Жануарлардың дағдылары




Презентация қосу
Адам мен жануар
мінез-қылығы туралы
түсінік

Орындаған: Анықбай А
Этология
Адам мен жануарлардың
мінез-қылығын зерттейтін ғылым.
И.П.Павлов
И.П.Павлов -жоғарғы
жүйке қызметінің
физиологиясы, мінез-
қылық туралы
ғылымның негізін
салушы. Мінез-
қылықты зерттеуде
шартты рефлекстердің
қалыптасу әдістерін
ашты. Рефлекстерге
байланысты итке
тәжірибе жасады.
И.П.Павловтың жасаған тәжірибесі

Итті бір бөлмеге кіргізіп,
лампаны жаққан кезде итке
тамақ береді, сол кезде
итте сілекей сөлі бөлінеді,
кейін осы әркетті қайталай
береді, кейіннен итте
лампаны жаққан сайын,
тамақ берілмесе де сілекей
сөлі бөліне бастайды.
Яғни, итте шартты рефлекс
пайда болды.
Жануар мінез-қылығындағы шартты
және шартсыз рефлекстер.

Шартты рефлекстерге: ізденіс, жем жеу
және жайылымда жүргендерді қайтару.
Шартсыз рефлекстерге: жұту, ұя салу,
жұмыртқы салу, ұрпақтарды
азықтандыру.
“Жануарлар да сөйлейді”
миф па әлде шынайы ма?
Ғалымдар жануарлардың бір дыбыстауы
бірнеше мағына беретіндігін айтады.
Жануарлардың сөздері –дыбыс белгісі.
Сол белгілерде бірнеше мағына бар.
Әрине, жануарлардың мінез-құлқынан
хабары жоқ адамда ара мазасыз ызыңдай
беретін болып көрінеді. Тек қана аралар
ғана емес, басқа жануарлар да дыбыс
белгілер береді.
“Сүлеймен патша барлық
жануарлардың тілін біліпті”
Осы аңызға байланысты
Австрияның әйгілі зоолог ғалымы
Конрад Лоренц: “ Сүлеймен патша
сиқырлы сақинасыз-ақ аң-
құстармен тілдесіпті десе, мен
сенер едім. Егер жануарлардың
“дабыл кодын” тіл деп есептесек,
соның “сөздігін” зерттеу арқылы
ғана адам ол тілді толық түсіне
алады. Әрине, жануар тілі адам
тіліне ұқсамайды, дегенмен де
өзінің міндеті – хабар беру, түсінісу
қызметін атқарады.
Жануарлар қалай тілдеседі?

Қаздың “га-га” дегені “тезірек, тезірек
жүріңдер дегені”. Ал, одан да ұзағырақ “га-
галаса” “мына жерде жем бар, біраз
аялдайық дегені”. Көптеген жануарлар “иіс
тілімен” сөйлеседі. Пілдер басын, тұмсығы
мен құлағын қимылдатып, ыммен сөйлеседі.
Хейфец жануарлардың мінез-қылығының
негізгі формаларын жіктеген.

Азықты қолдану арқылы жүзеге асатын мінез-
қылық. Ол азықты немесе белгілі бір өсімдікті
пайдалану кезінде, бәсекелестікте және тәбеттің әр
түрлі болуында байқалады.
Қамқорлық мінез-қылық. Ұрпақтарын қорғауда,
тәрбиелеуде, тәжірибе беруде, адамдар берген
азықты табу мен қолдану арқылы сипатталады.
Табындық мінез-қылық. Табындағы иерархиямен
және ұйқы, демалыс, белсенділік арқылы
сипатталады.
Хейфец жануарлардың мінез-қылығының
негізгі формаларын жіктеген.

Бәсекелестік мінез-қылық. Бұл табынның
мүшелеріне шабуыл жасағанда көрінеді.
Аллеломиметикалық немесе еліктеуіш мінез-
қылық.Бұл әсіресе жас төлдердің ересек
жануарлардың іс-әрекетін қайталауда көрінеді.
Зерттеулік мінез-қылық. Бұл таныс емес
түрлерге, обьектілерге ақырындап
жақындаумен сипатталады, жануар оны
қарайды, иіскелейді, жақындайды.
Инстинкт
Инстинкт – организмнің сыртқы және ішкі
тітіркендіргіштіктерге жауап ретінде пайда
болатын туа біткен реакцияларының
жиынтығы, күрделі шартсыз рефлекстер.
Инстинкт жануарлардың тіршілік
жағдайларына бейімделу формасы болып
табылады. Мысалы, үйрек балапанының
жұмыртқадан шыға салысымен суда жүзуі.
Жануарлардың дағдылары
Орыстың атақты аң үйретушісі В.Д.
Дуров өз аңдарына кітап оқытты, үй
сыпыртты, есеп шығартты және
тіпті орамалмен мұрнын сүртуге де
үйретті. Себебі, ол жануарларды
жаттықтырып, үйрету үшін әр түрлі
сигналдарды шартты рефлекстерді
жасады. Мәселен, цирк алаңына
келтірілген поездға тышқандар
топырлап міне бастайды. Кішкене
көк вагондарға сұр тышқандар, ал
қызыл вагондарға ақ тышқандар
міне бастайды. Тышқандарды
осылай уйрету ісі оларды
тамақтандыру арқылы жүргізілді.
Жануарлардың интеллектісі
Жоғары сатылы жануарлардан маймыл мен
дельфинді ақылды деп айтуға болады. Оны
маймылға жасалған эксперименттен көре
аламыз. Мысалы, маймылдың сүйікті тағамы
бананды қолы жетпейтін жерге іліп қойса,
маймыл жемісті алғысы келіп секіреді. Енді ол
жәшіктің біреуін әкеліп, үстіне шығып көреді,
бірақ қолы жетпейді. Кейін бірнеше жәшікті
әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып,
биіктеткеннен кейін қара тер болып бананды
алуға шамасы келеді.
Адам мен жануар мінез-қылығы
Ұқсастығы Айырмашылығы
Тамақтану, демалу, Тіл, сана.
инстинкт, дағды,
интеллект.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Жылқылар үшін жем
Балалар музыка студиясы, балалар музыка мектебі, өнер мектебі олардың ерекшеліктері мен айырмашылығы
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет бойынша білім берудің бес саласы- бала тәрбиесінің басты құралы
Жас ерекшеліктері психологиясының зерттеу пәні мен әдістері
Сараланған әдістер Батырдың жақсы қасиеттерін көркемдегіш құралдарды қолдану арқылы талдау
Жануарларда ойлаудың критерийлері
Оқыту үшін бағалау
Қалыптастырушы мұғалім мен оқушы бағалау бағасыз бағалау қызметін түзету
Білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру процесі
Критериалды бағалау артықшылықтары
Пәндер