Хиппи субмәдениетінің негізгі идеологиясы


Slide 1

Жастардың арасындағы Батыс субмәдениеті және оның Қазақстанға ықпалы

Жылыс Нұрбол “Қоғаммен байланыс”

Slide 2

Субмәдениет - қоғам мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, жастар арасындағы субмәдениетті жастардың өздері қалыптастырады.

Ғылымда «субмәдениет» термині латын тілінің «sub - төменгі», неміс тілінің «kultur- мәдениет» деген ұғымнан шыққанын түсіндіреді. Қоғам мәдениетінің белгілі бір бөлігі болып табылатын топтарды субмәдениетке жатқызамыз. Мұндай топтар қоғамдағы қандай да бір саяси оқиғаларға, әлеуметтік қозғалыстарға байланысты пайда болады. Олар топтар және бейресми бірлестіктерден тұрады

Slide 3

АҚШ зерттеушілерінің пайымдауынша, «субмәдениет» ұғымы адамдардың әсіресе жастардың белгілі бір салаға еліктеушілігінің (фанатизм), табынушылығының немесе күйзеліске түскенде ермек қылған хоббиінің салдарынан пайда болған. Мұндай бейресми топтан тұратын субмәдениеттердің өкілдері өздерін «ерекше адамдармыз» деп қоғамнан оқшаулағанды қалайды. Олардың өмірдегі ұстанымдары, киім үлгілері, түсініктері, араласатын ортасы қарапайым қала тұрғындарынан әлдеқайда өзгеше болады.

Slide 4

Субмәдениеттің пайда болу тарихы сонау 1950 жылдардан бастау алады. Алғашында жастар арасындағы жаңа киім үлгілерінің, жаңа би түрлерінің, «стиль» деген ұғымның пайда болуынан басталды.

Slide 5

ХХ ғ. 30-жылдары Америка Құрама Штаттарында пайда болған топ - байкерлер болды. Олар мотоциклмен жүретін топтар. Олар өздерін «Түн періштелері», «Түнгі қасқырлар» деген лақап аттармен атайды. Киім үлгілері роккерлер стиліне өте ұқсас. Түнгі клубтарды шарлап, кең трассаларда мотоциклмен жүргеннен рақаттанады. Денелерінде татумен жазылған түрлі бейнелер болады.

Slide 6

ХХ ғ. 60-жылдары Сан-Францискода құрылған хиппи субмәдениеті - жастар арасында пайда болған субмәдениеттердің ең алғашқысы. Оның мақсаты қоғамда болып жатқан күнделікті құбылыстарға, қалыпты жағдайларға қырсы шығу. Хиппи субмәдениетінің негізгі идеологиясы «Иса пайғамбардың әрекеттерін» философиялық зерттеу болды. Бұл мәдениетті ұстанатын топ өкілдері үнемі шулы жиындарды ұнатады, көңілді отырыстарда еркін көңіл көтеруді қалайтын топ. Ер мен әйел арасындағы қарым-қатынастарға да жеңіл қарайды [1] .

Хиппи субмәдениетіне тән хиппи растмандары яғни Растафари (раста) деген топтар да бар. Олар Иегова сектасының бағытын бұрмалаушылар. Олар ХХ ғасырдың 60-жылдары Ямайкада пайда болған «регги» музыкасының табынушылары. Сүйікті түстері қызыл, сары, жасыл

Slide 7

Субмәдениетке жататын арнайы топтардың тағы бір түрі - готика - ХХ ғ. 70-жылдары панктермен қатар пайда болған топ. Олар панктерге өте ұқсас тек киімдері қара түсті болып келіп, металдан жасалған бұйымдарды таққанға әуестенді. Олар қоғамда өз жақтаушыларын айналасына көптеп жинады. Олардың ерекшелігі - киім үлгілері болып, ол жастардың қызығушылығын туғызды. Готикалардың киім үлгілерінде: египеттік, хрестиандық, кельттік сегізжұлдызды белгілер болады. Олар қара түсті киімдер киіп, тырнақтары мен шаштарын да қара түске бояп, ал бет-әлпеттерін аппақ гриммен бояуды өздерінің имидждеріне айналдырды

Slide 8

Кейінгі жылдары Қазақстан жастарының арасында да белең алған «эмошылар». Эмо «эмоционалды» деген терминнен алынған. Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ. Қазіргі күнде музыканың бұл түрі: эмокор, эмо-рок, кибер-эмо, панк-эмо, эмо-вайоленс, скримо, френч-эмокор хардкор-сан-диего және т. б. болып бөлінеді. Эмошы жастар тек эмоционалды музыка тыңдауға ғана әуес емес. Олар өмірдегі барлық оқиғаларға эмоционалды тұрғыда қарайды. Сонымен қатар, эмошылар қайғылы өлең оқығанды қнатады. Олардың киім үлгілері қара түс пен күлгін түстің үйлесімділігінен тұрады [5] . Еліміздің де қала көшелерінен жоғары мектеп оқушылары, студенттері арасында күлгін-қара түсті киінген, көздерін қою қараға бояп алған қыз балаларды да кездестіріп қаламыз. Міне мұндай топтар біздің елдегі «эмошылар».

Slide 9

Күнделікті қоғам өмірінен, әлеуметтік қалыпты құбылыстардан түңілген, саяси оқиғаларға наразы, «болашақ жоқ» деген көзқарасты ұстанушы адамдардан құралған, анархистер - панк субмәдениеті. Олар өмірден қажыған, зарыққан, болашаққа деген сенімдерін жоғалтқан топтар. Алғаш ХХ ғ. 70-жылдары Англияда болған экономикалық дағдарыс кезінде пайда болды. Панктердің шаш үлгілері де ерекше болды. Олар төбе шаштарын ұзын қылып тігінен қатырып қояды. Лас, жыртық киімдерді кигенді ұнатады. Мінез-құлықтары өте есерсоқ, қоғамда өздерін ерекше көрсеткілері келіп, әртүрлі оқиғаларға тез ілігетін жанжалшыл топ. Панктер Кеңес Одағына 1979 жылдары жетті. Алғаш панктерге еліктеген рок-музыканттар қатарында музыкант Андрей Панов пен әнші Виктор Цой болды [3] .

Slide 10

Арнайы топтарға бірікпейтін, индивидуалды түрде компьютер қолданушы программистер қатарына жататын - хакерлер де субмәдениет түріне жатады. Хакерлердің мақсаты - бөтен сайттарды бұзып кіру, вирус енгізу болып табылады. Алғаш хакерлер 1988 жылы электронды әлемге шықты. Хакерлердің арасында шпионаждықпен де айналысатын топтар бар. Бұл топқа әсіресе, математика пәнінің үздік маманы, копьютерді жақсы меңгеретін топ өкілдері бейім болады [7] . Яппилер - белсенді қызмет ететін жастардан тұратын жеке дара адамдар қатары. Жоғары жалақысы бар, киім үлгілері де ресми, фитнес орталықтарына барып тұратын топ өкілдері. Олар жетістікке ұмтылатындар қатарына жатады [6] .

Slide 11

Спорт әлеміндегі субмәдениет өкілдерін де атап өтуге болады. Еркіндікті қалайтын топ экстремалдылар деп аталады. Экстремалды спорт түрімен шұғылданатын топтар. ХХ ғ. 50-жылдары пайда болған: скейтбординг, сноубординг, парашютпен ұшу, құзға шығу спорты және т. б. спорт түрлерімен шұғылданғаннан ләззат алатын топ өкілдері

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ
Тедди - бойлар
Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық жастардың құндылықтық жүйесіне әсері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Батыс Еуропаның жастар субмәдениеті және олардың қазақстандық жастардың құндылықтық жүйесіне әсері
Жастар субмәдениеті туралы
Дінтану курсын оқытуға қойылатын талаптар
Әлеуметтану теориялары
Нәсілдік және ұлттық теңсіздік
Идеологиялық саяси сана
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz