ҚҰСТЫҢ ЛАРИНГОТРАХЕИТІ




Презентация қосу
ҚҰСТЫҢ
ЛАРИНГОТРАХЕИТІ

Орындаған: Нурса лимова Т.Б.
Төленді А.
Нурова Б.Т.
Мырзатай Б.М.
Тобы: ВС – 313
Тексерген: Сарыбаева Д.А.
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А) Ауруға жалпы сипаттама
Б) Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары
В) Құс шаруашылықтарын тазарту әдістері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
• Жұқпалы ларинготрахеит /орыс. Инфекционный ларинготрахеит,
лат. Laringotracheitis infectiosa ағыл. Laringotracheitis/ - катарлы
және фибринді-геморрагиялық ринит, трахеит, коньюнктивит,
тыныстың тарылуымен сипатталатын жұғымтал ауру.
• Ауруды алғаш рет АҚШ-та Мей және Титслер (1925) сипаттады.
Бірақ одан кейін де жұқпалы бронхиттен ажыратылмады.Бұл екі
аурудың дербестігін Бигс бастаған ғалымдар (1930) дәлелдеді.
• Қоздырушысы – Gallid (alpha) herpesvirus 1 құрамында ДНҚ бар
герписвирустар туыстастығына жатады. 9-12 күндік тауық
эмбрионының хориоалантоис қабығында, торша өсіндерінде
өсіріледі. Табиғатта вирустың уыттылығы жоғары штамдарымен
қатар уыттылығы төмен штамдары да айналымда болады.
Төзімділігі
• Вирус жылыға өте сезімтал, зарарсыздандыратын ерітінділерге.
• + 55 10-15 минутта, термостатта жұмыртқаның қауызында 12
сағатта вирус өзінің белсенділігін жояды. Вирус төменгі
температурада ұзаққа өзінің белсенділігн сақтайды. Минус 20-60
және леофильденген жағдайда ұзаққа сақталады. Құс
фабрикасында 9 күнге дейін, зағадатта 10 градуста 370 күнге
дейін сақталады. 1 % күйдіргіш натрий ерітіндісі және
креозолдың 3% ерітіндісі 30 сағаттың ішінде бейтарптайды.
Індеттік ерекшеліктері
• .Табиғи жағдайда жұқпалы ларинготрахеитпен тауық, қырғауыл,
күрке тауық және мысыр тауығы ауырады. Қолдан жұқтыру вирусты
жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтарына, коньюнктиваға
жібереді, ал өздігінен аэрогендік жолмен жұғады. Ауру
қоздырушысының бастауы ауру және ауырып жазылған ( 2 жылға
дейін вирус алып жүреді ) құстар. Олар қоздырушыны секреттерімен
тыныс жолы арқылы бөліп шығарады. Зарарланған ауа, су, жем,
құрал-жабдықтар жұқтыру факторлары болып табылады. Қан сорғыш
жәндіктер вирустың қорламасы ролін атқарады.
• Жұқпалы ларинготрахеит иммунитеті жоқ құстардың арасында індет
ретінде қаулайды. Тұрақты сау емес шаруашылықтарда иммунитеті
жоқ жас құстардың жеке топтары ғана ауырады. Індет ошағының
тұрақтануына вирус алып жүрудің ұзақ мерзімі мен құстың бір
партиясымен екіншісін алмастырғанда үзіліс жасамай санитариялық
реттілікті бұзу себеп болады.
Дерттенуі және патологиялық – анатомиялық
өзгерістер.
• Жұқпалы ларинготрахеиттің вирусы тыныс жолдарының
эпителийіне әуес. Осы ұлпада тез көбейіп, қабыну процестерін тез
тудырады. Нәтижесінде кеңірдектің ішінде қан мен фибрин
араласқан қоймалжың кілегейлі экссудат пайда болады. Эпителий
ұлпасынан вирус қан арқылы басқа мүшелерге де жетеді, бірақ
онда, әдетте, дерттену байқалмайды. Вирус ұзақ уақыт кеңірдек
пен көмекейдің кілегейлі қабығында сақталады.
• Аурудың ларинготрахеиттік түрі кезінде көмейдің ішінде
тығыздалған казеозды бөлінділер, ал тыныс жолдырының өне
бойында кеңірдек пен бронхаларды бітеген кілегейлі қан аралас
ұйынды болады. Тілдің түбінде фибринді қабыршық кездеседі.
Үлпершек ағзаларда қан іркіледі, жүрек кеңіп, ішек пен
клоаканың кілегейлі қабықтары қабынады.
Балау
• Ауру құстардан зертханаға кеңірдектен алынған сұйықтықты, қан
сарысуын жібереді. Өлген құсттың өңешін, кеңірдек, өкпе
кесінділерін жібереді.
• Вирустың индикациясы: Вирусты 9-12 күндік ТЭ , ХАҚ , Клеткка
өсіндісіне себеді. Тауық балапандарына биосынама қояды, ИФТ
әдісінің тура әдісін қою арқылы вирустың түрін немесе оларға қарсы
түзілген антиденелерді анықтайды. Зағадаттан жағынды жасап,
вирусқа тәнді вирус денешіктерін табу арқылы.
• Вирустың идентификкациясы: ДПР, БР қолданылады.
• Ретроспективті балау: Ауру құстан жұп қан сарысуын БР, ДПР,
тексеріп, ИЛТ вирусына қарсы пайда болған антиденелерді анықтау.
• Басқа аурулардан ажырату: ИЛТ құстардың инфекциялық
бронхитінен, Ньюкасл ауруынан, шешек дифферитінен, тұмаудан,
пастереллезден, респираторлы микоплазмадан ажырату керек.
Өтуі мен симптомдары
• .Жасырын кезеңі 2-20 күн. Ауру жіті, жітіден төмен және созылмалы өтіп,
ларинготрахеитті және коньюнктивитті түрде білінеді.
• Ларинготрахеитті түрі жіті өтеді. Ауырған тауық күйзеліп, тәбеті
болмайды, қозғалысы шектеледі. Өз еркімен отырған құс қырылдаған,
шиқылдаған үздік-үздік дыбыс шығарады. Көмейі мен кеңірдектің
экссудатпен бітелуі тынысына бөгет болып, құс аузын ашып дем алады.
Құс жөтеліп, басын сілкіп, экссудат шығарады. кейде көмейіңде
іріміктенген фибринді бөлінді іркіліп қалады. Ауырған тауық
жұмыртқалауын тоқтатады. Жіті өткенде өлім көрсеткіші 10-60 %-ке
жетеді. Ауру жітіден төмен және созылмалы өткенде респираторлық
синдром онша байқалмайды, оқтын-оқтын құстың жағдайы жақсарып,
қалпына келеді.
• Жұқпалы ларинготрахеиттің коньюнктивиттік түрі кейбір
шаруашылықтарда балапандарда байқалады. 10-15 күндік балапандардың
бастапқыда бірең-сараңы, кейіннен барлығы ауырады. Негізгі клиникалық
белгілері - көздің кілегейлі қабықтарында қан іркіліп, қабақтары ісініп,
көздері жұмылып, жарыққа қарай алмай, жас ағады.
ЖЛТ-ті алдын алуға арналған қажетті шаралар:
• ЖЛТ-ті алдын алуға арналған қажетті шаралар:
• I) құс топтары инкубациялық жұмыртқалармен жеке тәулік
балапандармен тек қана ЖЛТ-тен таза шаруашылықтардан
толықтырылады;
• 2) құстардың әртүрлі жастағы топтары аумақтық ерекшеленіп алынған
аймақтарға орналастырылады;
• 3) құс қораларға бірдей жастағы құстарды толықтыру;
• 4)бөлмелерге мұқият тазарту және дезинфекция жүргізе отырып, цикл
аралық алдын алу үзілістері сақталуы қажет;
• 5)тасымалдап әкелінетін асыл тұқымды жұмыртқаларды, ыдыстарды және
оларды жеткізуге қолданатын көлікті және де киімді, аяқ киімді,
жүргізуші және алып келуші адамдардың қолдары дезинфекцияланады;
• 6)құс шаруашылығына тасып әкелінетін меншік аналық топтан алынған
жұмыртқаларға және асылтұқымды жұмыртқаларға бөлініп алынған
инкубацияны қамтамасыз ету;
• 7)шаруашылықтьң басқа құстарынан бөлек, тасып әкелінген
жұмыртқадан алынған тәуліктік балапандарды өсіру.
Құстардың ларинготрахеитін алдын алу
үшін қолданылатын тірі вакцина
Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары
• ЖЛТ ауруына күдік пайда болған жағдайда, ветеринариялық зертханаға аурудың бастапқы сатысындағы
клиникалық ауру құстардың 4-5 бас сандарын және жаңа мәйіттерін зерттеуге жібереді. Бір мезгілде
аурудың таралып кетпеуіне жол бермеу шараларын қолданады.
• Құстардың ЖЛТ ауруы анықталған жағдайда, құс шаруашылығы осы ауру бойынша таза емес болып
жарияланады және бұл жерге шектеу енгізіледі.
• Шектеу енгізу кезінде тиым салынатыны:
• 1) құс шаруашылығының ішінде аурудың оты өршіккен кезде құстарды бір орыннан келесі орынға
ауыстыруға;
• 2) аурудан таза емес құс шаруашылығына құстардың барлық жастағыларын тасымалдап апаруға және
олардан тасымалдап шығаруға;
• 3) инкубациялық жұмыртқаларды басқа құс шаруашылығына тасымалдауға;
• 4) құс шаруашылығының ішінде аурудан таза емес құс қораларынан алынған жұмыртқаларды
инкубациялауға қолдануға;
• 5) азықтарды, жабдықтарды және құрал-саймандарды аурудан таза емес өндірістік бөлмелерден және
аурудан таза емес құс шаруашылығы аумақтарынан тасымалдап шығаруға;
• 6) аурудан таза емес бөлімдерден, ошақтан алынған жұмыртқаларды құс шаруашылығының жұмыртқа
қоймасына тасымалдауға және қалауға;
• 7) аурудан таза емес құс шаруашылығының аумағына және оның аумағынан адамдардың толық
санитариялық өнделуінсіз және киімдерін және аяқ киімдерін ауыстырмай өтулеріне.
• 8) құс шаруашылығының аурудан таза емес кезеңінде рұқсат етілетіні:
• 9) аурудан таза емес бөлімнен ас жұмыртқаларына дезинфекция жасалғаннан кейін сауда көздеріне
облыс көлемінде тасымалдап шығаруға;
• Аурудан таза құс қораларынан алынған жұмыртқаларды ішкі шаруашылық
мақсатына қолдану үшін инкубациялау, формальдегидтің ерітіндісімен жүргізілген
аэрозольдық дезинфекциядан кейін, схема бойынша: бірінші жолы -
жұмыртқалағаннан кейін 1,5-2 сағаттан кем емес уақытта, екінші -арнайы
автомашинадағы ыдыста қорапталған күйінде немесе инкубаторияның
дезинфекциялық камерасында, үшінші - инкубаторға қаланардың алдында
таңдалып алынғаннан кейін; төртінші - инкубацияның басталуынан 6 сағат
өткеннен соң;
• Құс шаруашылығында сою цехы болмаған кезде, облыстың мемлекеттік
ветеринариялық қадағалау мекемесінің рұқсатымен, аурудан таза құс қораларынан
жоспарлы түрде етке союға жататын құстарды, құс етін қайта өңдеуші
кәсіпорындарына тасымалдауға.
• Құс шаруашылығында құстардың ЖЛТ алғаш рет пайда болған кезде, аурудың
таралуына жол бермеу мақсатында аурудан таза емес құс қорасындағы барлық
құстар етке сойылады. Бұндай жағдайда сыртқы ортадағы аурудың қоздырғышын
жоюды қамтамасыз ететін барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар
жүргізіледі.
• Ауру басқа құс қораларына таралған жағдайда, мұқият таңдау жүргізіледі және құс
шаруашылығының санитариялық сою цехында ауру және әлсіз құстар етке
сойылады.
• Барлық клиникалық сау құстарды ЖЛТ қарсы вакцинасымен, қолдану сәйкес
иммунизациялайды.
• Құс шаруашылығында құстарды азықтандыруды және ұстауды
жақсартады, рационға антистресстік препараттар (қоспаларды)
енгізіледі.
• Әрбір құс қорасына қызмет атқарушы адамдар тағайындалады, олар
жұмыс киімімен, арнайы аяқ киіммен, дезинфекциялаушы заттармен
қамтамасыз етіледі.
• Құстарды сою, ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай
отырып, ветеринариялық маманның бақылауымен, соңынан сойылған
жерге, құрал-саймандарға және жабдықтарға дезинфекция жүргізіледі.
• Құстардың ЖЛТ бойынша, ауру құстың сойылуынан соңғы
жағдайынан соң немесе ауырып жазылған құстардан кейін 2 ай
өткеннен соң және қорытынды ветеринариялық-санитариялық
шаралар жүргізілгеннен кейін, шектеу құс шаруашылығынан алынады.
• Шектеу алынғаннан кейін, ЖЛТ қарсы құстарын вакцинацияланған
асыл тұқымды құс шаруашылығына, асыл тұқымды жұмыртқаларды
формальдегидтің буымен міндетті түрде 3-реттік дезинфекциялағаннан
кейін барлық категориядағы шарушылықтарға сатуға рұқсат етіледі.
Барлық жастағы құстарды сатуға тек қана, құстарды ЖЛТ қарсы егетін
құс шаруашылығына ғана рұқсат етіледі.
Құс шаруашылықтарын тазарту әдістері
Аурудан таза емес құс қораларында құстарды сойғаннан алынған түк-
мамықтары және қауырсындары келесі тәсілдермен
дезинфекцияланады:
• 1) ыстық ауамен - кептіргіш қондырғыларда 85-90 С температурада 20
мин. бойы,
• 2)3%-ті формальдегидтің ыстық (45-50 С) ерітіндісінде арнайы
ыңғайлы ыдыста 30 мин. бойы;
• 3)ыстық суда (85-90 С) арнайы ыңғайлы металдан жасалған ыдыста 20
мин бойы;
• 4)түк-мамықтарын және қауырсындарын формальдегидтің
ерітіндісімен немесе ыстық сумен дезинфекциялағаннан кейін түк-
мамықтарын және қауырсындарын ылғалдан сығып алып және
кептіргіш қондырғыларда кептіреді.
• Құс шаруашылығының ЖЛТ таза емес кезеңі кезінде мұқият
механикалық тазарту, және де аурудан таза емес құс қораларына,
инкубаторияларға, қосалқы бөлмелерге, құрал-саймандарға және
жабдықтарға, өндірістік аумақтарға, көлік заттарына және басқа
нысандарға күнделікті және қорытынды дезинфекция, дезинсекция және
дератизация жүргізіледі.
• Құстарды және жұмыртқаларды тасымалдауға арналған ағаш
жәшіктерді, контейнерлерді дезинфекциялау үшін натрийдың 2% ыстық
ерітіндісін немесе формальдегидтің 1-2%-ті ерітіндісін қолданады. Ағаш
ыды-старды кальцийленген соданың 5%-қ ыстық ерітіндісімен немесе
натрийдың 2% -ыстық ерітіндісімен дезинфекциялайды. Металдан
дайындалған ыдыстарды кальцийленген соданың 5%-қ ыстық
ерітіндісімен зарарсыздандырады.. Дезинфекция жүргізілгеннен кейін
оларды мұқият сумен жуады.
• Құстардан босап бос тұрған бөлмелерге дымқыл дезинфекция жүргізу
үшін, келесі препараттардың бірін қолданады: натрийдың 2%-қ ыстық
ерітіндісі, формальдегидтің 2%-ті ерітіндісі, 2%-ті белсенді хлордан
тұратын хлорлы известің ашық ерітіндісі, жаңа сөндірілген известің
20%-қ қою сұйығы (арасы 1 сағ- 2 рет ақтау жолымен), кальцийленген
соданың 10%қи-нәжісті және терең төсенішті қи-нәжіс сақтағышқа
Қорытынды
• Құс еті қайта өңдеуші кәсіпорындарында құстардың ЖЛТ пайда болған
жағдайда, кәсіпорындағы барлық құстар етке сойылады. Мұндай кезде бұл
кәсіпорынға жаңадан келіп түсетін құстарды тасымалдап әкелуге тек қана,
барлық үй шаруашылығы өнімдері сатылып болғаннан кейін және барлық
қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар (бөлмелерге және аумаққа
механикалық тазарту, дезинфекция, дезинсекция, дератизаиия, құрал-
саймандарға және жабдықтарға дезинфекция) жүргізілгеннен кейін рұқсат
етіледі.
• Құстардың ЖЛТ бойынша, ауру құстың сойылуынан соңғы жағдайынан соң
немесе ауырып жазылған құстардан кейін 2 ай өткеннен соң және қорытынды
ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізілгеннен кейін, шектеу құс
шаруашылығынан алынады.
• Шектеу алынғаннан кейін, ЖЛТ қарсы құстарын вакцинацияланған асыл
тұқымды құс шаруашылығына, асыл тұқымды жұмыртқаларды
формальдегидтің буымен міндетті түрде 3-реттік дезинфекциялағаннан кейін
барлық категориядағы шарушылықтарға сатуға рұқсат етіледі. Барлық жастағы
құстарды сатуға тек қана, құстарды ЖЛТ қарсы егетін құс шаруашылығына
ғана рұқсат етіледі.
Пайдаланылған әдебиет тізімі
• 1. Орлов Ф.М. Малоизученные заразные болезни животных. Москва, Колос, 1973.
• 2. Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов, их
• стандартизация и сертификация. Т. 1,2,3. Издательство «CREDOS». Алматы, 2008г., под
• редакцией Н.Ф. Шуклина.
• 3. М.Ф. Боровков, В.П. Фролов, С.А. Серко. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами
• технологии и стандартизации продуктов животноводства. Издательство «Лань». Санкт-
• Петербург – Москва, Краснодар, 2007г.
• 4. Житенко П.В., Боровков М.Ф. Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов
• животноводства. М., «Колос», 2000г.
• 5. Макаров В.А., Боровков М.Ф., Ермолаев А.П. и др. Практикум по ветеринарно-
санитарной
• экспертизе. Учебное пособие. М., «Агропромиздат», 1987г.
• 6. Макаров В.А., Фролов В.П., Шуклин Н.Ф. Ветеринарно-санитарная экспертиза с
основами
• технологии и стандартизации продуктов животноводства. М., Агропромиздат, 1991г.
• 7. Шуклин Н.Ф., Елемесов К.Е., Кырыкбайулы С.К. и др. Ветеринарно-санитарная
экспертиза,
• стандартизация и сертификация продуктов. Т. 1,2. Алматы, 2002-2003гг.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті, жұқпалы бронхиті, вирусты гепатиті
Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті, жұқпралы бронхиті, вирусты гепатиті, синуситі, тұмауы, орнитозы
ҚҰС ТҰМАУЫ
Нъюкасл ауруы, белгілері
Құс етін жібіту
Құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Тауық жұмыртқасының құрылысы
Құс шаруашылығы. Құс өсірудің әдісі
ШОШҚАНЫ АЗЫҚТАНДЫРУ
Құстар жайлы жалпы сипаттама
Пәндер