Жылқының жұқпалы анемиясы орыс
Презентация қосу
ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ
АНЕМИЯСЫ
Орындаған: Нурсалимова Т.Б.
Әлібай Ұ.Л.
Тобы: ВС – 313
Тексерген: Ромашев Қ.М.
ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ
АНЕМИЯСЫНА СИПАТТАМА
Жылқының жұқпалы анемиясы /орыс. инфекционная анемия лошадей, лат.
Anemia infectiost equorum/ - қан түзу мүшелерінің закымдануы салдарынан
қаназдыққа ұшырап, дененің қызуы тұрақты немесе аумалы-төклелі көтеріліп,
дене қызынған кезде кілегейлі қабықтардың қанталап, жүрек-кан тамыр
жүйесіннің қызметінің бұзылуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Денеге енген вирусы макрофаг торшаларында көбейеді де көп мөлшерде
вириоңдар мен вирустың антигеңдері түзіледі. Оған жауап ретіңде антиденелер
пайда болады. Дерт процесі нәтижесінде макрофагтар және бірқатар басқа
да торшалар зақымданады. Вирустын тікелей торшаға әсер ететін цитолиздік
белсенділігі төмен, ал закымдану қан айналымында ұзақ уақыт болатын
антиген антидене иммундық кешенінің әсерінен болады. Эритроциттерге
жабысқан вируспен антиденелер қосылып, бұл иммунды кезеңдер комплемент
жүйесін іске қосып, гемолизге әкеп соғады. Нәтижесінде аурудың негізгі
клиникалык көрінісі анемия пайда болады. Анемияның бұдан басқа да себебі
бар. Ол дене қызуының салдарынан және макрофагтарда вирустың көбеюіне
байланысты гемопоэздін бәсендеуі. Сүйек майының функциясы сонымен қатар
темірдің жетімсіздігінен де туындайды. Сонымен бұл инфекция кезіңдегі
анемия тамырдың ішіндегі және сыртындағы эритроциттердің гемолоизге
ыдырауының және сүйек майыныңқан түзу қызметінің нашарлауының салдары.
ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР.
Жұқпалы анемияны алғаш рет 1841ж. Францияда Линье
сипаттады. Оның қоздырушысының вирус екенін Карре мен
Валле /1904/ дәлелдеді. Ауру ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасырдың басында көптеген Европа, Азия, Америка елдерінде
бар екендігі анықталды, ал 1-дүниежүзілік соғыс кезінде
Франция, Германия, Ресей сияқты мемлекеттерде жаппай етек
алды. Ол кездегі армиядағы жылқының маңыздылғына сәйкес
бұрынғы Кеңестер Одағының қызыл әскерін аурудан сау
жылқымен қамтамасыз ету үшін жан-жакты ғылыми
зерттеулер жүргізіліп, оны Я.Е.Коляков басқарып, ғылымның
бұл саласына зор үлес қосты. Соңғы жылдары жұқпалы
анемия Батые Европа, Оңтүстік Америка елдерінде, АҚШ,
Канада, Жапонияда тіркелді.
ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ
АНЕМИЯСЫ ҚОЗДЫРУШЫСЫНЫҢ
СЫРТҚЫ ОРТАҒА ТӨЗІМДІЛІГІ
Жылқылардың инфекциялық анемиясы қоздырушысының сыртқы ортаға
төзімділігі. Қоздырушысы - Equine infectious anemia retrovirus аталатын
Retroviridae тұқымдастығының Lentivirinae тұқымдас тармағына жататын
РНҚ геномды вирус. Оның басты ерекшеліктері кері транскриптаза
белсеңділігі және организмге енген соң бастапқы 4-6 сағ. ішінде ДНҚ
түзілуін тежеуші себепкерлерге сезімталдығы /бұл кезде провирустын екі
орамды ДНҚ-сы түзіледі/.
Төзімділігі. Вирус трипсиннің, РНҚ және ДНҚ ағзалардың әсеріне төзімді,
термолабильлі, 600С-та уыттылығын 30 мин. ішінде жояды. Қайнатканда 1-2
мин., күн сәулесі әсерінен 1-3 сағ. ішінде белсенділігін жоғалтады. 0-2°С-та
2 жылға дейін, глицеринде 7 ай, несеп пен садырада 2,5 айға дейін сакталады.
Зардаптанған шөп пен жайылым 9 айдан соң кауіпсіз болады. Күз-қыс
мезгілінде сұлыдағы вирус 8,5 ай өткен соң ғана зардаптылығын
жоғалтады. Қоздырушы кептіру мен шіруге төзімді. Вирус химиялык
заттардың әсеріне біршама төзімді. 2-3% калий перманганатының 20%
сөндірілген және сөндірілмеген әк ертінділері вирусты бейтараптай алмайды.
Күйдіргіш натрий мен формалиннің 2% ертінділері оның 5 мин. ішінде
белсенділігін жояды, бірақ 5 мин. өтісімен аммиак ертіндісімен қайтадан
белсенділігін қалпына келтіруге болады.
ІНДЕТТІК
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Табиғи жағдайда жұқпалы анемиямен жылқы жасына,
тұқымына қарамай ауырады. Ауруға шалдыккан кұлындар
көбінесе өліп калады.
Сонымен қатар пони, есек пен қашыр шалдығады. Есек пен
қашыр жылқы мен пониға қарағанда төзімдірек келеді де,
әдетте жітіден төмен немece созылмалы түрде ауырады.
Ауру малдан cay малға вирус әдетте қан сорушы жәңдіктер
арқылы беріледі. Вирустың берілуі бірқатар себептеріне
байланысты.
Ауру жіті өткен жағдайда жануардың қанында вирустың титрі
өте жоғары болады. Мұндай малдың қанын 0,1 мл мөлшерде
тері астына немесе көк тамырға жіберсе жылқы әсіресе құлын,
жұқпалы анемияға шалдығады. Ремиссия кезінде қаңда
вирустың титрі өте төмен болады немесе мүлде болмайды.
Ауру қоздырушысының негізгі тасымалдаушысы сона болып есептеледі. Бұл
жәңдік вирустың механикалық тасымалдаушысына жатады. Маса мен шіркейдің
анемия вирусын тасымалдаудағы маңызы оншама емес.
Жұкпалы анемияның жіті өткен кезеңінде вирус сыртқы ортаға
жануарлардың әртүрлі экскременттерімен бөлінеді. Соңдықтан ауру және
сау жылқыларды бірге ұстағанда вирус қажалған немесе сызаттанған тері
арқылы жұғуы мүмкін. Әйтсе де аурудың жанасу арқылы берілу қаупі оншама
емес.Жұқпалы анемия негізінен жаздың күні қан сорғыш жәндіктер шыққан
мезгілде байқалады.
Ал аурудың қысты күні байқалуы созылмалы өткен дерттің асқынуынан,
немесе қан құю, вакцина егу сияқты әрекеттердің нәтижесіңде болады. Бұл
індет көбінесе тұрақтанған инфекция ретінде балшықты, сазды жерлерде,
ормаңды далаларда, өзенді, нулы, кан сорғыш жәндіктері көп алқаптарда
кездеседі. Бастапкыда бірер малда ғана байқалған ауру біраздан кейін
жаппай білінуі мүмкін.
Әдетте індет басталған соң 20-30 күннен кейін ауруға шалдығу көрсеткіші ең
жоғарғы деңгейге жетеді.
Жұқпалы анемияның таралу қарқыны жоғары да, өшуі баяу өтеді. Далалы
және шөлейт аймақтарда жұкпалы анемия әдетте кең тарамайды. Мұндай жерде
індеттін шығуы ауру жылқыны әкелуден болады. Жылқылардың арасында
симптомсыз анемия вирусын алып жүру кең тараған. Оңдай жануарлардың
қанынан биопрепараттар /гипериммуңцы қан сарысуы., буаз биенің қан сарысуы/
даярлап, пайдалану індетті таратуға себеп болады.
ДЕРТТЕНУІ.
Денеге енген вирусы макрофаг торшаларында көбейеді де көп
мөлшерде вириоңдар мен вирустың антигеңдері түзіледі. Оған жауап
ретіңде антиденелер пайда болады. Дерт процесі нәтижесінде
макрофагтар және бірқатар басқа да торшалар зақымданады.
Вирустын тікелей торшаға әсер ететін цитолиздік белсенділігі төмен,
ал закымдану қан айналымында ұзақ уақыт болатын антиген антидене
иммундық кешенінің әсерінен болады.
Эритроциттерге жабысқан вируспен антиденелер қосылып, бұл
иммунды кезеңдер комплемент жүйесін іске қосып, гемолизге әкеп
соғады. Нәтижесінде аурудың негізгі клиникалык көрінісі анемия
пайда болады.
Анемияның бұдан басқа да себебі бар. Ол дене қызуының
салдарынан және макрофагтарда вирустың көбеюіне байланысты
гемопоэздін бәсендеуі.
Сүйек майының функциясы сонымен қатар темірдің жетімсіздігінен
де туындайды. Сонымен бұл инфекция кезіңдегі анемия тамырдың
ішіндегі және сыртындағы эритроциттердің гемолоизге ыдырауының
және сүйек майының қан түзу қызметінің нашарлауының салдары.
АУРУДЫҢ ӨТУІ
Аурудың жасырын кезеңі орта есеппен 10 -30 күн, кейде 5
күннен аспауы немесе 3 айға дейін созылуы мүмкін. Жұқпалы
анемияның негізгі белгілері: дененің қабынуы, гастроэнтерит,
жүректің әлсіреуі және тыныстың бұзылуы. Белгілердің біліну
ерекшеліктеріне және қарқынына қарай аурудың аса жіті, жіті,
жітіден төмен, созылмалы және жасырын түрлері болады.
Аса жіті өтуі сирек байқалады. Аурудың бұл түріне диагноз
қою қиынға соғады да, уланудан, жіті өтетін вирустық немесе
бактериялық аурулардан ажырату мүмкін бола бермейді.
Жұқпалы анемияның аса жіті өтуі іңдет алғаш байқалғанда
кездеседі. Оның жасырын кезеңі қысқа, дененің қызуы үнемі
жоғары деңгейде болып, жүректің қызметі нашарлап, тыныс
жиілеп, геморрагиялык энтерит байкалады. Ауру бірнеше
сағаттан екі тәулікке дейін созылып, өліммен аяқталады.
ЖІТІ ӨТУІ
Жіті өткенде дененің қызуы көтеріліп 40-41°С-қа жетеді. Жануар күйзеліп,
кейде аздап қозынады. Коньюнктиваны, танау мен ауыздың кілегейлі қабығын
қан кернейді. Жүректің соғысы жиілеп, ауру өршіген кезде тамыр соғысы
минутына 100-ге жетеді. Жүрек қызметінің бұзылуынан үйек тұсыңда, ұмасы
мен сирақтарында сұйықтық іркіліп, домбығу байқалады. Ауырған жылқы
басын төмен салып, күйзелісті жағдайда болады. Жүргеңде ентігіп, жүрегі
қатты соғып, сүріне береді. Әдетте тышқаншық тиіп, іші өтіп, кейде нәжісіне
қан араласады. Жемшөпті дұрыс жегенімен жылқы тез арықтайды. Аурy дами
келе көзге көрінетін кілегейлі қабықтары бозарып, ісінеді, ұсақ-ұсақ
қанталаулар байқалады. Әсіресе көздің үшінші қабағы мен тілдің астының
қанталауы жиі ұшырасады. Көз конюнктивасы алабұртып, осы ауруға тән
патогностикалық жағдайда болады.
Ауру жіті өткенде анемия тез өрбиді. Эритроциттердің саны 1 мл-де 3-2
млн., кейде 1 млн-ға дейін кемиді, қан сұйылып нашар ұйыйды,
эритроциттердің шөгуі /ЭШЖ/ жылдамдайды 15 мин. 70-80 бөлікке жетеді,
артериялық қан қысымы төмендейді.
Аса ауыр жағдайда бүйрек зақымданып, несеп шамадан тыс бөлініп, түсі
қоңыр-қошқылданып 5-10%-ға дейін белок болады.Дененің қызуы үнемі
жоғары больш, тек кейбір күңдері ғана төмендейді. Жіті өткен анемия 3-15
күнге, кейде бір айға дейін созылады.
ЖІТІДЕН ТӨМЕН ӨТУІ
Жітіден төмен өтуінің белгілері аурудың жіті өткен түрінің жалғасы
сипатты. Инфекция жіті өткенде бірнеше рет ұстамасы білінген соң,
клиникалық белгілері өшкінденіп субклиникалық түрге ауысады. Дененің
ыстығы қайтып, жүрек қызметі қалпына келіп, жануардың қоны көтеріле
бастайды. Бұл кезең бірнеше күннен бірер аптаға дейін созылады да, одан
кейін аурудың ұстамасы қайталайды.
Ремиссия кезінде жылқы сау болып көрінеді. Бірақ мұқият тексергенде
жүрек қызметінің кемістігі, күш түскенде тез шаршайтыңдығы байқалады
да, жануар тершең және сүріншек келеді. Ондай жылқыны емдеу немесе
күту аурудың қайталауыиа әкеп соғады. 2-3 ай ішінде ауру 1-2-ден 10
ретке дейін қайталануы мүмкін. Рецидивтің 3 айдан асуы сирек құбылыс.
Қайталанған кезде аурудың жіті өткен кезіндегі белгілері байқалады. Бұл
кезенде жылқының несебі мен нәжісінде қан болады. Анемия жітіден
төмен өткенде жылқы өледі, немесе ауру созылмалы түрге ауысады
өшкінденіп субклиникалық түрге ауысады. Дененің ыстығы қайтып,
жүрек қызметі қалпына келіп, жануардың қоны көтеріле бастайды. Бұл
кезең бірнеше күннен бірер аптаға дейін созылады да, одан кейін аурудың
ұстамасы қайталайды.
СОЗЫЛМАЛЫ ӨТУІ
Созылмалы өтуі көбінесе жұқпалы анемия ұзақ уақыт байқалған
шаруашылықтарда кездеседі, кейде аурудың жаңадан шыққан жерінде де
ұшырасады. Анемия созылмалы өткенде оқтын-оқтын дененің ыстығы көтеріліп,
арасында ремиссия ұзаққа созылады. Аурудың қайталануы мен оның
арасындағы ремиссия бірнеше сағаттан 5-6 күнге, кейде 2-3 аптаға созылады.
Дененің қызынуы таңертең немесе кешке ғана байқалуы мүмкін. Қызбаның
ұстамасы кезінде жүректің қозынуы күшейіп, жылқы жүдеп, қан аздық
байқалады, кейде тышқаншық тиіп, ішек-қарынның қызметі бұзылады.
Дененің қызынуы бірнеше күннен бірер айға дейін байқалмай, мұндай ұзақ
ремиссия кезінде жылқының күші қалыпты жағдайдағыдай көрінеді. Бірақта
жануар тез болдырап, күш-қуаты бара-бара төмендеп, арықтай бастайды. Егерде
күтімі жаксы болса ондай жылқыны мінуге, тіпті ипподромдағы жарысқа қосуға
да болады. Сондықтан аурудың мұндай түрін балау қиынға соғады да, асқынған
немесе жіті өткен кездерін ескеріп қана диагноз қою мүмкін болады. Созылмалы
анемиямен ауырған жылқынын қарнының секрециялык қызметі нашарлап,
сөлінде бос тұз қышқылы азайып, қышқылдығы төмеңдейді. Бұдан басқа
клиникалық белгісі ретінде көздің түбінің ноқатты немесе жолақты қанталауын
ескерген жөн. Аурудың мұндай түрі бірнеше жылға созылуы мүмкін. Жануар
әбден жүдеп барып, немесе аурудың ұстамасы байқалған кезде өледі.
ЖАСЫРЫН ӨТУІ
Жасырын өтуі көп жылдар бойы
жылқының симптомсыз вирус алып жүруінің
нәтижесі. Аурудың ара-тұра рецидиві
клиникалық белгілерінің көмескі білінуі
салдарынан байқаусыз қалуы мүмкін.
БАЛАУ
Жұқпалы анемияға диагноз індеттанулық, клиникалық, гемотологиялық, патоморфологиялық
тексерулердің нәтижесінде қойылады. Соңғы жылдары серологиялық тәсіддер кеңінен қолданыла
бастады.
Індеттік ахуалды анықтау үшін аймақта, нақтылы шаруашылықта бұрын жұқпалы анемияның
болғандығы, ауру коздырушысының бастауының және берілу тетігінің болу мүмкіндіктері,
маусымдылық және климаттық жағдайлар, қан сорғыш жәндіктердің кұрамы қарастырылады.
Байқалған аурудың клиникалық ерекшеліктері, ауруға шалдығу және өлім көрсеткіштері ескеріледі,
өткен жылдары жылқылардың ауру және өлу себептері аныкталады. Жұқпалы анемиямен жылкы
жазда және күзде ғана жаппай ауырады, ал бірен-сараң жылдың кез келген маусымыңда байқалады.
Ауру малдың жасына карамайды.
Гематологиялык тексеру кезінде гемоглобин анықталады, эритроциттер мен лейкоциттер
саналады, эритроциттердің шөгу жылдамдығы өлшенеді. Сау жылқының эритроциттер саны 5-9
млн. болса, анемия кезінде 4 млн. төмен болады, гемоглобин саны Сали бірлігінен 30-18-ге
төмендейді. Лейкоциттер саны өзгермейді, ал лимфоциттер 25-35 % орнына 60-75 % болады /6-7
айлық сау құлындарда да кейде 60 %-ке жетуі мүмкін/. Эритроциттердің шөгу жылдамдағы алғашқы
15 мин. 20 бөлікке, ал 1 сағат өткенде 80 бөлікке жетуі жұқпалы анемияға тән құбылыс деп
есептеледі. Жұкпалы анемияға лабораториялық тексеру комплемент айланыстыру реакциясы /КБР/,
иммунофлуоресценция реакциясы /ИФР/, диффузиялы преципитация реакциясы ДПР/,
гемаглютинацияны тежеу реакциясы /ГАТР/ аркылы қоздырушы вирусқа қарсы антиденелерді
анықтауға негізделген. Бұл әдістердің ішіндегі ең сенімдісі ДПР. Оның көмегімен антиденелер ауру
жұққан соң 15-20 күн ішінде айқындалады. Экспортқа шығатын, халықаралық жарыстарға
қатысатын жылқылар осы тәсілмен тексеріледі.Ерекше жағдайда жұқпалы анемияға биосынама
қойылады. Ол үшін ауруға күдікті малдың қаның сау жылқыға, әдетте құлынға жіберіп, 90 күн бойы
бакылайды. Егер ауруға тән клиникалық белгілер байқалса, немесе ДПР оң нәтиже берсе диагноз
расталды деп есептелінеді.
АЖЫРАТЫП БАЛАУ
Ажыратып балау. Жұқпалы анемияны қан паразит
ауруларынан - нутталиоз бен пироплазмоздан ажырату
қажет. Бұл аурулар қабаттасып өтуі де мүмкін.
Ажыратып балау қан жағындысын микроскоппен
тексеріп қан паразиттерін көруге негізделеді.
Лептоспироз кезінде де диагнозды анықтау қажеттігі
туады. Бұл ауру кезіндегі кілегейлі қабықтардьщ
сарғаюы күшті, несепте қан болады. Өлген малдың
ішкі мүшелерінде лептоспиралар табылады, ал ауру
малдың қанында өзіне тән антиденелер болады.
Вирустык аурулар /тұмау, жұғымтал
ринопневмонония, вирустық артерит/ жұқпалы анемияға
қарағанда жұғымтал болады, жасырын кезеңі қысқа
және әрқайсысына тән симптом комплекстері бар.
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ-
АНАТОМИЯЛЫК ӨЗГЕРІСТЕР.
Жұкпалы анемиядан өлген жылқыньң өлексесін сойғанда өлі тіюге тән өзгерістер байқалады.
Ең алдымен кілегейлі және сірі қабықтарда, үлпершек мүшелерде, көптеген ноқатты, дақты,
жолақты қанталаулар көзге түседі. Көздің, ауыздың, танаудың кілегейлі қабықтары, тері асты
шелі бозғылт түсті, кейде сарғыш тартады. Сөл түйіндері, әсіресе көкбауыр мен бауырдың,
ұлғайып, түсі қара-қошқылданып, болбырап, кескен жері бұдырмақтанып тұрады. Ауру
созылмалы өткенде көк бауыр аздап ұлғайып, іріміктеніп, тілгенде ақшыл-сұрғылт бүртіктер
көрінеді.
Бауыр анемия жіті өткеңде ұлғайып, шеті кернеліп тұрады. Ауру созылмалы өткенде
көлемі қалылты, кейде аздап атрофияға шалдығып, бөліктері айқын көрінеді. Егер жылқы
ауру асқынған кезде өлсе, бауыр өте ұлғайып, тілгенде мускат түсті болады, бөліктерінің шет
жағы сұрғылт сары, ал ортасы қызыл қоныр/.
Жүрек әдетте оң қарыншаның кеңуінен ұлғаяды, қаны сұйылады. Гистологиялық
тексеру үшін 10% формалин ертіндісіне салып, қалындығы 2 см аспайтын бауырдың,
көкбауырдың, жүректің, бүйректің кесінділерін алады. Барлық мүшелерде мононуклеарлых
фагоциттер жүйесінің белсенділік реакциясы байқалады. Бұл клеткаларда гемосидерин
қорланады. Әсіресе бауыр мен көк бауырдағы өзгерістер өзгеше болады, бауырдың
капиллярларында гистиоциттер, макрофагтар, лимфоидты торшалар шоғырланады.
Макрофагтар мен Купфер клеткаларында гемосидерин болады. Созылмалы процесс кезінде
бауыр торшалары өліеттенеді. Жіті анемия кезінде көк бауырдың қызыл пульпасы қанға
толы болады, гемосидериннің мөлшері қалыпты жағдайда, созылмалы анемия кезінде
гемосидерин азайып, кейде мүлде жоғалып кетеді. Бүйрек пен жүректің қан
тамырларының айналасы гистиоциттер мен лимфоидты торшалар шоғырланады.
ЕМІ, ДАУАЛАУ ЖӘНЕ КҮРЕСУ
ШАРАЛАРЫ.
Емдік шараларды қолданбайды. Ауру малдарды сойысқа
жібереді,
Жұқпалы анемияға қарсы сенімді вакцина жоқ. Вирустың
антигеңдік варианттары өзгеріп отырады. Бір вариантына
қарсы иммунитет баска вариантынан қорғамайды.
Ауруға қарсы шаралар ветеринариялық бақылауға
негізделген. Вирус алып жүретін жылкылар ДПР әдісімен
анықталады. Шетке шығаратын жануарлар соңғы 30 күн ішінде
осы реакциямен тексеріліп, нәтижесі сертификатта көрсетілуі
керек.Реакция беретін жануар шыққан табынға шектеу
койылып, оған шеттен жылқы әкелуге немесе әкетуге тиым
салынады. 30-40 күн сайын серологиялық тексеру жүргізіп,
реакция берген малды сояды. 2 рет қатарынан теріс нәтиже
алынған соң 3 ай табынды бақылауда қалдырып, тағы да ДПР
бойынша тексеріледі, нәтижесі теріс болса, тиісті
ветеринариялық-сантариялық шараларды жүргізген соң
шектеуді алады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz