Карта және жобаларды графикалық безендіру




Презентация қосу
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Пәні: Карта және жобаларды графикалық безендіру
Тақырыбы: «Карталар масштабы»

Орындаған: Тур-18-1 тобы студенті Тәуекел Р.
Тексерген: Ильясова А.

Ақтау қ. 2019 ж.
Масштабына қарай карталар ірі,
орта және ұсақ масштабты болып
үш топқа бөлінеді. Масштабы
1:100 000 және одан ірілері – ірі
масштабты, 1:200 000-нан 1:1 000
000-ға дейін орта масштабты, 1:1
000 000-нан ұсақтары ұсақ
масштабты карталарға жатады.
Ірі масштабты карталар –
топографиялық, орта
масштабтылары – топографиялық
шолу, ұсақ масштабтылары шолу
карталары деп аталады.
Топографиялық карталар 1:100
000, 1:50 000, 1:25 000, 1:10 000
масштабтарда жасалады. Жер
бетінің одан ірі масштабы
жасалатын сызбасы план деп
аталады. Пландардың масштабы
1:5000, 1:2000, 1:1000 және одан да
ірі болып келеді.
Пландар мен ірі масштабы (топографиялық)
карталар тікелей жер бетінде жүргізілген
өлшеулердің және ұшақтан суретке түсірулердің
нәтижесінде жасалады.Соңғы кездерде карта
жасауда ғарыштан суретке түсіру барған сайын
кеңінен қолданылуда.
Пландар мен топографиялық карталар жер бетін
екжей-текжейлі бейнелейтіндіктен, дәл
өлшеулермен есептеу жұмыстарын жүргізуге
пайдаланылады.
Ірі масштабты карталарды қорыту арқылы
топографиялық шолу және шолу карталары
жасалады.
Масштаб — сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі
немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің
нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен
өрнектелген бұл қатынас сандық масштаб деп аталады.
Жоспар мен карталардың сандық масштабты бөлшек
сан арқылы өрнектеледі, алымы бірге тең болса, бөлімі
бейнеленген сызықтың неше есе кішірейтілгенін
көрсетеді. Сызбада машиналар мен приборлардың ұсақ
бөлшектері, көбінесе үлкейтілген мөлшерде көрсетіледі.
Бұл жағдайда сандық масштаб бірден үлкен санмен
өрнектеледі. Жоспар мен картадағы ұзындықты
өлшеуде қолданылатын сызықтық масштаб заттың
ұзындығын көрсететін, тең бөліктерге бөлінген, жазуы
бар түзу сызықтан құралады.
Егер план 1:2000 масштабында жасалса, онда жер бетіндегі ұзындығы 2000 см-лік
аракашықтық планға 1 см-лік кесінді түрінде кескінделген болады. Мұндай
масштаб сандық масштаб делінеді. Мына төмендегі бірнеше сандық масштабтар
1:1000; 1:2000; 1:5000; 1:10000, т.б. ірісінен үсақтарына қарай қатармен жазылады.
Масштаб ірі болса, ол планда арнаулы деректер толық көрсетіледі. Әр планның
мақсатына лайықты өзіне сәйкес масштабы болады. Егер сандык масштаб белгілі
болса, сызықтың ұзындығын қағаз бетіне не керісінше, пландағы кесінді арқылы
оның жер бетіндегі ұзындығын анықтауға болады. Бірінші мысал: жер бетіндегі
сызықтық проекциясы 275 м-ге тең делік. 1:5000 сандық масштабта бұл
қашықтық планға 275 : 5000,00. 055м5, 5 см-ге тең кесінді болып кескінделеді.
Екінші мысал: 1: 2000 масштабы пландағы кесінді ұзындығы 6,5 см болса, онда
жер бетіндегі ұзындығы 6,5 х 2000 1 3000 см 130м. Іс жүзінде бұл есептерді қолдану
ыңғайсыз болғандықтан, сандық масштабтың орнына сызықтық, көбінесе
көлденең масштаб қолданалады. Сандық масштабтың қағаз бетінде график
түрінде бейнелеуін-сызықтық масштаб дейді.
Қазақ тілінде Орыс тілінде Шет тілінде

Карта (нем. Karte – Карта Map
түпнұсқа)

Масштаб (нем. Ma – Масштаб Scale
өлшеуіш, мөлшер, stab
– таяқ)

План (лат. Planum – План Plan
жазықтық)

Топографиялық Топографическая Topographic map
карта (гр. Topos – карта
орын, grapho – жазу,
бейнелеу)
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы
2. Уикипедия — ашық энциклопедиясы
3. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы
терминдерінің ағылшынша - орысша - қазақша
түсіндірме сөздігі
4. «grandars.ru» желілік басылымы
5. «baribar.kz» желілік басылымы

Ұқсас жұмыстар
Географиялық ақпараттық жүйе
Растрлық ГАЖ конвенциялары
Графикалық деректер қорын басқару жүйесі
Карта
ГАЖ бағдарламалары
Картографиялық жұмыстардың түрлері
Office қолданбалы бағдарламасы
Power Point туралы
Power Point бағдарламасында презентация құрастыру
Бар таныстырылымдардан
Пәндер