Қазақстанның өнеркәсіп географиясы


Slide 1

Қазақстанның өнеркәсіп географиясы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Орындаған: ТУР-18-1 тобы студенті Тәуекел Р.

Тексерген: Жангожаева Э.

Ақтау қ. 2019 ж.

Slide 2

Өнеркәсіп - ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т. б. ) біріктіретін аса маңызды саласы.

Slide 3

Өнеркәсіп жалпы екі үлкен топтан -

өндіруші өнеркәсіптен - мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т. б.

Slide 4

өңдеуші өнеркәсіптен - қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т. б. құралады.

Slide 5

Сондай-ақ өндіріс құрал-жабдығын өндіретін өнеркәсіп (“А” тобы) пен тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп (“Б” тобы) салаларына бөлінеді. Өнімнің бір түрлері түгелдей “А” тобына жатады. Оларға станоктар, өнеркәсіптік тракторлар, жабдықтар, қара және түсті металл кентастары, минералдық тыңайтқыштар, т. б. жатады.

Slide 6

Екінші бір түрлері түгелімен “Б” тобына жатады. Олпрға тігулі киім, тоқыма бұйымдары, нан, нан-тоқаш өнімдері, тағамдық балық өнімдері, жиһаз, тоңазытқыш, телевизор, т. б. жатады.

Slide 7

Көмір, электр энергиясы, кездеме, ұн, ет және өндірістік мақсатта пайдаланылатын басқа да өнім түрлері олардың нақты тұтынылуына қарай екі топтың арасында бөлініске түседі. “А” тобының өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.

Slide 8

Өнеркәсіп - қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын материалдық өндіріс саласы. Халық шарушылығы мен халықтың жоғары сапалы өнімге деген қажеттілігінің қанағаттандырылу деңгейі, техникамен қайта жарақтандырылуы, халық шаруашылығының барлық салалары өндірісінің қарқынды дамытылуы, мемлекеттің қорғаныс қабілеті өнеркәсіп тің дамуында қол жеткізілген табыстарға байланысты.

Slide 9

Кеңестік дәуірге дейінгі Қазақстанда өнеркәсіп негізінен өте қарапайым еңбек құралдарын пайдаланатын ұсақ кәсіпшіліктер, шеберханалар мен цехтар түрінде дамыды. 1913 жылы небәрі 118 мың т мұнай, 0, 1 млн т көмір өндірілді. Кеңестік дәуірде өнеркәсіпті дамыту үдерісі жедел қарқын алды. Алғашқы бесжылдықта (1928 - 1932) өнеркәсіпке 90 млн. сом күрделі қаржы бөлінді. Бұл осының алдындағы тоғыз жылда бөлінген қаржыдан 2, 5 есе көп еді. Соның нәтижесінде бесжылдықтың әр жылында өнеркәсіп өнімі орта есеппен 17% өсті. Көмір өндіру, түсті металлургия, металл өңдеу, тамақ өнеркәсіпі салалары шұғыл дамыды. 2-бесжылдықта (1932 - 1937) өнеркәсіп өнімі жыл сайын 19, 5%-ға өсті. Мұндай қарқын 3-бесжылдықтың алғашқы үш жылы бойына сақталды. 1933 - 1940 жылдары республикада Шымкент қорғасын зауаты, Балқаш мыс қорыту, Ақтөбе химия комбинаттары сияқты ірі өнеркәсіп орындары қатарға қосылып, Қарағандыда көмір шахталары кешені, мұнай құбырлары, электр стансияларылары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары салынды. Бұл кезеңде өнеркәсіпті дамытуға 446 млн. сом күрделі қаржы жұмсалды. Бұл 1920 - 1932 жылдары аралығында бөлінген қаржыдан 3, 4 есе көп еді. Нәтижесінде халық шаруашылығының негізгі салалары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында елеулі құрылымдық өзгерістер болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімінен асып түсті.

Slide 10

2- ші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстан өнеркәсіпті дамытуда маңызды үш міндетті шешті, олар:

КСРО-ның батысынан көшірілген фабрикалар мен зауаттарды қабылдап алып, орналастыру және іске қосу;

Өнеркәсіпті одан әрі дамытып, жаңа объектілер салу;

Майданның қажетін ескере отырып, кәсіпорын номенклатурасын қайта қарау.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық өнеркәсіп географиясы
Ірі химия өнеркәсіптері
Зырян қорғасын комбинаты
Орталық Қазақстан
Отын-энергетика кешені. Отын өнеркәсібі. Электр энергетикасы
Газ өңдеу өнеркәсібі
Қаланың негізгі әлеуметтік экономикалық көрсеткіштері
Үндістан өнеркәсібі
Қала статусы
Халықаралық еңбек бөлінісіндегі өнеркәсіп географиясының орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz