Липидтердің қызметтері


Slide 1

Липидтер. Изопренидтар

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі

Химия кафедрасы

Slide 2 Slide 3

Липидтер - бейполяр еріткіштермен (эфир,

хлороформ, бензол, алкандар т. б. ) өсімдіктер немесе жануарлар ұлпаларынан экстракция (шаймалау) арқылы бөлініп алынатынорганикалық заттар қоспасының құрамдас бөліктері.

Slide 4 Slide 5

Липидтерге майлар және май тәрізді заттар - липоидтер жатады. Липидтердің молекуласының құрамына C, H, O атомдары кіреді. Құрамындағы элементтердің байланысына және құрылымына қарай липидтер алуан түрлі болып келеді.

Барлық липидтерге тән жалпы қасиет - олардың молекулаларының полюссіздігінде (гидрофобтылығында) . Сондықтан липидтер полюссіз сұйықтықтарда: бензинде, эфирде, хлороформда жақсы, ал суда нашар ериді.

Липидтердің гидрофобты (грекше hydor - су және phobos - қорқыныш) қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі маңызы зор. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады. Фосфолипид молекуласы жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді және сыртқы ортаға жасушадағы заттарды шығармайды. Осының нәтижесінде жасушаның химиялық ортасы тұрақты болып сақталады.

Липидтердің ішінде көп таралғаны және ең негізгісі - майлар. Майлардың химиялық құрылымы күрделі болып келеді. Оның молекуласы үш атомды спирт - глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұратындығы мынадай формулада бейнеленген:

Slide 6

Липидтердің қызметтері

Липидтер барлык тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т. б.

Slide 7

Липидтердің түрлері

Құрылыс қызметі

Липидтердің суда ерімейтін қасиеті оның жасушадағы құрылыс қызметін атқаруынша мүмкіндік береді. Ұлпалардың, жасушалардың және олардың органоидтерінің мембраналары фосфолипид молекуласынан түзіледі. Сол сияқты липидтер көптеген биологиялық косылыстардың түзілуіне қатысады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Изопрен фрагменттерінен түзілген қосылыстарды изопреноидтер деп атайды.

Изопрен молекуласы α симметриялы. Оның құрамындағы метил тобы орналасқан бөлік «бас бөлік», ал метил тобынан алшақ орналасқан бөлік «құйрықша» деп аталады.

Изопреноидтар - сабындалмайтын липидтер.

Slide 11

Изопреноидтардың туындысы терпендер кейбір көмірсутектерден, құрамында оттегі бар спирттердің, альдегидтердің, кетондардың туындыларынан және 2, 3 одан да көп изопрен буындарынан құралады. Терпендердің ең маңызды тобына А, Е, К витаминдер жатады. Е мен К витаминдері құрамы бойынша убихиноиндарға ұқсас. Олар липидтермен жасуша мембраналарында тотығу тотықсыздану процестеріне қатысуымен қатар электрондарды тасымалдайды.

Стероидтар табиғатта ең көп тараған және ағзада атқаратын қызметтері әртүрлі, құрылыстары циклды болып келеді. Стероидтардың жалпы қаңқасы стеран циклопентан және пергидрофенантрен ядроларынан құралған.

Slide 12

САБЫНДАЛМАЙТЫН ЛИПИДТЕР

Сабындалмайтын липидтер қышқылдық және сілтілік ортада гидролизденбейды.

терпендер

стероидтар

Slide 13

Сабынданбайтын липидтер

Сабындалмайтын липидтерге көмірсутектер (терпендер), көмiрсутек туындысы ( жоғарғы атомды спирттар, кетондар, жоғарғы карбон қышқылдары, стероидтар) және көп басқа заттарды жатады.

Көптеген сабынданбайтын липидтерге жатады:

төменмолекулалы регуляторлар (тромбоксандар, лейкотриендар, простагландиндер, простациклин),

витаминамдер ( барлық майда еритін витаминдер D, E, F, K, A

гормонамдар (стероидты жыныс гормондары, глюкокортикоидтар және минералокортикоидтар),

өсуші гормондар (гиббереллиндер, абсцизді қышқыл, этилен),

пигменттер (каротин, ликопин),

иісті заттар (гераниол, гераниаль, ментол, мирцен)

феромондар (цитраль, грандизол) және т. б.

Slide 14

Терпендерді зерттегенде олардың молекулалары өзара «басы аяғына» ережесімен байланысқан изопрен қалдықтарынан тұратыны анықталды(изопрен ережесі, Л. Ружичка, 1921 ж. ) мысалы,

Дегенмен бұл ереже қатаң емес, яғни мұнан басқа, «басы басына» немесе «аяғы аяғына» түрімен құралған бейретті изопреноидтар д белгілі, бұл көптеген терпендер мен оларға туыстас қосылыстардың құрылысын анықтауға көмектеседі.

Slide 15

Терпендердің классификациясы (C5H8) n

Терпендер

монотерпендер (n=2)

сесквитерпендер (n=3)

дитерпендер (n=4)

тритерпендер (n=6)

тетратерпендер (n=8)

политерпендер (n>8)

ациклдық

моноциклдық

бициклдық

полициклдық

Slide 16

Монотерпендер

ациклді

моноциклді

бициклді

Гераниол

Ментол

Камфора

Slide 17

Терпендер изопреннің екі немесе одан да көп қалдықтарынан тұрады.

Құрамында екі изопрен тобы бар терпендерді - монотерпендер, үш - сесквитерпендер, төрт, алты және сегіз - ди-, үш- және тетратерпендер деп аталады.

Изопрен формуласы

Slide 18

Стеридтер дегеніміз - стеролдар мен май қышқылдарының күрделі эфирі, мал организмінде холестерол және стеридтер (холестеридтер) таралағн, сол сияқты 7- дигидрохолестерол кездеседі. Стеридтер құрамына көбінесе стерарин қышқылы, пальмитин қышқылы немесе олеин қышқылы кіреді.

Басқа липидтер сияқты, стеролдар мен стеридтерде суда ерімейді, бірақ ісінеді және тұрақты эмульция түзе алады. Олар органикалық еріткіштерде (хлороформда, эфирде, ыстық спиртте) ериді.

Стероидтар

Slide 19

Стероидтар табиғатта ең көп тараған және ағзада атқаратын қызметтері әртүрлі, құрылыстары циклды болып келеді.

Стероидтардың жалпы қаңқасы стеран циклопентан және пергидрофенантрен ядроларынан құралған.

Стероидтарға холестерин, жүрек гликозидтері, гормондар және т. б. заттар жатады.

Slide 20

Стероидтардың классификациясы

стериндер

Өт қышқылдары

Бүйрек ұсті безінің гормондары (кортикостероидтар)

Жыныс гормондары

Жүрек гликозидтерінің агликондары

Slide 21

ХОЛЕСТЕРИН

Холестерин туындылары (өт қышқылдары, гормондар, витаминдер) .

Холестерин (холестерол) стериндердің ең көп тараған өнімі. Холестерин барлық жануарлардың липидтерінде қан мен өтте болады. Ағзада бос күйінде және күрделі эфир түрінде кездеседі.

Холестерин

Slide 22
Ұқсас жұмыстар
Организмдегі липидтердің физиологиялық қызметтері
Липидтердің алмасуы
Липидтердың маңыздылығы
Биологиялық мембраналардың қызметтері
Бейтарап майлар
Май қышқылы
Көмірсулардың құрамы, құрылысы
Липидтер алмасуының сатылары
Май қышқылдарының алмасуы
Майлардың қорытылуы мен сіңу процесінің бұзылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz