия ошағында клиникалық симптоматика 3-4 жастағы кезде болады. Клиникалық ағымда вухерериоз бірнеше кезеңдерден өтеді ал патологиялық өзгерістер дәрежесіне байланысты өсіп отырады. Аурудың ерте кезеңінде ағзада: қызба, уртикарлы бөрткен, конъюнктивит, жекелеген ісінулер, лимфаденопатия, кейде спленомегалия, өкпелік синдром (пневмония, астмоидты бронхит) .

Slide 17

Емі

Филяриидоздардың негізгі емдік дәрімен - диэтилкарбамазин (ДЭК) . Бұл препараттар дитразин цитрат. Дитразин цитрат ішке 0, 1 грх3 реттен күніне тамақтан соң беріледі (0, 4 г тәулігіне) . Бұл дәрі ағзаға тез сіңеді де 1-2 тәуліктен соң бүйрек арқылы далаға шығады. Емдеу курсы 10-14 күн. Қайталамалы курс 10 күн интервалмен қайталанады.

Slide 18

Дәнекер тіннің филяриидоздары (лоаоз, онхоцеркоз, дракункулез)

Филяриилер - биогельминттер, олардың дамуы иелерін ауыстырумен жүреді. Филяриидоздар - қоздырғышы трансмиссивті жолмен берілетін дөнгелек құрттар болып табылатын, созылмалы ағыммен сипатталатын тропикалық гельминтоздардың тобы. Қазіргі уақытта Қазақстанда туристтік бизнес дамыған түрғындардың миграциялық белсенділігі жоғарылаған, соған байланысты филяриидоздар елімізге тасымалданып келуі мүмкін болғандықтан бұл тақырып маңызды болып табылады.

Филяриидоздар - қоздырғышы транмиссивті жолмен берілетін дөңгелек құрттар болып табылатын, созылмалы ағыммен сипатталатын тропикалық гельминтоздардың тобы. Филяриилер - биогельминттер, олардың дамуы иелерін ауыстырумен жүреді. Даму локализациясына байланысты филяриилер үш топқа бөлінеді:

а) лимфатикалық филяриилер

б) дәнекер тінді филяриилер

в) басқа да филяриилер

Slide 19

Лоаоз

Синоним Калабарлы ісік, Калабарлы ісіну. Лоаоз - созылмалы гельминтоз, дененің әртүрлі бөліктерінің тіндерінің локальды ісінуінің дамуымен және көру жүйесінің зақымдалуы мүмкіндігімен сипатталады (африкандық көзді гельминтоз) .


Ұқсас жұмыстар
Инвазиялық аурулар
Инфектология ғылым түрінде және оның микробиологияда алатын орны.Инфекциялық процесстің сипаттамасы.Бактериялардың және вирустардың патогенділіг және токсигенділігі.Патогенділік және токсигенілік факторларының генетикалық бақылауы
Инвазиялық аурулардың зияны
Сиыр цепенінің өмірлік циклі
Инвазиялық ауруға ұшыраған құс ұшасын ветсан сараптауға арналған
Спецификалық тері аурулары. Тері туберкулезі. Алапес. Тері лейшманиозы. Қоздырғышының сипаттамасы,эпидемиялогиясы,жіктелесі,клиникасы,диагностикасы, емдеуі
Терінің жұқпалы аурулары
Жылқы оксиурозы
Инвазиялық аурулар туралы түсінік
Паразитарлық жұқпалар кезінде жүргізілетін стандарттар мен алгоритмдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz