ГИДРОГЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ




Презентация қосу
ГИДРОГЕОЛОГИЯ
ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
ТАБИҒАТТАҒЫ СУ
ЖӘНЕ СУ АЙНАЛЫМЫ
Жоспары
1. Гидрогеология ғылым ретінде

2. Жер асты сулары

3. Табиғаттағы су және су айналымы

4. Су айналымына өсімдіктердің қатысы
Гидрогеология ғылым ретінде

Гидрогеология — жер астындағы сулардың тегін, ағысын,
физика-химиялық қасиеттерін және олардың жер бетіне
шығуын зерттейтін геология ғылымының бір саласы.[1] Ол жер
асты суларының пайда болуын, таралуын, алмасуын,
физикалық қасиеттерін, химиялық құрамының қалыптасуын,
жер бетіне шығу жолдарын, қозғалысын, режимін, тау
жыныстары арасындағы орналасу пішіндерін, қорының
шамасын, ластануын, пайдалану тәсілдерін зерттейді.
Гидрогеология геологияның бір саласы болып
табылатындықтан, жер асты суларын тау жыныстарымен, Жер
қыртысының даму тарихымен тығыз байланыста зерттейді.
Гидрогеология[2] жер асты суларын кәсіпорындар мен
қалаларды, басқа елді мекендерді, демалыс және емдеу
орындарын, мал жайылымдарын сумен қамтамасыз етуге, жер
суғаруға, суландыруға пайдаланудың, судан әр түрлі тұздарды
және өндірістік маңызы бар химиялық элементтерді ажыратып
Күрделі гидротехникалық және мелиоративтік
құрылыстар салғанда, кен өндіруде, шахта қазғанда
жер асты суының тигізетін әсерін анықтайды.
Зерттейтін мәселелеріне байланысты
Гидрогеологияның мынадай негізгі салалары
бар: жалпы Гидрогеология, жер асты суының алмасуы
(гидрогеодинамика), аймақтық Гидрогеология, жер
асты суын іздеу мен барлау әдістері, кен орындары
Гидрогеологиясы, гидрогеохимия, мелиоративтік
Гидрогеология, минералдық сулары туралы
ілім, мұнай Гидрогеологиясы, Гидрогеология Жер
туралы ғылымдармен, олардың ішінде ең алдымен
геодинамикамен, геохимиямен, геофизикамен,
гидрологиямен, сондай-ақ физика, химия,
математикамен тығыз байланысты
Гидрология-жер асты сулары туралы ғылым. Шығу тегі,
орналасу жағдайлары, қозғалыс заңдары, физикалық
және химиялық қасиеттері , атмосфералық және жер
үсті суларымен өзара байланысы туралы, сондай-ақ
адамның жер асты суларына әсер ету нысандары мен
шарттары, олардың жер үсті маңызы туралы
Гидрогеология

Жер асты суларын,
олардың пайда
болуын,
динамикасын, Жер
қабатындағы
таралуын, олардың
химиялық және
механикалық
қызметін зерттейді
Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн
қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу
процесі. Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың
бетінен буланады. Су булары ауа ағындарымен жоғары
көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады. атмосфералық
жауын-шашын түрінде мұхитқа қайта оралса, бұл құбылыс
- кіші немесе мұхиттық айналым болады. Мұхит пен
атмосфераға қоса құрлықты қамтитын су айналымы - үлкен
немесе дүниежүзілік су айналымы деп аталады.
Дүниежүзілік су айналымына қатысып, құрлыққа жауған
судың біразы өзендер арқылы (жер бетінгі ағын) мұхиттарға
қайтадан ағып барады. Қалған бөлігі топыраққа сіңіп,
нәтижесінде топырақтағы суды өсімдіктер сіңіріп, қайта
буландырады. Ал одан қалған су бөлігі топыраққа тереңірек
сіңіп, сулы қабатпен (жерасты ағын) қайта мұхитқа оралады.
Құрлықтан мұхитқа қосыла алмайтын су көздері де бар.
Оларды ішкі "ағынды" немесе "ағынсыз" сулар деп атайды.
Бұл аумаққа түскен жауын-шашын толық буланып
кетеді. Атмосферадағы судың (ылғал) 87%-ға жуығы
дүниежүзілік мұхит суынан булануға ұшырайды.
Жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы да
болады. Құрлықтан буланған су (ылғал, газды күй)
мұхитқа жетпей тұрып, бірнеше рет жауын күйінде
жауып, осылай құрлық ішінде де кіші су (ылғал)
айналымы жүреді. Табиғаттағы су (ылғал) айналымы
— күн энергиясы мен салмақ күші әсерінен туындай
отырып, жер шарына тән ылғалдың (судың) толассыз
қозғалысын камтамасыз ететін тұйықталған процесс:
ауа ағындарымен аспанға көтерілген Әлемдік мұхит
айдыны мен құрлық бетінен буланған ылғал (су)
түйіршіктері конденсацияға ұшырайды да жауын-
шашындар түрінде жер бетіне (Әлемдік мұхит және
кұрлық бетіне) қайтадан оралып (жауып) отырады.
Су айналымына өсімдіктер де қатысады. Олар құрлыққа
жауған жауынның (ылғалды) бойына сіңіріп, қайта
буландырады. Алайда адамзат күн сайын ормандарды
кесіп жатыр. Үлкен аумақтардағы ормандарды кесу
өзендердің су ағынын арттырады. Олардың ағыны саға,
саласынан асып, адамдарға және шаруашылыққа үлкен
зардабын тигізеді. Көптеген су тасқыны нақ осындай
мәселенің болуынан туындайды.
Су айналымының маңызы өте зор. Айналым жер бетінен
шексіз көрінетін су қорымен қамтамасыз етеді. Жердегі
судың жаңарып отыруына септігін тигізеді. Бірақ судың
жаңаруына кететін уақыт ұзақ мерзімді талап етеді.
Мысалы, жерасты суларының жаңаруына жүз мың,
миллиондаған жылдар кетеді. Өзен сулары 11-14 тәулік,
атмосфераның құрамындағы су 8-9 тәулік сайын
жаңарып отырады.
Негізгі әдебиеттер1. Ж.Достайұлы. Жалпы
гидрология-Алматы.Білім 1996ж.2.
Михайлов.В.Н, Добровольский.А.Д. Общая
гидорология-Высшая школа 1991ж.3.
Омаров.Т.Р. Қазақстанның өзендері мен
көлдері- Алматы Қазақстан 1975ж.4.
Омаров.Т.Р, Филонец.П.Р, Филонец.Ю.П.
Қазақстанның көлдері- Алматы.Қазақстан
1987ж.

Ұқсас жұмыстар
Гидрологиялық зерттеулердің әдістері
ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ ИНСТИТУТЫ
Мұхиттану немесе мұхиттар гидрологиясы - дүниежүз
Геоэкологияның негізгі санаттары
Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
Экономиканы реформаттаудың кезекті қадамдары
Экзогендік процестер
Биосфера туралы ілімнің пайда болуын, көбінесе ұлы француз натуралисті
АТЛАСТАР КАРТОГРАФИЯС
Қазақ солдаты
Пәндер