Бизнес жоспардың негізгі бөлімдері


Slide 1

БИЗНЕС-МОДЕЛЬ, ЖОСПАРЛАУ

Орындағандар: Ендібай Б

Сейдахметов С

Қабылдаған: Мергенбаева А

Slide 2

1. БИЗНЕС-МОДЕЛЬ

2. БИЗНЕС-МОДЕЛЬДІҢ КАНВАСЫ

3. БИЗНЕС ЖОСПАР

Slide 3

Тақырып 1. БИЗНЕС-МОДЕЛЬ

Бизнес-модель ұғымы;

Инновациялық бизнес-модельдер;

Бизнес-модельдің трансформациясы;

Өздік жұмыстың тапсырмасы

Slide 4

БИЗНЕС-МОДЕЛЬ ҰҒЫМЫ

Бизнес-модель-бұл кәсіпкерлік қызметтің тұжырымдамалық сипаттамасы, яғни 1) компания өзінің тауарлары мен қызметтерін кім үшін өндіреді; 2) клиенттерге нақты қандай тауарлар мен қызметтер ұсынылады; 3) осы өнімдер қалай жасалады; 4) компания ненің есебінен пайда алады.

Slide 5

Нақты барлық бизнес бірдей болып көрінуі мүмкін, оларды ерекшеленетін бизнес-модель: бизнестің клиенттері кім, бизнес қандай өнім ұсынады, ол өз тауарын қалай өндіреді және қалай пайда түсіреді. Нәтижесінде, осы сұрақтардың жауабы клиенттер төлейтін біртұтас баға ұсынысын қалыптастырады.

Slide 6

2. ИННОВАЦИЯЛЫҚ БИЗНЕС-МОДЕЛЬДЕР

Бизнес-модель кез келген компанияда бар, бірақ, егер компания төрт аспектінің кем дегенде екеуін өзгертсе ғана, яғни нарықта қабылданған әрекеттерден тыс іс-қимылдар жасаса,, ол инновациялық болып табылады Мысалы, британдық Rolls-Royse компаниясы авиақозғағыштар шығарады. Оған ұқсас барлық компаниялар келесі схема бойынша жұмыс істейді: қозғағыштарды жасап, оларды авиакомпанияларға сатады. Rolls-Royce қозғалтқыштар емес, ұшу сағаттарын сата бастады. Яғни, авиакомпаниялар оған осы қозғалтқыш қанша сағат жұмыс істесе, соншалықты ақы төлейді. Бұл ретте қозғалтқыш Rolls-Royce меншігінде қалды және компания оған техникалық қызмет көрсету құқығын өзіне қалдырды. Демек, Rolls-Royce "не?" деген аспектіні өзгертті (компания нені сатады) - ол қозғалтқышты емес, ұшу сағаттарын және "неге?" деген аспектіні сата бастады (неге бұл пайда әкеледі) - себебі қозғағыштарға қызмет көрсетуді компанияның өзі орындайды, оған жұмсалатын шығындар азайды, ал ұшу сағаттарынан үнемі пайда түседі.

Slide 7

FlyArystan - қазақстандық бюджеттік (лоукост) авиакомпаниясы. FlyArystan Қазақстан қалаларына жолжүксіз қысқа мерзімге саяхаттайтын адамдарға қолайлы. Олар - іссапарлардағы қызметкерлер, үйіне демалуға баратын студенттер және қол жүгімен ұшуды қалайтын басқа да жолаушылар.

Билеттердің құны бірнеше факторлардың есебінен төмендетілген:

билеттерді тек онлайн сатып алуға болады;

барлық рейстер - бір бағыттағы рейстер, ауысып отыратын рейстер емес;

ұшақ салонында бірыңғай эконом класс;

әуежайларда ұшаққа жылдам қызмет көрсетіледі;

барлық билеттер тек электронды;

жүкке бөлек төлеу қажет;

борттағы тамақтануға да бөлек төленеді.

Бюджеттік әуетасымалдаушы дәстүрлі әуе компаниясынан жолаушыларға арзан бағамен билеттер ұсынуымен ерекшеленеді. Операциялық қызмет шығындарын қысқартудың арқасында бюджеттік авиакомпаниялар рейстерінің орташа бағасы 40-60 % - ға төмен. Лоукостердің бизнес-моделі дәл осыған негізделеді.

Slide 8

Элемент

Экономикалық мәні

Жаңа әуе кемелерінің бір үлгідегі паркі

Қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу шығындары қысқартылады. Қызметкерлерді қосымша оқытудың қажеті жоқ

Ауысып отырусыз қысқа қашықтыққа тікелей ұшу

Ауыстырып отырғызу билеттің құнын жоғарылатады.

Екінші дәрежелі әуежайларға ұшу

Екінші дәрежелі әуежайлардағы алымдар төмен

Ұшақтардың ауада ұзағырақ болуы

Айналымдылығы жоғары: ұшақ әуеде ұзағырақ болған сайын, компания әуежайларда алымдарды аз төлейді және жолаушылардың көбірек санын тасымалдауға болады

Сайт арқылы билеттерді тікелей сату

Билет сататын персоналға арналған шығындарды қысқарту. Сатып алушы билетті компанияның сайтында өз бетінше рәсімдейді

Барлық қосымша қызметтер бөлек төленеді

Тамақтану, багаж (қол жүгінен басқа), салондағы орынды таңдау бөлек төленеді

Қатарлар арасындағы қашықтықты қысқарту және тек бір қызмет көрсету сыныбы есебінен отыратын орындардың саны көбірек

Артқа түсірілмейтін арқалықтары бар орындықтар, қатарлар арасындағы қашықтықтардың аздығы, тек бір қызмет көрсету сыныбы отырғызу орындарының санын арттыруға мүмкіндік береді, демек, бір рейстен кіріс көбірек болады.

Ұшақтағы кеңістікті оңтайландыру және оны жарнамаға пайдалану

Ұшақтың барлық ішкі кеңістігі серіктестердің жарнамалық материалдарын орналастыру үшін қолданылады. Креслолардың арқаларында қалташалардың, терезелерде перделердің болмауы ұшақты жинап-тазалау уақытын қысқартады және сәйкесінше оның әуежайда тұрып қалу уақыты да қысқарады.

Slide 9

3. БИЗНЕС-МОДЕЛЬДІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Негізге ала отырып бизнесті өзгертуге және оны табысты етуге болатын бизнес-модельдерді трансформациялауға арналған 55 шаблон бар.

Санкт-Галлен университетінен келген Оливер Гассманның (Швейцария) басшылығымен экономистер мен талдаушылар командасы барлық инновациялық бизнес-модельдерді 55 шаблонға жеткізуге болатындығына көз жеткізу үшін мыңдаған инновациялық бизнесті тексерді. Бұл шаблондарға атаулар беріліп, олар шаблонның өзін сипаттайтын және оны бизнеске қалай қолдану керектігін түсіндіретін карталар түрінде ресімделді. Инновациялық бизнес-модельдерді шаблондау әдісі бизнестің әртүрлі салаларындағы көптеген компанияларда сынақтан өткізілді. Тәжірибе көрсеткендей, осы шаблондардың бірін өз бизнес-моделінің инновациясы үшін пайдаланған компаниялар айтарлықтай табысты болды.

Slide 10

Біз сіздермен бүгін инновациялық бизнес-модельдің 5 үлгісін ғана толығырақ қарастырамыз.

"Ұстара мен оның жүзі" бизнес-моделі

Базалық өнім арзан немесе тегін таратылады. Бұл ретте оны пайдалану үшін қажетті шығыс материалдары қымбат және жоғары табыс әкеледі. Клиенттер бастапқы жабдықты сатып алады және ұзақ жылдар бойы қосалқы бөлшектер мен сервистік қызмет алу үшін оралып отырады. Көптеген жағдайларда олар бөлшектер мен қызмет көрсетуге түпнұсқа техникаға төлеген ақшаға қарағанда көп ақша жұмсайды.

Өзгертілген аспект: "Кім?".

"Фримиум" бизнес-моделі ("Шартты түрде тегін»)

Ұсыныстың базалық нұсқасы клиенттерді тарту және кейіннен премиум-нұсқаларын сату арқылы табыс алудан үміттеніп, тегін таратылады.

"Фримиум" моделі базалық функцияларды шексіз пайдалануға тегін қол жеткізуге мүмкіндік береді және қосымша функционалдылық қажет клиенттерге ғана ақы төлетуді көздейді.

Өзгертілген аспектілер: "Кім?", "Қалай?".

"Делдалдардан бас тарту" бизнес-моделі

Модель біртекті топ өкілдері арасындағы өзара әрекеттестікке және делдалдыққа негізделген (P2P - "адамнан адамға") .

Егер сіз өнім өндіріп, оны дүкендерде сатқыңыз келсе, онда сізге өніміңіз конвейерден дүкен сөресіне өтуі үшін делдалдар арқылы жұмыс істеуге тура келеді. Делдалдарсыз жұмыс дегеніміз сіздің жеткізу тізбегінде барлығын айналып өтіп, тікелей тұтынушыларға тауарларды сатуыңызды білдіреді. Бұл шығындарды азайтуға және клиенттермен тікелей және адал қарым-қатынас құруға мүмкіндік береді.

Өзгертілген аспект: "Кім?".

"Өзіне-өзі қызмет көрсету" бизнес-моделі

Тұтынушы баға ұсынысының бір бөлігін өнімнің төмен бағасына айырбастайды. Әсіресе тұтынушылар үшін маңыздылығы азырақ, бірақ көп шығынды талап ететін процестерге жарамды. Бұл әдісті қолданудың классикалық мысалдары - тауарларды сөрелерден жеткізу, өз жобаларын жоспарлау немесе тауарлар немесе қызметтер үшін дербес есеп айырысуды жүргізу. Өзіне-өзі қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылған бизнес үнемдеу контексінде үлкен әлеуетке ие, себебі тұтынушылардың қатысуы көбінесе штаттық позициялар санының едәуір қысқаруына себеп болуы мүмкін.

Өзгертілген аспект: "Кім?".

"Жазылу» бизнес-моделі

Пайдаланушы өнімге немесе қызметке қол жеткізу үшін ай сайынғы немесе жыл сайынғы негізде тұрақты жарна төлейді.

Тұтынушылар қызметке қол жеткізгені үшін абоненттік ақы төлеуі тиіс. Бұл бизнес-модель журналдар мен газеттердің арқасында пайда болды, енді ол бағдарламалық қамтамасыз етуге, онлайн-қызметтерге қолданылуда, ал кейде қызмет көрсету саласында да пайда болады.

Өзгертілген аспектілер: "Кім?", "Қалай?".

Slide 11

4. ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ

1-тапсырма

Ал енді біз "Бизнес-модельдер" атты ойын ойнаймыз.

Екінші сабақта қалыптасқан сіздердің стартаптарыңыздың командаларына бөлініп, үшінші сабақтағы "Идея матрицасы" ойынындағы екі сөз негізінде құрылған бизнес-идеяларды есіңізге түсіресіз. Әрбір команда инновациялық бизнес-модельдердің көрсетілген бес шаблонының біреуін алады:

"Ұстара және оның жүзі»;

"Фримиум»;

"Делдалдардан бас тарту»;

"Өзіне-өзі қызмет көрсету»;

"Жазылу".

15 минуттан кейін сіз сынып алдында өз шаблоныңызды және оның негізінде жаңа бизнес-модельді ұсынуға тиіс боласыз. Ватман парағында бизнес-модельдің үшбұрышын сызып, оған өз деректеріңізді толтырыңыз. Барлық қатысушыларға көрініп тұруы үшін плакаттардың бәрін тақтаға немесе қабырғаға іліп қоюға болады. Дауыс беруді өткізгеннен кейін моделі неғұрлым инновациялық болып табылатын команда жеңеді.

Slide 12

Тақырып 2. БИЗНЕС-МОДЕЛЬДІҢ КАНВАСЫ

Lean Startup дегеніміз не;

Бизнес-модельдің арқауы

Бизнес-модельдің канвасының үлгісі;

4. Өздік жұмысқа арналған тапсырма

Slide 13

1. LEAN STARTUP ДЕГЕНІМІЗ НЕ

Біз бизнес-модель ұғымымен таныспыз. Бизнес-модельдің канвасы қалай құрылатынын қарамай тұрып, сіз үшін жаңа ұғым - үнемшіл (немесе Lean Startup) стартапты енгізу керек

Lean Startup - бұл үнемшіл өндіріс тұжырымдамасы. Стартап төтенше белгісіздік жағдайында әрекет етеді және іске қосу кезінде мұны ескеру қажет. Дамудың бастапқы кезеңінде қателіктер арқылы үйрену және негізін қалаушылардың гипотезаларын барынша тез тексеру үшін стартап икемді болып қалуы қажет, яғни ірі салымдар мен шығындарды болдырмау қажет.

Үнемшіл стартап циклы үш кезеңнен тұрады: "құру - бағалау - үйрену". Оның мәні: алдымен өнімнің ең төменгі жұмыс нұсқасын жасау, тұтынушылардың реакциясын бағалау, содан кейін шешім қабылдау, таңдалған бағытпен жүруді жалғастыру немесе бағытты өзгерту.

Негізін қалаушы Ник Суинмерннің адамдар интернетте аяқ киім сатып алады деген гипотезасынан басталған аяқ киімнің ең табысты интернет-дүкені Zappos - осындай стартаптың мысалы бола алады. Суинмерн бірнеше аяқ киім дүкендерінің ассортиментін суретке түсіріп және фотосуреттерді интернетте орналастыра отырып, өзінің болжамдарын тексеру үшін кішігірім эксперимент өткізді. Егер клиент сайтта тапсырыс қалдырса, Суинмерн жай ғана дүкеннен аяқ киімді қалыпты баға бойынша сатып алып, оны сатып алушыға жіберді.

Slide 14

2. БИЗНЕС-МОДЕЛЬДІҢ КАНВАСЫ

Lean Startup құралдарының бірі - бизнес-модельдің канвасы (business model canvas) немесе lean canvas. Бұл бизнес жұмысының негізгі компоненттері мен процестерін көрсететін көрнекі сызбасы.

Александр Остервальдер жасаған Business Model Canvas бизнесті бір парақта қарапайым және көрнекі түрде салуға көмектеседі. Шаблон бизнестің басты элементтеріболып табылатын 9 блоктан тұрады. Олармәтіндер, стикерлер, суреттер немесе видеолардыпайдалана отырып толтырылады.

Slide 15

Сонымен, бұл кесте қалай толтырылады? Шын мәнінде, өте оңай. Өз моделіңізді логикалық тізбектер арқылы құрыңыз

Slide 16

1. Басты құндылықтар

Біз клиенттің қандай проблемаларын шешеміз? Біздің ұсынысымызда не құнды?

Бұл блокта сіздің өз пайдаланушыларыңыз сатып алатын құндылықтарды атап өтуіңіз керек.

2. Тұтынушылардың сегменттері

Біз кім үшін жұмыс істейміз? Біз үшін ең маңызды клиент кім?

Осы бағанда сіз сатып алушылардың негізгі сегменттерін белгілейсіз. Бұл адамдардың барлығы кім? Олар неден қорқады? Олар не алғысы келеді? Оларға қалай әсер етуге болады?

3. Өзара әрекеттесу арналары

Біздің клиенттеріміз құндылықтарымызды қандай арналар арқылы алғысы келеді? Қазір қандай арналар арқылы алып жатыр?

4. Клиенттермен қарым-қатынас

Сегменттердің әрқайсысымен біздің қрым-қатынасымыз қандай? Олар қалай біріктірілген? Олар біз үшін қаншалықты қымбат?

5. Кіріс ағыны

Біздің клиенттеріміз қандай тауарға төлеуге дайын? Олар қазір қандай тауарға төлейді? Олар қалай төлейді? Әрбір ағынның жалпы үлесі қандай?

6. Негізгі ресурстар

Негізгі құндылықтарды құру үшін бізге қандай негізгі ресурстар қажет? Біздің тарату арналарымыз? Келесіқадам - қажетті ресурстарды анықтау.

7. Негізгі әрекеттер

Жұмыс істеу үшін бізге қандай негізгі әрекеттер қажет? Клиенттермен қарым-қатынас жасау үшін қандай негізгі әрекеттер қажет?

8. Негізгі серіктестер

Біздің негізгі серіктестеріміз қандай? Біздің негізгі жеткізушілеріміз кім? Біз олардан қандай негізгі ресурстарды аламыз?

9. Шығындар құрылымы

Бизнес-модельмен қандай маңызды шығындар байланысты? Негізгі ресурстардың қайсысы ең қымбат? Негізгі әрекеттердің қайсысы ең қымбат?

Slide 17

3. БИЗНЕС-МОДЕЛЬ КАНВАСЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Бизнес-модель канвасының қарапайым тоғыз қадамы сізге бизнес-модель құруға көмектеседі. Кестені әр түрлі толтыра аласыз. Бір адам оны басып шығарады және деректерді қолмен жазады. Мынадай стикерлерді қолдануға болады: әрқайсысында бір негізгі параметр көрсетіледі және осы стикер тиісті секторға желімделеді (түрлі-түсті стикерлерді қолдануғаболады) .

8. Негізгі серіктестер

Мұғалімдер және білім беру мекемелері; оқыту қосымшалары мен ойындарды әзірлеушілер

7. Негізгі әрекеттер

Платформа әзірлеу; серіктестерді іздеу; пайдаланушыларды тарту

1. Басты құндылықтар

Әр түрлі тақырыптарға арналған білім беру бағдарламалары мен пайдаланушының көңілін көтеретін ойындарды қамтитын, достармен бірге оқуға мүмкіндік беретін платформа

4. Клиенттермен қарым-қатынас

Балалар, жасөспірімдер, студенттер: әлеуметтік желілер, таргеттелген жарнама, жеңілдіктер, акциялар, бонустар

Компаниялар: тікелей сату, сату менеджерлері, жеңілдіктер

2. Тұтынушылардың сегменттері

Балалар, жасөспірімдер, студенттер, жастар, өз қызметкерлерін оқытуға мүдделі компаниялар

6. Негізгі ресурстар

Команда

3. Өзара әрекеттесу арналары

Онлайн-платформа, әлеуметтік желілер, мобильді қосымша

9. Шығындар құрылымы

Хакатондарға сапар, бірлескен жұмыс құралдары, сайтқа арналған хостинг, тестілеу құрылғыларын сатып алу

5. Кіріс ағыны

30 күн бойы тегін қолдану, содан кейін ақылы жазылу - айлық немесе жылдық мерзімге жазылу

Slide 18

8. Негізгі серіктестер

7. Негізгі әрекеттер

1. Басты құндылықтар

4. Клиенттермен қарым-қатынас

2. Тұтынушылардың сегменттері

6. Негізгі ресурстар

3. Өзара әрекеттесу арналары

9. Шығындар құрылымы

5. Кіріс ағыны

4. ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ

Ал енді өз стартаптарыңыздың командаларына бөлініп, өз стартап-жобаларыңызға арналған

бизнес-модельдер канвасын құрыңыз.

Slide 19

Тақырып 3. БИЗНЕС ЖОСПАР

Бизнесті жоспарлау құралы ретіндегі бизнес-жоспар;

Бизнес жоспардың негізгі бөлімдері;

Бизнес-жоспар ма, әлде бизнес-модель ме?

Өздік жұмыстың тапсырмасы

Slide 20

БИЗНЕСТІ ЖОСПАРЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ БИЗНЕС-ЖОСПАР

Бизнес-жоспар - компанияның қандай да бір коммерциялық жобаны және тұтастай компания қызметін іске асыру жөніндегі қызметінің егжей-тегжейлі әзірленген бағдарламасы.

Бизнес-жоспарды не үшін жасау керек? Әсіресе, біз әлеуметтік желілерді "отыратын" және Интернетте жұмыс істейтін цифрландыру цифрландыру дәуірінде ол не үшін қажет? PowerPoint презентациясы немесе компанияның блиц-презентациялары жеткіліксіз бе?


Ұқсас жұмыстар
Бизнес - жоспардың бөлімдері
КАНВА БИЗНЕС - МОДЕЛДЕРІ
Бизнесті сипаттау
Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес- жоспарлау
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ
Бизнесті ұйымдастыру
Маркетинг жоспары
Жобаның мәні
Бизнес жоспарлаудың құрылымы
Бизнесті жоспарлау процесінің кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz