Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу


Slide 1

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру»

Орындағандар: Сәбит Айгүл

Балғабаева Жансая

Керімбай Ақмейір

Рысжан Гүлсезім

Хайдар Арайлым

Есенбетова Гүлсезім

Тексерген: Оразбекова Роза

Slide 2

ХХI ғасыр - бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу

.

Slide 3

Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек», - деген екен. ХХI ғасыр - білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру - әрбір ұстаздың міндеті.

Slide 4

2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, оларға:

Slide 5

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыніске асыру нәтижесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы Халықаралық білім берудің стандартты жіктеуішіне сәйкес келтірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайта құрылымдалды.

Мамандарды үш даярлау деңгейі енгізілді:

Бакалавр

Магистрант

Ph. D докторы

Slide 6

Білім беру ұйымдарының материалдық базасы нығайтылуда.

Slide 7

Қазақстандық мектеп оқушылары TIMSS - 2007 халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысып, 36 елдің 4 сынып оқушылары арасында математика бойынша 5-орынды және жаратылыстану бойынша 11-орынды иеленді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуына зор көңіл бөлінуде. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда, республика өңірлеріндегі жоғары оқу орындары жанынан қазақ тілін оқыту орталықтары құрылды, міндетті оқыту курстары енгізілді, қазақ тілінде іс жүргізу, негізгі және орта жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту енгізілді.

Slide 8

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.

Slide 9

Іске асыру 2011 - 2020 жылдар мерзімдері

Slide 10

Бұл бағдарламаның мақсаты:

-экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

-білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;

-дағдарламалық білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз мақсаттар етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;

-педагог мамандығының беделін көтеру;

Slide 11

Бағдарламаның негізгі міндетттері:

-сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу;

-білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін қалыптастыру;

-педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту;

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту;

-білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

Slide 12

Пайдаланылған әдебиеттер:

Stud. kz.

Infourok. ru интернет ресурстары

Slide 13

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы әлеуметтік бағдарламалар
Педагогтың жеке тұлғасы
Ұлттық тәрбие, Этникалық тәрбие
Аксиология - құндылықтар туралы философиялық ілім
Тәрбиелік ортада оқушыларды әлеуметтендіру процесін басқару
Сабақтарда қолданылатын әдістер
Білімнің бәсекеге қабілеттілігі
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Қазақстан құқықтық мемлекет
Жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz