Дәрілердің ағзада таралуы




Презентация қосу
ЗАТТАР.
ДӘРІЛІК
ЗАТТАРДЫҢ
ТҮРЛЕРІ,
ЕНГІЗУ
ЖОЛДАРЫ
ДӘРІЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

Дәрілік заттардың әр түрлі белгілеріне қарай бірнеше
жіктеулері бар:
Химиялық құрлымына қарай (мысалы фурфурол,
имидазол, пиримидин және т.б.)
Шығуына байланысты — табиғи, синтетикалық,
минералдан.
Фармакологиялық топқа
нозологиялық — аурудың түріне байланысты жіктелуі.
анатомо-терапевтік-химиялық жіктелуі (ATХ) —
халықаралық жіктелуі, препараттың фармакологиялық
тобы , химиялық табиғаты ескеріледі.
ДӘРІЛІК ЗАТТАР АЛЫНАТЫН
ШИКІЗАТТАР:
Өсімдіктер (жапырағы, шөптер, гүлдер, тұқымы,
жемістер, сабағы, тамыры) және алынатын өнімдері
(майлы және эфир майлары, шырыны, шайырлар);
Жануарлар шикізаттары — жануарлардың бездері
және ағзалары, шошқа майы, балауыз, бауыр,
қойлардың жүнінің шайыры;
Органикалық шикізат — мұнай және мұнай
өнімдері, көмір өнімдері ;
Органикалық емес өнімдері — минералдық
тұқымдар, химиялық өнеркәсіппен және
металлургияның өнімдері;
Органикалық қосылыстар — ірі химиялық
өнеркәсіптің өнімдері.
Дәрілік заттар— емдік немесе алдын алуға қасиеті бар,
химиялық қосылыстар немесе биологиялық заттар.
Дәрілік препараттар — дәрілік заттардың белгілі бір
дәрілік пішінде (формада).
Дәрілік форма (пішін) — дәрілік заттарды ауру
малдарға қабылдауға ыңғайлы формасы. Дәрілік пішінді
құру үшін көмекші пішінді құратын заттар қолданылады.
Ағзаға енгізілген дәрілік заттар торшаның
рецепторларымен әрекеттеседі, соның әсерінен торша
қызметін қоздырады немесе тежейді. Дәрілік заттардың
әсерінен торшаның физико-химиялық, биохимиялық
және биофизикалық процессін тежеу немесе қоздыруды
фармакологиялық реакция деп атаймыз.
Фармакологиялық эффект — дәрілік заттардың
әсерінен мүшелер немесе ағза жүйесінің, торша
қызметінің және метаболизімінің өзгеруі нәтижесінде
мүше және ағза жүйесінің қызметінің өзгеруіне әкеледі.
ГАЛЛОИДТАР ТОБЫ
1-5% йод – спирттік тұндырма. Хирургтың
қолын, операциялық алаңды өңдеуде, таңу
кезінде қолданылады.
Люголь ертіндісі –құрамында йод пен калий
йодиді (сулы және спирттік ертінділері) бар.
Препарат біріктірілген түрде әсер етеді.
Кетгутты залалсыздандыру үшін және
химиотерапевтік зат ретінде, қалқанша безі
ауралрын емдеуде қолданылады.
Хлорамин Б – 1-3 % ертінділер. Тұрмыстық
заттарды, резеңке құрал-саймандарды,
бөлмелерді өңдеуде қолданылады.
АНТИБАКТЕРИАЛЬДЫ ЗАТТАР
Антибиотиктер – микроорганизмдерден бөлінетін, белгілі бір
микроорганизмдердің топтарының өсіп-өнуін және дамуын тежейтін заттар.
Антибиотиктердің негізгі топтары
Пеницилиндер – пеницилиннің натрий және калий тұздары; жартылай
синтетикалық пенициллиндер-метициллин, ампициллин, амоксициллин, удемелі
әсер ететін пенициллиндер – бициллин, бициллин -3, бициллин-5; біріктірілген
пенициллиндер – ампиокс, (ампициллин+оскациллин).
Стрептомициндер-рибосомалардың қызметін, гемопоэзды тежейді, кең спектрлі
әсер етеді. Оған стрептомицин жатады.
Тетрациклиндер – кең спектрлі дәрілер, кейде асқазан-ішек жолдары қызметінің
бұзылыстарына ұшыратады: жартылай синтетикалық тетрациклиндер-
метациклин, диоксициклин.
Макролидтер - микроорганизмдерде белок синтезін бұзады; эриторомицин,
этоксид, ристомицин және т.б.
Аминогликозидтер – канамицин, гентамицин және т.б.
Левомицитиндер – левомицетин.
Рифампициндер – рифампицин, рифадин.
Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер – леворин, нистатин, низорал және т.б.
Цефалоспориндер – ципролет, цифран, уромакс.
ПРОТЕОЛИТТІК ФЕРМЕНТТЕР
Жануар тектес (трипсин, химотрипсин,
химопсин);
Өсімдік тектес (териллитин, ируксол);
Табиғаты бактериалді болып келетін
(стрептокиназа, имозимаза).
ИММУНДЫ ЗАТТАР

Ағзаның инфекцияға қарсы тұру қабілетін жоғарылататын
иммунды заттар:
белсенді иммунизация үшін- анатоксиндер;

белсенсіз иммунизация үшін-гипериммунды
антистафилококкты сарысу, сіреспеге, гангренаға қарсы
сарысулар,
бейспецификалық иммуномодуляторлар: продигиозан,
левамизол, лизоцим, тималин, интерферон, циклоферон,
ронколейкин.
ДӘРІЛЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ

Дәрілік заттарды қолданудың әр түрлі жолдары бар:
1. Таблетка
2. Суппозитория және пессарии
3. Сублингвалды қолдану (тіл астына)
4. Трансдермалды (тері арқылы)
5. Ингалятор және назальды спрей
6. Көз тамшылары
7. Венаға (в/е) енгізу
8. Интратекалды енгізу ( жұлынның қабықша астына)
9. бұлшықетке (б/е) енгізу
10. Тері астына (т/е) енгізу
ЭНТЕРАЛЬДІ ЕНГІЗУ
ЖОЛДАРЫ
Ас қорту жолдары арқылы: пероралді - peros– ауыз қуысы арқылы.
Әсер ету 30-60 мин. кейін басталады. Кейбір дәрілік заттар асқазан
сөлінің әсерінен өзінің тиімділігін төмендетеді. Бауыр арқылы өтіп,
қанға барады. Тез арада әсер ету керек болған жағдайда бұл әдіс
тиімді емес. Асқазандағы астың да әсері болуы мүмкін. Дәрілік
заттың белсенділігі азаяды.
Сублингвальді – sublingua тіл асты арқылы. Бірден қанға
барады. Бауыр арқылы өтпейді. 1-3 мин. кейін әсер етеді. Белсенді
заттар ғана тиімді әсер етеді, мысалы нитроглицирин.
Ректальды енгізу жолы - per rectum тоқ ішек арқылы. Көбінесе
суппозиторларды енгізеді. Клизма жасалынады. 15-30 мин. кейін
әсер етеді. Жергілікті немесе резорбтивті әсер етеді. Резорбтивті
әсер – бүкіл ағзаға әсер ету. Дәрілік заттар бірден қанға енеді.
Бауыр арқылы өтпейді. Суппозиторлар дене температурасымен тез
еріп, ағзаға әсер етеді.
ПАРЕНТЕРАЛЬДІ ЕНГІЗУ
ЖОЛДАРЫ . БІРДЕН ҚАНҒА ЕНГІЗУ
Тері астына – 5-15мин. кейін әсері болады. Су ерітінділері жиі қолданылады. Май
ерітінділері аз қолданылады. Жылыту керек. Суспензияны, тітіркендіргіш және
гипертоникалық заттарды енгізуге болмайды .
Бұлшық етке - әсер етуі тез, енуі толық, су ерітінділерді енгізуге болады. Майлы және
сусперзияны енгізгенде инені тамырға енгізуге болмайды. Себебі эмболия болуы
мүмкін. Тамыр бітелуі .
Көк тамырға енгізу:Енгізген арада әсері басталады. Енгізу уақыты ұзақ, себебі
тамшылатып енгіземіз. Дәрілік зат бірден қанға енеді. Гипертоникалық және
тітіркендіргіш заттарды енгізуге болады .
Субарахноидалды енгізу. Бас және жұлын миларына енгізіледі. Бұл ағзалар
геметоэнцефалды кедергімен қан системасынан бөлінеді. Бұл кедергіден кез келген
дәрілік заттар өте бермейді. Соднықтан, мидың инфекциялық дертінде – менингит
препараттар осы әдіспен енгізіледі. (sub arachnoidea – ми қабықшасының сүңгілік
бетіне енгізіледі.). тітіркендіргіш заттарды енгізуге болмайды.
Ингаляция арқылы енгізу:Inhalation - демалу. Ұшқыш газды және сұйық заттарды
наркозға енгізеді. Аэрозолдар және эфир майларының булары демалу органдары
қабынған кезде препараттарды қабынған органға енгіземіз. Парентеральды енгізу
жолдарына арналған дәрілік заттар заласыздандырылған болу керек.
Басқада парентеральды енгізу жолдары бар: ішкі артерияға , сүйек ішіне, тері үстіне,
конъюнктивады, плевраға, буынға.
Тамырларға:
Венаға - гемотрансфузия, қан шығару, қанды зерттеу;
Артериа ішіне – терминалды жағдайда, шок, қан кету,
асфиксия, электр жарақат, улану, инфекциялық
ауруларда.
Лимфа тамырына – дәрілік заттың бауыр және
бүйректен өтпес үшін қолданады.
Қуысқа:
Плевра қуысына;
Құрсақ қуысына;
Жүрек ішіне;
буынға.
Дәрілік заттардың сіңу механизімі: пассивті диффузия (липофильді
заттарға тән концентрациясына байланысты). Сүзгіден өту(судың
йонның гидрафильді молекулалардың мембранасынан өтеді). Белсенді
қозғалуы( қозғалыс системасының көмегімен), пиноцитоз( клеткалық
мембрананың инвагинациялауынан).
Дәрілердің ағзада таралуы. Біркелкі немесе біркелкі емес болуы
мүмкін. Себебі, гематоэнцефальді, гематоофталмалды және плацентарлы
бөгеттерден өтуіне байланысты. Кейбір заттар тіндерде және органдарда
жиналады. Кейбір заттар қанның белогымен байланысып, біртіндеп
бөлінеді, бұл ұзақ әсер етуді қамтамасыз етеді.
Дәрілік заттардың биотрансформациясы (айналуы) тотыққан,
тотықсызданған гидролизденген. Биотронсформация процессі бауырдын
микросомалды ферменттерінің қатысуымен жүреді. Кейбір преператтар
(фенобарбитал, рифампицин, гризеофульвин) бауыр ферменттерінің
белсенділігін арттырады, бірге косылып әсер ететін препараттардың
әсерін әлсіздетеді. Кейбір препарттар бауыр ферменттерінің
белсенділігін төмендетеді (фуразолидон, метронидазол), бұл сәтте басқа
преператтардың әсерін ұлғайтады.
Дәрілік заттардың шығу жолдары: бүйрек арқылы, бездер арқылы,
ішек арқылы, ұшқыш заттар өкпе арқылы.
ІШКЕ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ
ПРЕПАРАТТАРДЫ ҚАЛАЙ
БЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Ішке ветеринарлық препараттарды қалай беруге
болады. Ереже бойынша, бұл әдіспен мал дәрігерінің
нұсқауы бойынша үй жануарларының иелері дәріні
бере алады.
Есте сақтаңыз, дегенмен, мысықтар және кейбір иттер
бірбеткейлі және өз бетімен дәріні қабылдауға
келіспейтіні анық –сондықтан бұл процедураға
жастайынан бастап үйретуне тырысыңыз. Дәріні
бергеннен кейін жануарды сипауға ұмытпаған жөн.
Дегенмен азықпен бірге берілмейтін дәрілер де бар.
Екінші жағынан, кейбір әсіресе ызалы және ерке
жануарларға ауыз арқылы дәріні беру қиын- мұндай
жағдайда мал дәрігеріне қаратқан абзал.
ҚАТТЫ
ПРЕПАРАТТАРДЫ БЕРУ
Қатты ветеринарлық препараттар (домалақ дәрі, дәрілер, драже, капсулалар)
Бұл дәрілердің барлығын жануарға дәмді тамағымен қоса беруге болады
(мысалы, етпен).
Дәріні жеке берілуі қажет болған жағдайда, ең алдымен жылы түрде
жануармен сөйлесіп,содан кейін бір қолмен жоғарғы жақты ұстап,
мұрынның жоғары жағына басты шалқайтыңыз, ақырын ғана,бірақ сенімді
екі саусақпен құлақты жабыңыз–мұның әсерінен жануар ауызын өзі ашады
және дәріні немесе домалақ дәріні тіл түбіріне салуға тырысыңыз. Бірден
жануардың ауызын жауып және 2-3 минут мойнын өңешке қарай жұтқанша
сипалаңыз. Сонымен қатар жануар дәріні түкіріп алмас үшін басын аздап
жоғары көтеріп ұстаңыз, бүріккіш немесе инесіз шприцтің көмегімен
жануардың жағына таза суды енгізу арқылы жұтуға ынталандырады. Содан
кейін ауызын ашып дәрінің жұтылғандығына көз жеткізіңіз. Егер дәрілерді
өсімдік майына малындырса, оларды ит, мысық жеңіл жұта бастайды.
Сонымен қатар дәріні кішкентай ет тіліміне салып қоюға болады.
Егер дәрінің дәмі болмаса, оны ұсақтап азықпен бірге беруге болады.
Дегенмен бұл жағдайда кейбір дәрілердің белгілі азықпен сәйкес
келмейтінін білу қажет, сондықтан дәріні азыққа салар алдында немесе
дәріні ұсақтар алдында мал дәрігерімен кеңесу қажет.
ҰНТАҚТАРДЫ БЕРУ
Сусымалы ветеринарлық препараттар
(ұнтақтар). Біріншіде болған әрекеттерді
қайталаңыз,оның мынадай ерекшелігі ғана бар,
ең алдымен ұнтақты тіліне салып,содан кейін
ғана жануарға су береді.
Бұдан басқа, ұнатақтарды алдымен сумен
араластырып және бұлғандату қажет, немесе
сары май мен балмен араластырып және бұл
қоспаны тілге, ерін немесе тіске жағу қажет.
СҰЙЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ
ПРЕПАРАТТАРДЫ БЕРУ
Сұйық ветеринарлық препараттар (ерітінділер, тұнбалар,
қайнатпалар). Алдағыдай жоғарғы жақты ұстап тұрыңыз,
бірақ жануардың басы көлденең бағытта болуын қамтамасыз
етуге тырысыңыз. Содан кейін бір қолмен жақты ұстап,
екінші қолмен бір жақ ұртын тартып шприцтегі дәріні жоғары
және астыңғы жақтың қосылуында ауыздың бұрышын
тартқан кезінде пайда болған "қапшыққа"төгіңіз. Ауызын
жауып мойнынан өңешке қарай мысық дәріні жұтпағанша
сипалаңыз. Жануарды мадақтаңыз.
Сұйық дәрілерді сонымен қатар дәмді тағаммен бірге беруге
болады. Микстураны беру үшін жануардың басын
шалқайтпаңыз –жай ғана микстураны тіліне
тамызыңыз.Микстура мен басқа сұйық дәріні дәл солай инесіз
шприцке толтырып ұрттың тері бүкпесін тартып ауыздың
бұрышына енгізуге болады.
КӨЗГЕ АРНАЛҒАН
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ДӘРІЛЕРДІ
ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?
Көзге арналған дәрілер тамшылар мен майлар болып бөлінеді.Ең бастысы
оларды қолданғанда керек жеріне түсетінін қадағалау қажет. Мысық пен
итпен процедураға дейін және процедура үстінде сыпайы үндеп, тыныш,
абайлап дауыспен сөйлесу қажет.
Көзге арналған тамшыларды тамызу үшін,ең алдымен,тамызғыш пен қолды
жуыңыз.Содан кейін жылы суға малындырылған мақта тампонымен көздегі
ірің және бөгде бөлінділерді кетіріңіз. Содан саусақпен жоғары қабақты
жауып, ақырындап астыңғы қабақты тартып алып, көздің ішкі бұрышына
жақын кілегейлі қабатының бүкпесіне препараттың бір тамшысын
ағызыңыз (егер көп ағызатын болса,дәрі шамадан тыс ағып кетуі мүмкін)
қабақты жіберіңіз.
Дәрі біркелкі таралу үшін көз алмасының үстіңгі жағындағы қабақты аздап
сүртіңіз.Содан кейін қажет болса процедураны қайталаңыз.Соңында–
мысықты немесе итті мадақтаңыз,оған дәмді тамағын беріңіз.Тамызылған
дәрі өте салқын болмауын қадағалап байқаңыз–егер ол тоңазытқыштан
алынған болса, онда оны біраз уақыт бойы жұдырықта қысып жылыту
қажет. Мұның бәрі құлақ препараттарына да қатысты.
Көз майымен көзді жағу үшін сол процедураны
қайталаңыз, ішкі көздің ішіндегі қабақ пен көз
алмасының арасына майды жағады, содан кейін
төменгі қабақты түсіріңіз, мысықтың екі қабағын
жауып жеңіл уқалау қимылдарын жасаңыз. Бұл
процедура майдың біркелкі таралуына көмектеседі.
Егер май жеңіл басу арқылы шығарылып, арнайы
шыны түтікте шығарылмаса,онда шыны қалақты
қолданыңыз,оны алдын ала мұқият жуып қою қажет.
Тамызғыш және ішінде майы болатын түтіктің көз
алмасының беткейіне тигізілмеуін байқап
қадағалаған жөн.
Назарларыңызға
Рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Дәріні ағзаға енгізу жолдары
Жұмсақ және сұйық дәрілік түрлер
Дәрілік заттардың метаболизмі
Фармакодинамика және фармакокинетика
Токсикология мен фармакология даму жолы
Фармакогенетика түсінігі
Экогенетика және фармогенетика негіздері
Фармогенетика және экогенетика
ҰЙЫҚТАТАТЫН ДӘРІЛЕР
Майларда еритін витаминдер
Пәндер