Карта - Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг
университеті
Картографиялық
жұмыстардың түрлері
Орындаған: ТУР 18-1 тобы студенті Тәуекел Р.
Тексерген: Джумабаева С.
Ақтау қ. 2019 ж.
Қазіргі картография – ежелгі немесе осыдан 30 жыл бұрынғы
қолданылу мақсатын түбегейлі өзгертті. Ежелгі Египетте, антикалық
Грекияда және Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар
бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері
қолданыла бастады.
Алғашқы адамдар өздерінің жүріп өткен жолында мол азық қорлары бар
аумақтарды байқаса, келесі жолы осы орынды адаспай табу мақсатында
ағаштардың қабықтарына және үңгірлеріне әр түрлі таңбалар, шартты
белгілермен қоса көрген жануарларының суретін салып отырған.
Карта — Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір
картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап
бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.
Картаны пайдалану – картографиялық өнімдерді тәжірибелік, ғылыми,
мәдени-ағартушылық, оқу салаларында, оның ерекшеліктері мен
бағыттарын үйрететін картографиялық өнімдермен жұмыс істеу әдістері
жасалатын, алынған нәтижелердің сенімділігі мен ықпал ету деңгейіне
баға берілетін картографияның бір бөлімі.
Әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны
білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік-
танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім мен маңызды ақпарат көзі
ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар кескіндейтін аумақты
терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар
мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып көрсетеді.
Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды,
оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық
ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, сондай-ақ
картаны жобалау мен құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану
әдістемесі кіреді.
Картатану – географиялық картаның элементтерін, қасиетін, іс жүзінде
пайдалану мүмкіндіктерін, сондай-ақ карта жасау тарихын зерттейтін
ғылым, картографияның бір саласы.
Картатану картографиялық бейнелердің саналық және сапалық сипатын,
құрылымын және динамикасын беретін нақты құбылыстың кеңістіктегі
моделін зерттейді.
Картатану картографияның бір саласы ретінде картографиялық бейнелердің
түрі мен қасиетін зерттеп, маңызды картографиялық деректерге жүйелі
сипаттама береді.
Картатану талдау амалдары мен картаны пайдалану әдістерінен тұрады.
Математикалық картография - картографиялық проекцияларды құрудың
математикалық әдістерін, олардың түрлендірулерін, проекцияларды табу
әдістерін, проекцияларды практикада қолдану әдістері мен әдістерін зерттейтін
картографияның бөлімі.
Картометрия - карталар бойынша әр түрлі географиялық нысандардың
ауданын, ұзындығын, бедердің орташа биіктіктерін және баска да сандық
сипаттамаларын зерттейтін картография тарауы.
Карталарды жобалау және безендіру (картографиялық дизайн) - бұл
картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру теориясы мен
ережелерін, сондай-ақ картографиялық туындылардың көркемдік дизайнын
зерттейтін ғылыми пән.
Картографиялық ақпараттану – картаны жүйелеу және оларды талдау,
бағалау, сақтау тарату мәселелерін қарастырады.
Картометрия - карталар бойынша әр түрлі географиялық нысандардың
ауданын, ұзындығын, бедердің орташа биіктіктерін және баска да сандық
сипаттамаларын зерттейтін картография тарауы.
Карталарды таным құралы ретінде пайдалану жаңа экология,
медициналық география, салыстырмалы ғаламтану (планетология) тәрізді
ғылым салалаларының дамуына мүмкіндік берді.
Картографиялық әдістер халық шаруашылығының нысандарын
жобалау-жоспарлау жұмыстарына қатысты маңызды шешім шығаруда,
аумақтық-өндірістік кешенді дамытуда, табиғатты қорғауда қызмет етуде.
Қазір картография ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен
бағдарламалардың пайда болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан түсірілген
әуесуреттерді, сондай-ақ сандық карталар жасуға мүмкіндік ашқан әртүрлі
компьютерлік бағдарламаларды қолдануда.
Осы жұмыста картография ұғымы мен оның қалыптасу тарихына,
картография ғылымының бүгінгі міндеті мен іске асыру тетіктері
қарастырылған. Сондай-ақ, тақырыпқа сай, өз еліміздегі картография ілімінің
тарихы мен қалыптасу жолы сипатталып, оның даму мүмкіндіктері мен осы
саладағы кейбір мәселелерді шешу жолдары көрсетіледі.
Географиялық карталар еліміздің аумағын қамтып, табиғатын қайта
түлетіп, шаруашылықты дамытуға қажетті ақпараттар сақтаған қуатты
құрал болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы
2. «baribar.kz» желілік басылымы
3. Уикипедия — ашық энциклопедиясы
4. «newskz.wordpress.com» желілік басылымы
5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми
түсіндірме сөздігі: География және геодезия. —
Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz